INCONTROL ҚОЛДАНБАСЫ

INCONTROL ҚОЛДАНБАСЫ

INCONTROL APPS ҚОЛДАНБАЛАРЫН ОРНАТУ

1-ҚАДАМ

1-ҚАДАМ

InControl Apps қолданбалары Android және Apple iOS базасындағы көптеген смартфондар үшін қолжетімді. Құрылғыларыңызбен үйлесетінін тексеріңіз.
2-ҚАДАМ

2-ҚАДАМ

InControl Apps қосу модулін жүктеп алып, оны өз смартфоныңызға орнатыңыз. Процедураны сәтті аяқтап, қосымшаны ашыңыз.
3-ҚАДАМ

3-ҚАДАМ

Сізге пайдаланушының қысқаша нұсқаулығындағы нұсқауларды орындай отырып, баптауды аяқтау ұсынылады. Енді сіз InControl Apps арқылы смартфонды автокөлікке қоса аласыз.

ӨЗ СМАРТФОНЫҢЫЗДЫ INCONTROL APPS ҚОЛДАНБАСЫНА ҚОСУ

1-ҚАДАМ — ТЕК ANDROID ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ҮШІН

1-ҚАДАМ — ТЕК ANDROID ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ҮШІН

Android базасындағы құрылғылар үшін: алдымен өз смартфоныңызды Bluetooth арқылы Land Rover автокөлігіне қосыңыз (бұл телефон қоңыраулары үшін және аудионы ағындық беру үшін қажет). iOS базасындағы құрылғылар үшін бұл қадам талап етілмейді.
2-ҚАДАМ

2-ҚАДАМ

Құрылғыңыздың бұғаттан шығарылғанына, қабы немесе экранның қақпағы ашық тұрғанына көз жеткізіңіз (олардың кейбірі жабық күйінде телефонды автоматты түрде бұғаттайды).
3-ҚАДАМ

3-ҚАДАМ

Қосатын USB-сым арқылы смартфонды автокөліктің USB-портына қосыңыз.
4-ҚАДАМ

4-ҚАДАМ

Егер iPhone құрылғысын пайдалансаңыз, ал InControl Apps қосымшасы әлі қосылмаған болса, сізге оны ашу ұсынылады. Android базасындағы телефонды пайдалансаңыз, белгілі бір көмек хабарламасын алған кезде «Әрдайым рұқсат етемін» дегенді таңдап, алдағы уақытта бұл қадамды айналып өтуге болады.
5-ҚАДАМ

5-ҚАДАМ

Серсорлы экраннан InControl Apps дегенді таңдаңыз. Land Rover-дің келісім беру рәсімінен өткен InControl Apps қолданбаларын ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл қосымшалардың кейбірі жазылым бойынша қолжетімді болуы мүмкін.
6-ҚАДАМ

6-ҚАДАМ

Сенсорлы экранда жаңа нұсқау көрсетіледі. «Қарау» нұсқасын (аудио қамтылмайтын қолданбалар үшін) немесе «Қарау және тыңдау» нұсқасын (музыкалық плеер немесе телефон сияқты аудионы қамтитын қолданбаларды пайдалану үшін) таңдау керек болады.

APPLE IOS ҮШІН ҚАУІПСІЗДІК ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖАҢАРТУЛАРЫ

iOS 9 және жоғары нұсқаларының қауіпсіздік функцияларының соңғы жаңартуларының нәтижесінде автокөлігіңізде барлық үйлесімді InControl Apps қолданбаларын іске қосу үшін тағы бір қадам — бекіту қадамын орындау талап етіледі. Толығырақ ақпарат InControl Connect бойынша жиі қойылатын сұрақтар қамтылған бөлімнің «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету функцияларын жаңарту» тармағында берілген.

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАҢА ФУНКЦИЯЛАРЫ

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАҢА ФУНКЦИЯЛАРЫ

Қосу үшін рұқсат талап етілетін қолданбалар сұр түспен белгіленгенін және осы процедураны аяқтаған сәтке дейін қосылмаған күйінде болатынын өзіңіз байқайсыз.
РҰҚСАТТАР

РҰҚСАТТАР

Land Rover автокөлігіңіздің сенсорлы экранынан ашқыңыз келетін, сұр түспен белгіленген қолданбаны таңдаңыз да, экранның сол жақ бөлігіне шығарылған нұсқауларды орындаңыз. Бұл процедураны орындаған кезде, сізге өз смартфоныңыздан рұқсат беру екі рет ұсынылады. Сізге әр қолданба үшін бұл процедурадан тек бір рет қана өту керек болады.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Смартфоныңызға орнатылған бағдарламалық қамсыздандыру ең соңғы нұсқада болмауы мүмкін. Жаңартулардың бар-жоғын тексеру үшін смартфоныңыздың «Баптау» мәзіріне өтіңіз.

LAND ROVER INCONTROL ҚОЛДАУЫ

INCONTROL ҚОЛДАНБАСЫ

INCONTROL ҚОЛДАНБАСЫ

InControl Apps — мобильді құрылғыны USB-портқа қосқан кезде мультимедиялық контентті ағынды жіберуді, бұлттық және геолокациялық технологияларды және басқа да функцияларды қолдайтын интерактивті қолданбаларды автокөлікте пайдалануға арналған оңтайландырылған жиынтық.
LAND ROVER INCONTROL ҚОЛДАУЫ

LAND ROVER INCONTROL ҚОЛДАУЫ

Біз кез келген сұрақтарға жауап беруге және Land Rover InControl туралы толығырақ мәлімет беруге қуаныштымыз.
ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР

ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР

Land Rover inControl ережелері мен талаптары бар құжаттармен, сондай-ақ құпиялылық саясатымен еліңізге арналған Land Rover веб-сайтында танысуға болады.

InControl жүйесінің сипатталған функцияларының кейбіреулері опционалдық болуы немесе белгілі қозғалтқыштары бар кейбір нарықтар мен автокөліктер үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Қолжетімділік пен толық шарттар туралы ақпаратты Land Rover дилеріңізден нақтылаңыз. Кейбір функциялар қолайлы тарифі бар тиісті SIM-карталарды қолдануды талап етеді. Дилеріңіз ұсынған бастапқы мерзім аяқталған соң жазылымды ұзарту қажет. Ұялы желінің барлық жерде қолжетімді болуына кепілдік берілмейді.