ЖЕТІ ОРЫНДЫ SUV

БАРЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР МЕН ЖҮКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕҢІСТІГІ БАР ОТБАСЫЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕР
ЖЕТІ ОРЫНДЫ SUV

ЖЕТІ ОРЫНДЫ SUV ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Кең хэтчбек шанағының, биік отыру қалпының және ұлғайтылған жол саңылауының арқасында біздің SUV («спорттық утилитарлық автокөліктер») сапарға шыққанда тиімділікті және әмбебаптықты бағалайтын жанұяларға әбден сай келеді. Бұл сипаттамаларды әрбір жеті орынды SUV Land Rover-ге сәнді бөлшектермен, барлық жерде жүру мүмкіндіктерімен және инновациялық дизайнмен біріктіріңіз, сонда ол сіздің қажеттіліктеріңізге сай келетін жалғыз автокөлікке айналады.

ӨЗІҢІЗДІҢ МІНСІЗ ЖЕТІ ОРЫНДЫ SUV-ЫҢЫЗДЫ ТАҢДАҢЫЗ

RANGE ROVER SPORT

RANGE ROVER SPORT

Ең динамикалық Range Rover
DISCOVERY SPORT

DISCOVERY SPORT

Әмбебап ықшам SUV
DEFENDER

DEFENDER

Ұлы істерге қабілетті

ТАҢДАЛҒАН ЖЕТІ ОРЫНДЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАР

ЖЕТІ ТОЛЫҚ ӨЛШЕМДІ ОРЫНДЫҚ

ЖЕТІ ТОЛЫҚ ӨЛШЕМДІ ОРЫНДЫҚ

Егер алты ересек жолаушымен бірге жүйелі түрде сапарға шығуды жоспарласаңыз немесе кез келген саяхат үшін көбірек толық өлшемді орындықтардың болғанын қаласаңыз, біздің жеті орынды Discovery — сізге керектің нағыз өзі. Жолаушылар саны кемірек болса, Discovery-дің кең салоны бірінші қатардың артында 2400 литрден және екінші қатардың артында 1137 литрден асатын заттарды сақтауға арналған кеңістік ұсынады.
5+ 2 ОРЫНДЫҚТАРЫ

5+ 2 ОРЫНДЫҚТАРЫ

Екінші қатарды еңкейтіп, сәл алға жылжытсаңыз, Discovery Sport пен Range Rover Sport-тың ұқыппен кіріктірілген үшінші қатарын қолдану жеңіл болады. Бұл екі орын қысқа сапарлар кезінде балаларға мен жасөспірімдерге, сондай-ақ ересектерге де әбден сай келеді. Үшінші қатар қажет болмаса, оны жинау оңай — осылайша жүкке арналған орын көбейеді.

БІЗДІҢ SUV КӨЛІКТЕРІМІЗ — ӘДЕТТЕН ТЫС

КҮНДЕЛІКТІ ӘМБЕБАПТЫҚ

КҮНДЕЛІКТІ ӘМБЕБАПТЫҚ

Рухтандырушы интерьерінің арқасында біздің жеті орынды SUV тапсырмалар мен талаптардың алуан түріне қиындықсыз бейімделе алады. Сапардың мақсатына, жолаушылардың санына және жүктің көлеміне қарамастан, олар сізге әрбір саяхатта толық сенімділік сыйлайды.
БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН МҮМКІНДІКТЕР

БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН МҮМКІНДІКТЕР

Кез келген жолдармен сенімді жүру қашан да Land Rover-дің басты қасиеті болған, ал біздің SUV 4X4 бұл ережеден тыс қалмайды. Тас төселген жолдардан өтуі қиын далаларға дейін: біздің бірегей Terrain Response жүйеміз автокөлігіңіздің кез келген қиындықтарға дайын екенін кепілдендіреді.
АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК

1947 жылы тұңғыш Land Rover ойлап шығарылған сәттен бері біз дизайнерлеріміз бен инженерлеріміздің құндылықтарын іс жүзінде көрсететін автокөліктер жасап шығарамыз. Әрбір автокөліктің негізінде — британдық мамандардың мүмкіндіктер шекарасын кеңейтетін культтік идеялары мен үлгі боларлық шеберлік деңгейі жатыр.
КЕМЕҢГЕРЛІК ЖӘНЕ КҮНДЕЛІКТІЛІК

КЕМЕҢГЕРЛІК ЖӘНЕ КҮНДЕЛІКТІЛІК

Заманауи жеті орынды Land Rover автокөліктері әрбір сапар кезіндегі таңдамашылдық, қауіпсіздік және жайлылық үшін жауап беретін көптеген озық технологиялармен жабдықталған. Олар қала көшелері мен ең күрделі шытырман оқиғаларда жеңіл маневр жасайды.