LAND ROVER ӨНДІРІСІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛАР

LAND ROVER ӨНДІРІСІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛАР

ЗАМАНАУИ ӨНДІРІС ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕП, АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН LAND ROVER КӨЛІГІНІҢ ЖАСАЛУЫН КӨРУДІҢ БІРЕГЕЙ МҮМКІНДІГІ.
ЭКСКУРСИЯНЫ БРОНДАУ
СОЛИХАЛЛ ӨНДІРІСІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛАР

СОЛИХАЛЛ ӨНДІРІСІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛАР

Солихаллдағы Land Rover өндірісіне сапар шегу аясында сіз ең заманауи өндірістік желілерге шектеусіз кіру мүмкіндігіне ие болып, Range Rover және Range Rover Sport автокөліктерінің қалай құрастырылатынын өз көзіңізбен көре аласыз. Solihull Jaguar Land Rover Tour экскурсиясы барысында сіз керемет жаңа Range Rover Velar және марапаттарға ие Jaguar F-PACE модельдерімен танысатын боласыз.
ЛИВЕРПУЛЬ ӨНДІРІСІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛАР

ЛИВЕРПУЛЬ ӨНДІРІСІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛАР

Land Rover автокөліктерінің екі ең танымал моделі — Range Rover Evoque және Discovery Sport модельдерін құрастыру процесімен танысыңыз: металл табақтарды баспақтау және қалыптау, саңылаусыздандыру, болат және алюминий шанақтарды дәнекерлеу және орнату. Содан кейін қозғалтқышты, әйнектерді және дөңгелектерді орнатуды қамтитын үш километрлік толығымен роботтандырылған әрлеу жұмыстары мен соңғы жұмыстар желісін бақылаңыз. Осының барлығы Ливерпульдегі тарихи өндірісімізде орналасқан.
RANGE ROVER STORY КӨРМЕСІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕГІ ЭКСКУРСИЯЛАР

RANGE ROVER STORY КӨРМЕСІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕГІ ЭКСКУРСИЯЛАР

Шамамен елу жыл бұрын Range Rover адамдардың жолсыздық туралы ойларын өзгертті. Енді әсерлі көрме мен экскурсиялар арқасында автокөліктерді өндірудің заманауи процесін көріп, түпүлгіден бастап британдық дизайн аңызына дейінгі жолды қадағалап, Range Rover Velar автокөлігімен бірінші болып таныса аласыз.
VIP-ҚЫЗМЕТТЕР

VIP-ҚЫЗМЕТТЕР

Land Rover конфигураторын, Land Rover өндірісінің VIP турын, сондай-ақ клиенттер мен олардың қонақтары жаңа Range Rover тұсаукесері сияқты ең маңызды сәттің алдында MeridianTM кинотеатрына баратын Range Rover коллекциясымен VIP танысуды қамтитын Land Rover бірқатар VIP қызметтерінен ләззат алыңыз.
RANGE ROVER АВТОКӨЛІГІМЕН ТАНЫСУ

RANGE ROVER АВТОКӨЛІГІМЕН ТАНЫСУ

Сізді жеке консьерж қарсы алады: Солихаллдағы Range Rover әлеміне нағыз сүңгу осылай басталады. Алдымен сізMeridianТМ кинотеатрына барасыз, содан кейін сізді негізгі өндіріс алаңдарына апарады. Сіздің VIP пакетіңіз салқындатылған сусындар мен жеке гид ұсынуды, сондай-ақ артықшылықты аймақтарға кіруді қамтиды.

ЭКСКУРСИЯҒА БАРЫҢЫЗ

Land Rover әлеміне еніңіз, аңызға айналған автокөліктерді құрастырудан бастап оларды конвейерден шығаруға дейін – өндірістік процестің әрбір кезеңін өз көзіңізбен бақылаңыз. Біздің жаңа көрмелеріміз және өндірістегі экскурсияларымыз туралы бірінші болып біліңіз.