RANGE ROVER

ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛАР
RANGE ROVER
Range Rover теңдесі жоқ инновациялардың бай тегінен шыққан және мүлтіксіздік пен сапаның жаңа стандарттарын белгілеуді жалғастырып келеді.

ЖОБАЛАУ ИННОВАЦИЯЛАРЫ

Біздің заманауи дизайнға көзқарасымыздың негізінде озық құрастыру әдістері мен интуитивтік технологияларды үйлестіру жатыр.

DESIGN ENABLING INNOVATION

Біздің дизайн философиямыздың элементінің үлгісі — дәлме-дәл қосылысты құрай отырып лазермен шанаққа дәнекерленетін алюминий төбе. Есіктердің батырылған тұтқалары тұтас сырт келбетті қамтамасыз етеді және аэродинамикалық сипаттамаларды жақсартады. Есіктің доғалданған жиегі жасырын белдеу сызығының арқасында әйнекпен үйлесіп тұтасып кетеді. Цифрлық жарықдиодты фаралар осы саладағы үздік микропроцессормен және 1,2 миллион микроайнамен жабдықталған. Олар бір мезгілде 16 объектіге фокустала және шағылысуды теңестіре алады. «Жанғанша жасырын» тұратын инновациялық жарықдиодты артқы шамдар өшірулі тұрғанда экстерьердің қара жылтыр әрлеу элементтері секілді көрінеді, ал қосқан кезде ашық қызыл түспен жанады.

ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ЖАЙБАРАҚАТТЫҚ

Белсенді шу басу жүйесі мен металл қорытпадан тұратын күрделі архитектура әлемдегі жол көлік құралдарының ең тыныш салондарының бірін жасап шығаруға мүмкіндік берді.

Белсенді шу басу жүйесінің жаңа буыны қажетсіз шуылдарды, дірілді және алаңдатушы факторларды кетіреді. Бұл жүргізуші мен жолаушыларға когнитивті жүктемені төмендетеді, әрқайсысына межелі орынға тыныққан күйде жетуге көмектеседі. Бассүйегіштердегі шуды басу функциясы бар инновациялық динамиктер салон ішінде максималды жайлылықты қамтамасыз ету үшін жеке тыныш аймақтар қалыптастырады. Range Rover шанағының периметрі бойынша орнатылған төрт акселерометр мен микрофон автокөліктің 35 негізгі динамигі арқылы ойнатылатын басушы сигнал жасап шығара отырып, дөңгелектердің дірілін, шиналардың шуылын және қозғалтқыштың дыбыстарын бақылайды. Конструкторлық жетілдірулер тіпті белсенді шуды басуға дейін де шудың берілуін 24%-ға төмендетуге ықпал етеді.

ТОЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

Нағыз заманауи сән-салтанат жеңіл кіріктірілетін және үнемі актуалды технологияларды талап етеді.

Оларға, мысалы, Amazon Alexa дауысты көмекшісі, Remote Park Assist қашықтан тұраққа қою жүйесі1және Pivi Pro ақпараттық ойын-сауық жүйесі жатады2 Олар жеңіл кіріктіріледі, қолданылуы қарапайым және өте актуалды. Бағдарламалық құралдың сымсыз жаңартылуының (SOTA) арқасында Range Rover-іңізде әрдайым бағдарламалардың ең заманауи нұсқалары орнатылған болады.

ӘСЕРЛІ ДИНАМИКА

Range Rover архитектурасы — жүріс қоры ұлғайтылған қосылмалы гибрид жетекті (PHEV) қоса алғанда тиімді күштік қондырғыларды кіріктіруге арналған негіз. 2024 жылы модельдер тобына толықтай электрлі Range Rover келіп қосылады, ол біздің электрлендіруге бағытталған жолымыздың басына тұрады.

КҮНДЕЛІКТІ САПАРЛАР

75 ПАЙЫЗ

113 км жүріс қорымен электр тарту күшімен күнделікті сапарлардың 75%-ы3 электромобиль режимінде жүзеге асырыла алады.

ЭЛЕКТР ТАРТУ КҮШІНДЕГІ ЖҮРІС ҚОРЫ

113 КМ-ГЕ ДЕЙІН **

WLTP циклінде. Шынайы пайдалану жағдайларындағы күтілетін жүріс қоры — 88 км-ге дейін.

CO2 шығарындылары2  ШЫҒАРЫНДЫЛАР

18 г/км-ден бастап **

EV режимінде пайдаланылған газдар шығарындыларының нөлдік деңгейінен ләззат алыңыз.

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ

<60 MINS

80 %-ға дейін зарядтау <60 mins with DC rapid charging4.

MLA-FLEX АРХИТЕКТУРАСЫ

Бойлық модульді архитектура (MLA-Flex) жайлылық пен талғампаздықтың жаңа деңгейіне арналған мінсіз негізді қамтамасыз етеді.

MLA-FLEX
MLA-FLEX

Range Rover-дің жаңа конструкциясы төмен массасымен, жоғары беріктігімен және қаттылығымен ерекшеленеді. MLA-Flex платформасының арқасында шанақтың қаттылығы 50 пайызға көбейді, ал инженерлік жетілдірулер шуылдың берілуін 24 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Озық жобалау әдістемелерін үйлестіру, прототиптердің 260 000 виртуалды сынағы және 1,2 млн жол үстіндегі тексерулері Range Rover-дің жоғары сенімділігі мен эталондық сапасын кепілдендіреді.

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Range Rover үлгі көрсетеді.
RANGE ROVER ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

RANGE ROVER ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

Барлық қолжетімді жинақтамалармен танысыңыз.
СИПАТТАМАЛАРЫ

СИПАТТАМАЛАРЫ

Сандар мен фактілер.

Бұл деректер өндірушінің толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындылары2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің, орнатылған дөңгелектің және қосымша жабдықтың салмағы, нақты бағыт және аккумулятордың жай-күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

12022 жылдың ортасынан бастап сатылымда.

2Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Land Rover ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.

3Зарядтау тек үйде және Range Rover иесі туралы иесізденген деректерінің негізінде жүргізіледі деп болжанады.

4Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде автокөліктің жасына және күйіне, қоршаған орта температурасы мен батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен зарядтау ұзақтығына байланысты ауытқуы мүмкін.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және сатылу нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.

Автокөліктің мультимедиа функцияларын қауіпсіз болған жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.

Pivi және InControl функциялары, сыртқы қызмет жеткізушілер ұсынатын опциялар және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты — өзіңіздің Land Rover дилеріңізден жергілікті нарықта қолжетімді екенін нақтылаңыз және барлық талаптарды тексеріңіз. Кейбір функциялар үшін деректерді беруге лайықты келісімшарты бар тиісті SIM-карта талап етіледі, бұл бастапқы кезеңнен кейін дилеріңіздің кеңесі бойынша қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін. Amazon, Alexa және оларға байланысты барлық логотиптер Amazon.com, Inc. немесе оның еншілес компанияларының тауар белгілері болып табылады. Alexa-ның белгілі бір функциялары ақылды үй технологияларына байланысты болады. Amazon-ды пайдалану үшін Alexa Amazon тіркеу жазбасын талап етеді.