ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТІ (PHEV) ҮЙДЕН АЛЫС ЖЕРДЕ ЗАРЯДТАУ

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТІ (PHEV) ҮЙДЕН АЛЫС ЖЕРДЕ ЗАРЯДТАУ

АВТОКӨЛІКТІ ТҰРАҚҚА ҚОЙҒАНДА ЗАРЯДТАП АЛЫҢЫЗ

Үйде зарядтау кезіндегі барынша ыңғайлылықтан және қаражатты үнемдеуден өзге межелі орындағы зарядты уақтылы толтыру сіздің Land Rover PHEV автокөлігіңіздің жүріс қорын күні бойына ұлғайтуға көмектеседі.


Бұл сондай-ақ отын шығындарын қысқартуға және электрмобиль режимінде (EV) қозғалған жағдайдағы пайдаланылған газдардың нөлдік шығарындыларының арқасында қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді.

ҮЙДЕН АЛЫС ЖЕРДЕ АВТОКӨЛІКТІ ҚАЙДА ЗАРЯДТАП АЛСАМ БОЛАДЫ?

Сауда орталықтарын, спорт залдарын, автотұрақтарды және тіпті кеңселерді қоса алғанда, тез ұлғайып келе жатқан зарядтау пунктілері желісінің есебінен автокөлікті тұрақта тұрған кезінде зарядтап алудың көптеген жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Және мұндай пунктілерді табу өте оңай.

АВТОКӨЛІКТІ ҮЙДЕН ТЫС ҚАЙДА ЗАРЯДТАП АЛСАМ БОЛАДЫ?

Зарядтау станциясына қосылу үшін Land Rover қосылатын гибридтері аралас зарядтау жүйесімен (CCS) жабдықталған. Ол айнымалы токпен баяу зарядтауға, сондай-ақ тұрақты токпен жылдам зарядтауға мүмкіндік береді (кейбір модельдерде). Кейбір басқа автокөлік өндірушілері зарядтау үшін басқа жүйелерді пайдаланады, мысалы, CHAdeMO. Олар сирек кездеседі және Land Rover қосылатын гибридтерімен үйлесімді емес.


Желіден қосымша зарядтау нүктелері әдетте сауда кешендері, спортзалдар және автотұрақтар сияқты жерлерде орналасқан. Тұрақты ток желісінен жылдам қосымша зарядтау нүктелері көбінесе автомагистральдарда және жалпы пайдаланыстағы жолдарда орналасқан.

АЙНЫМАЛЫ ТОКПЕН ЗАРЯДТАУ

АЙНЫМАЛЫ ТОКПЕН ЗАРЯДТАУ

Қоғамдық айнымалы токпен зарядтау пунктілерінің көбінде өзіңіздің жеке кабеліңізді қолдануыңыз қажет, сондықтан барлық Land Rover қосылатын гибридтерінің стандартты жинақтамасына айнымалы токпен зарядтауға арналған кабель кіреді. Бұл кабель үйде зарядтау станциясына қосылу үшін де қолданылады.
ТҰРАҚТЫ ТОКПЕН ЖЫЛДАМ ЗАРЯДТАУ

ТҰРАҚТЫ ТОКПЕН ЖЫЛДАМ ЗАРЯДТАУ

Үйден тыс зарядтаудың ең жылдам тәсілі. Айнымалы токпен жылдам зарядтауға арналған станциялар жеке кабельдерімен жабдықталған, сондықтан автокөліктің жеке кабелін қолданудың қажеті жоқ.

ЗАРЯДТАП АЛУ АҚЫСЫН ҚАЛАЙ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ?

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРМЕН ТАНЫСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТІ ЗАРЯДТАУ

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТІ ЗАРЯДТАУ

Зарядтап алу уақытынан бастап, қаражатты үнемдеуге дейін — PHEV үйде немесе арнайы орында зарядтап алу жөнінде сізді қызықтыратын барлық ақпаратты біліп алыңыз.
АВТОКӨЛГІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН ҮЙДЕН ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ОРНАТУ

АВТОКӨЛГІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН ҮЙДЕН ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ОРНАТУ

Кәсіби түрде орнатылған үйден зарядтау құрылғысы — әр күнді толық зарядталған батареямен бастауға мүмкіндік беретін ең оңай, ыңғайлы және үнемді тәсіл.

1Тек үйлесімді смартфондар үшін. Қолжетімділік нарықта бөгде провайдерлердің платформаларының бар-жоғына және мобильді желі сигналының деңгейіне байланысты.