InControl Remote іске қосу

INCONTROL ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН, САТЫП АЛЫП ҚОЙҒАН INCONTROL СЕРВИСТЕРІН ІСКЕ ҚОСУ ҚАЖЕТ
InControl Remote іске қосу
1-ҚАДАМ

1-ҚАДАМ

My Land Rover InControl веб-сайтына кіріп, тіркеуге арналған электрондық хат жіберілетін электрондық поштаңыздың мекенжайын көрсетіңіз. Электрондық хаттағы қорғалған сілтемені басып, экрандағы баптау бойынша нұсқауларды орындаңыз.
2-ҚАДАМ

2-ҚАДАМ

Сосын сізден Land Rover автокөлігіңізді есептік жазбаңызға тіркеп, оның иесі әрі пайдалануға құзыретті екеніңізді растауды сұрайды. Бұл үшін сіз 60 минут ішінде автокөлігіңізге кіріп, баптауды аяқтауыңыз керек. Олай болмаса, үдерісті басынан бастауға тура келеді.
3-ҚАДАМ

3-ҚАДАМ

Автокөліктің деректерін енгізіп, заңды талаптарды қабылдауыңыз керек. Сондай-ақ сіз «Бағыттар» функциясын қоса аласыз.

MY LAND ROVER INCONTROL ВЕБ-САЙТЫ

Деректеріңізді өзгерту үшін, автокөліктерді қосу не өшіру үшін, баптауларды және бағыттарды басқару үшін, сондай-ақ басқа да операцияларды орындау үшін сол есептік жазбаңыз арқылы My Land Rover InControl жүйесіне кіріңіз.

ЕСЕПТІК ЖАЗБАҒА АВТОКӨЛІКТІ ҚОСУ

ЕСЕПТІК ЖАЗБАҒА АВТОКӨЛІКТІ ҚОСУ

Процедураны бастамас бұрын, автокөлігіңізге кіруге болатынына, оның желі жақсы ұстайтын алаңда тұраққа қойылғанына және тіркеу нөмірі қолыңызда екеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ сізге алдыңғы әйнектің сол жақ астында немесе автокөлікті пайдалану нұсқаулығында таба алатын VIN (автокөліктің идентификациялық нөмірі) қажет болады.

Есептік жазбаға автокөлікті қосу үшін, оған кіріп «Автокөлікті қосу» қойыншасына өтіңіз. Автокөлікті есептік жазбаңызға қосу үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
АВТОКӨЛІКТІ ЕСЕПТІК ЖАЗБАДАН ЖОЮ

АВТОКӨЛІКТІ ЕСЕПТІК ЖАЗБАДАН ЖОЮ

Автокөлікті жеке тәртіппен қайта сатқанда немесе иесі ауысқанда, автокөлікті InControl есептік жазбаңыздан алып тастауыңыз керек. Бұл үшін My Land Rover InControl жүйесіне кіріңіз, «Автокөлік баптаулары» қойыншасына өтіңіз және «Автокөлікті жою» түймесін басыңыз.

Сізде InControl қызметіне бас тартылмаған жазылымыңыз болса, ол жаңа көлік иесі InControl есептік жазбасын баптайды деген талаппен жазылымның қалған уақытында автокөліктің жаңа иесіне беріледі.

LAND ROVER INCONTROL ҚОЛДАУЫ

MY LAND ROVER INCONTROL ВЕБ-САЙТЫ

MY LAND ROVER INCONTROL ВЕБ-САЙТЫ

Өз парақшаңызды құрып, InControl жүйесінің теңшелімдері мен функцияларын басқару үшін My Land Rover InControl сайтына кіріңіз.
LAND ROVER INCONTROL ҚОЛДАУЫ

LAND ROVER INCONTROL ҚОЛДАУЫ

Біз кез келген сұрақтарға жауап беруге және Land Rover InControl туралы толығырақ мәлімет беруге қуаныштымыз.
ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР

ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР

Land Rover inControl ережелері мен талаптары бар құжаттармен, сондай-ақ құпиялылық саясатымен еліңізге арналған Land Rover веб-сайтында танысуға болады.

InControl жүйесінің сипатталған кейбір функциялары қосымша болуы мүмкін немесе кейбір нарықтарда және белгілі бір қозғалтқыштармен автокөліктерде қолжетімсіз болуы мүмкін. Функциялардың болуы және толық талаптар туралы ақпаратты Land Rover ресми дилерінен нақтылап алыңыз. Кейбір функцияларды пайдалану үшін сәйкес тарифі бар тиісті SIM-картаны пайдалану талап етіледі. Дилеріңіз бастапқыда ұсынған мерзім аяқталғанда жазылым мерзімін ұзарту керек. Ұялы желі барлық жерде болатынына кепілдік жоқ.