Range Rover Velar прогрессивті дизайны ерекше таңдаулы элементтермен толықтырылған, еліктіреді және назар аудартады.
Range Rover Velar Sophisticated Elegance
«A sanctuary with a steering wheel» (Дөңгелекті ғибадатхана)
Vanity Fair España
Range Rover Velar Sophisticated Elegance

ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛАР

Гибрид жетекпен және жайлылықты қамтамасыз ететін ең жаңа жүйелермен, сондай-ақ кең ауқымды қосылу мүмкіндіктері бар ақпараттық ойын-сауық жүйесімен жабдықталған Range Rover Velar біздің болашақ жайлы қиялдарымыз бен инновацияларға деген ымырасыз көзқарасты шындыққа айналдырады.

Range Rover Velar Pioneering Innovation

ӘСЕРЛІ ДИНАМИКА

65 км деңгейіндегі электржетекпен қозғалатын жүріс қорыме톆қосылатын электрлі гибрид (PHEV) жеңіл және үнемді жүргізуді қамтамасыз етеді. Ал тұрақты токпен тез зарядтау мүмкіндігінің арқасында автокөліктің толықтай заряды таусылған батареясын 30 минут ішінде 80 %-ға дейін зарядтауға болады.

Range Rover Velar Electrified Performance

ШАБЫТТАНДЫРУ

Біздің дизайнерлер кемеліне жеткізген бұл нұсқалардың бойында әдемілік пен жайлылық үйлесім тапқан және қазірден бастап тапсырыс беруге қолжетімді.

Range Rover Velar Inspiration

МОДЕЛЬДЕРДІ ТАҢДАУ

Модельдердің бірін таңдап, автокөліктер тобымен таныса бастаңыз.

RANGE ROVER VELAR AUTOBIOGRAPHY

Нәзік әдеміліктің қайталанбас шынайы бейнесі.
КОНФИГУРАТОР

RANGE ROVER VELAR ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

ЖИНАҚЫ ДИЗАЙН

ЖИНАҚЫ ДИЗАЙН

Қарапайымдығымен еліктіретін заманауилық бейнесі.
ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Әр сапар кезіндегі сенімділік пен рақат сезімі.
ЗАМАНАУИ СӘН-САЛТАНАТ

ЗАМАНАУИ СӘН-САЛТАНАТ

Range Rover-дің таңдамалылығын айшықтайтын үздік жайлылық.
ӘСЕРЛІ ДИНАМИКА

ӘСЕРЛІ ДИНАМИКА

Әсерлі динамикалық жүргізу және көптеген мүмкіндіктер.

Бұл деректер өндірушінің толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындысының мәндері2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің, орнатылған дөңгелектің және қосымша жабдықтың салмағы, нақты бағыт және аккумулятордың жай-күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты маршрут бойынша жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде көліктің шыққан жылы мен күйіне, қоршаған орта температурасына және батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысына және зарядталу ұзақтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Meridian – Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда белгісі, ал «three fields» құрылғысы – Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.

Назар аударыңыз: стандартты функциялар интерьер әрлемесінің қосымша нұсқаларын таңдағанда өзгеруі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты өзгеруі мүмкін.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және сатылу нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.

Жүргізушінің мультимедиалық функцияларды қауіпсіз жағдайда ғана қолдануына рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.

Pivi және InControl функциялары мен опцияларының, сондай-ақ бөгде жеткізушілер қызметтерінің қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз үшін қолжетімділік пен толық талаптар туралы ақпаратты Land Rover ресми дилерінен біліңіз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін.