INCONTROL PRO ҚЫЗМЕТТЕРІН ОРНАТУ

INCONTROL PRO ҚЫЗМЕТТЕРІН ОРНАТУ

ЖАҚСАРТЫЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР

InControl Connect Pro опциялар пакетіне кіретін InControl Pro Services жүйесі навигация үшін, ақпарат пен ойын-сауық алу үшін, сондай-ақ InControl Touch Pro жүйесін қосу үшін бірқатар жетілдірілген мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Pro Services қызметін баптау үшін төменде берілген нұсқауларды орындаңыз.

БАЙЛАНЫСТЫ ҚОСУ

InControl Pro Services жүйесімен жабдықталған автокөліктерде тиісті сервистердің толық жиынтығын іске қосу үшін тек қана байланысты қосу керек болады. Оталдырудың өшіп қалмауы үшін қозғалтқыштың қосылғанына және жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.

1-ҚАДАМ

1-ҚАДАМ

Алдымен сізге SIM Card Installation парақшасында берілген нұсқаулықтарға сәйкес Micro SIM картасын орнату керек болады.
2-ҚАДАМ

2-ҚАДАМ

Жалпы баптау мәзірінен автокөлікті қосу баптауына кіріп, мобильді байланыс арнасымен деректерді беруді қосыңыз. Кез келген экраннан «Баптау» суретін > Барлық баптау > Функциялар > Байланыс> мобильді деректерді беруді ҚОСУ дегенді таңдаңыз.
3-ҚАДАМ

3-ҚАДАМ

Байланыс сәтті орнатылғаннан кейін сенсорлы экранның жоғарғы бұрышында 3G немесе Wi-Fi белгісі пайда болады. Интернет желісіне қосылу сигналдың күшіне қарай 2 минутқа дейін уақыт алатынына назар аударыңыз.

ЕСЕПТІК ЖАЗБА АШУ

1-ҚАДАМ

1-ҚАДАМ

InControl Touch навигациялық жүйесін алғаш пайдаланған кезде сізге тіркелу жазбасын ашу керек болады. Бұл таңдаулы орындарды, алдыңғы бағыттарды және навигация баптауын сақтауға мүмкіндік береді.
2-ҚАДАМ

2-ҚАДАМ

Навигацияның барлық қосылған функцияларын іске қосу үшін, соның ішінде нақты уақыт режимінде жол жағдайын бақылауды және статистикалық деректердің берілуін іске қосу үшін тиісті көмекті алған кезде парақтың төменгі жағынан «Барлығын қосу» / «Қосу» дегенді таңдаңыз. «Жалғастыру» / «Бас тарту» дегенді таңдау барлық навигация функцияларын өшіреді.

НАВИГАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ТІРКЕЛУ ЖАЗБАҢЫЗ

ТІРКЕЛУ ЖАЗБАСЫН ҚҰРУ

ТІРКЕЛУ ЖАЗБАСЫН ҚҰРУ

Тіркелу жазбасын құрғаннан кейін сіз навигация жүйесінің негізгі терезесінен «Кіру» дегенді басып, InControl Touch Pro навигация жүйесінде тіркеле аласыз.

Сонымен бірге келетін уақытты хабарлау, деректердің бұлтты қоймасы немесе есіктен есікке дейін жеткізу бағытын құру сияқты кейбір функцияларды пайдалану үшін тіркелу талап етіледі.
ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ТАЛАПТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ТАЛАПТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Жаңа тіркелу жазбасын тіркеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Сізге навигация жүйесін пайдалану ережелері мен талаптарын қабылдау ұсынылады, сіз берілген URL мекенжайын браузерге енгізіп, оларға қол жеткізе аласыз.

LAND ROVER INCONTROL ҚОЛДАУЫ

MY LAND ROVER INCONTROL ВЕБ-САЙТЫ

MY LAND ROVER INCONTROL ВЕБ-САЙТЫ

Өз парақшаңызды құрып, InControl жүйесінің теңшелімдері мен функцияларын басқару үшін My Land Rover InControl сайтына кіріңіз.
LAND ROVER INCONTROL ҚОЛДАУЫ

LAND ROVER INCONTROL ҚОЛДАУЫ

Біз кез келген сұрақтарға жауап беруге және Land Rover InControl туралы толығырақ мәлімет беруге қуаныштымыз.
ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР

ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР

Land Rover inControl ережелері мен талаптары бар құжаттармен, сондай-ақ құпиялылық саясатымен еліңізге арналған Land Rover веб-сайтында танысуға болады.
  • Қозғалтқышты өшіруіңіз, бірнеше минут күтуіңіз, содан соң жаңартылған соңғы нұсқаны көру үшін қозғалтқышты қайта қосуыңыз керек болуы мүмкін.
    InControl жүйесінің сипатталған функцияларының кейбіреулері опционалдық болуы немесе белгілі қозғалтқыштары бар кейбір нарықтар мен автокөліктер үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Қолжетімділік пен толық шарттар туралы ақпаратты Land Rover дилеріңізден нақтылаңыз. Кейбір функциялар қолайлы тарифі бар тиісті SIM-карталарды қолдануды талап етеді. Дилеріңіз ұсынған бастапқы мерзім аяқталған соң жазылымды ұзарту қажет. Ұялы желінің барлық жерде қолжетімді болуына кепілдік берілмейді.