Range Rover SV кең таңдауды, жоғары шеберлікті және жетілдірілген жанасу функцияларын ұсынады, бұл бірегей шешімдерді бағалайтындарға ұнайды. Бұл таңдануға болатын және қол тигізуге болатын шынайы сән-салтанаттың көрінісі.

ТАҢДАУЛЫ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ

Кемел. Сәнді. Айрықша. Тарихтағы ең үздік Range Rover.

AN EXQUISITE INTERPRETATION
AN EXQUISITE INTERPRETATION

RANGE ROVER СӘН-САЛТАНАТЫ

Эксклюзивті радиатор торы, бамперлерінің жаңа дизайны және екі түсті Range Rover жазуы бар бұл керемет автокөлікті тамашалаңыз. Semi-Aniline жартылай анилинді былғарымен әрленген орындықтарға жайланып жайғасыңыз. Gloss White Ceramic әрлемесі бар сәнді басқару элементтерінен ұстап көріңіз. Әрбір сапар ұмытылмас оқиғаға айналады.

SV ДЕРБЕСТЕНДІРУ

Өз Range Rover SV автокөлігіңізді жасап алу — бұл бірегей тәжірибе. SV үшін ұсынылатын материалдар мәнерлі мозайкалы оюлары бар Gloss White Ceramic әрлемесін немесе металмен безендірілген жонылған күңгірт венге ағашынан тұратын контрастілі қыстырмаларды қамтиды.

ҮНЕМІ БАЙЛАНЫСТА

Түйсікпен түсінуге жеңіл интерфейсінің және смартфонға жеңіл қосылуының арқасында Pivi Pro жүйесі жолаушыларға да, жүргізушіге де қолайлы. SV үшін эксклюзивті екі 13,1 дюймдік сенсорлық экран артқы орындықтардағы жолаушыларға бүкіл қажетті ақпарат пен ойын-сауықты ұсынады.

SV ФИРМАЛЫҚ ПАКЕТІ 

Төрт орынды SV Signature Suite нұсқасы әсіресе ұзартылған дөңгелек базасы бар нұсқасында барынша жайлылық пен функционалдылықты үйлестіре отырып, екінші қатардағы жолаушыларға теңдесі жоқ сезімдер ұсынады.

SV SIGNATURE SUITE

ГАРМОНИЯ АТМОСФЕРАСЫНДА

Windsor былғарысымен немесе былғары қосылмаған Ultrafabrics материалымен әрленгенТМ1толық өлшемді артқы консоль буаттан жасалған үстіңгі панельмен және кіріктірілген сәндік көмескі жарықпен жабдықталған. Екінші қатар орындықтарының жолаушыларына арналған сенсорлық экраны және сымсыз зарядтау функциясы бар контроллер жайлылықты қамтамасыз ету және ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің функцияларын басқаруға мүмкіндік береді.

ЖАЙЛЫЛЫҚ БӘРІНЕН БҰРЫН

SV Signature Suite нұсқасы Range Rover жайлылығына бұрынғыдан көп екпін жасайды. Стақанқойғыштар мен көмескі жарығы бар салқындатылатын бөлімнің қақпағы электржетекпен жылжып шығады және артқы орындықтардағы жолаушыларға арналған сенсорлық экраны бар контроллермен қолайлы басқарылады. SV бөлімшесі ұсынған Dartington Crystal әйнегінен жасалған дизайнерлік элементтер интерьерді бұрынғыдан да элегантты етеді.

ӘМБЕБАП КЕҢІСТІК

Бедерлі тіреуі мен эксклюзивті көмескі жарығы бар жиналмалы үстел электржетекпен жиналады және артқы орындықтардағы жолаушыларға арналған сенсорлық экраны бар контроллермен басқарылады. Оның астынан орталық консольде қолайлы және қауіпсіз сақтауға арналған ойластырылған бөлімдерді таба аласыз.

SV INTREPID НҰСҚАСЫ

Динамика. Екпінді стиль.

SV INTREPID THEME
SV INTREPID THEME

АКЦЕНТТЕР МЕН БӨЛШЕКТЕР

Бұл нұсқаның интерьер бөлшектері буаттан жасалған эксклюзивті қыстырмаларды, Satin Black Ceramic әрлемесі бар сәндеу материалдарын және басқару элементтерін қамтиды. Anthracite металл жабыны мен Graphite Atlas түсті экстерьерді әрлеу элементтері бұл нұсқаны одан әрмен әсерлі етеді.

КӨБІРЕК ДЕРБЕСТЕНДІРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қара түсті контрастілі төбе, қызыл түсті тежегіш суппорттары және Satin Black түсті және Dark Tinted Lacquer жабыны бар Narvik Black Gloss қыстырмалары қойылған 23 дюймдік дөңгелек дискілері SV Intrepid нұсқасының динамикалық келбетін көбірек айшықтап көрсетеді.

БЫЛҒАРЫСЫЗ

Жоғары технологиялы UltrafabricsТМ материалы SV Intrepid нұсқасында қолжетімді. Ол жұмсақтығымен, беріктігімен, сондай-ақ тік төртбұрыш пішінді бірегей перфорациясымен ерекшеленеді.

SV SERENITY НҰСҚАСЫ

Автокөліктің эксклюзивті сипатын ашып көрсететін нәзік айшықтары бар шынайы сән-салтанат.

SV SERENITY THEME
SV SERENITY THEME

АКЦЕНТТЕР МЕН БӨЛШЕКТЕР

SV Serenity нұсқасының әрбір миллиметрі сән-салтанатқа бағдарланған. Corinthian Bronze түсті экстерьердің жарқырап тұратын элементтері мен интерьер әрлемесінің эксклюзивті екі түсті шешімдері автокөліктің әсерлі сипаттамаларын айшықтап көрсетеді.

КӨБІРЕК ДЕРБЕСТЕНДІРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

SV Serenity нұсқасының экстерьерін Corinthian Bronze түсті контрастілі төбенің және опция ретіндегі Gloss Dark Grey түсі бар және Corinthian Bronze Satin жабынымен қыстырмалары бар 23 дюймдік дөңгелек дискілерінің көмегімен бұрынғыдан да мәнерлі етуге болады.

БЕЗЕНДІРІЛГЕН АҒАШ

Жаңа таңдаулы әрлеу элементтері металл қыстырмалары бар ағаш безендіргіштермен толықтырылған, бұл біздің ұсақ-түйектерге жіті назар аударатынымызды растайды. Орындықтардағы Mosaic кестесі интерьер әрлемесімен мінсіз үйлесім тауып тұрады.

RANGE ROVER SV ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫ

Range Rover SV біздің ең заманауи қозғалтқыштарымызбен жабдықталады.

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИД

Range Rover SV жүріс қоры ұлғайтылған жаңа гибридті нұсқада (PHEV) қолжетімді. Оның күштік қондырғысының құрамына 3 литрлік 6 цилиндрлі бензиндік Ingenium қозғалтқышы және қуаты ххх кВт-тық электр қозғалтқышы кіреді. Жүйенің жиынтық қайтарымы — 510 а. к. (ххх кВт)*.

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

SPECIAL VEHICLE OPERATIONS

SPECIAL VEHICLE OPERATIONS

Land Rover бірегей автокөліктері.
RANGE ROVER ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

RANGE ROVER ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

Барлық қолжетімді жинақтамалармен танысыңыз.

1Түстер шешімін таңдауға байланысты.
* P550e қозғалтқышы тек стандартты дөңгелек базасы бар нұсқаларда ғана қолжетімді.
** Тек SV нұсқасында ғана қолжетімді.