2025 жылдың соңынан бастап тапсырыс беруге болады.
Ерекше спорттық сән-салтанат.
Әрқашан қосулы. Әрқашан жалғаулы. Әрқашан бақылауда.
Жолдағы сенімді сипаттамалар. Тамаша өту қабілеті.
Көлікке отырып, жүргізіңіз.
Сыртқы түрі - Stealth Pack*** пакеті және Light Cloud/Ebony салоны бар сұр Carpathian Grey түсі. Дизайн саласындағы сарапшылар жасаған қайсар сыртқы түрі.
Алты түрлі үлгінің ішінен таңдап, одан оны өз көлігіңізге айналдырыңыз.
Арнайы әзірленген қаптамалар. Бірегей түстер, дөңгелек дискілері және төбеге арналған аксессуарлар. «Бұл сіздің Range Rover Sport көлігіңіз» деп айтқанда, дәл осыны меңзейміз.
* WLTP көрсеткіштерін қараңыз.
Бұл деректер заряды толық батарея жағдайында ЕО заңнамасына сәйкес өндіруші тарапынан жүргізілген ресми сынақтарына негізделген. Тек салыстыру мақсатында берілген. Нақты пайдалану жағдайларындағы көрсеткіштер өзгешеленуі мүмкін. CO2 шығарынды мәндері бензин үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері жүргізу стиліне, орта жағдайларына, таситын жүк, орнатылған дөңгелек және қосымша жабдық салмағына, ағымдағы бағыт және аккумулятордың күйіне байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қорының деректері стандартты маршрутта жүріп өткен сериялық автокөлік негізінде алынған.
** Зарядтау уақыты көптеген факторға, соның ішінде көліктің шыққан жылы мен күйіне, қоршаған орта температурасына және аккумулятор зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысына және зарядталу ұзақтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
*** Модельмен байланысты опция ретінде қолжетімді.
1SV моделіндегі ең жоғарғы жылдамдық 266 км/сағ .
2Қозғалтқыш пен MHEV жүйесінің біріктірілген қуатын, сондай-ақ динамикалық іске қосу режимін пайдаланған кезде айналу моменті 800 Нм-ге дейін. Көміртекті талшықтан жасалған дөңгелектер мен көміртекті талшықтан және керамикадан жасалған тежегіштерді орнатқан кезде, 3,8 сек ішінде 0-ден 100 км/сағ дейін жылдамдық жинайды
Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және нарыққа байланысты өзгешеленуі мүмкін. Біраз функциялар үшін қосымша компонентті орнату қажет. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн конфигураторды пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз: интерьер әрлеуінің балама нұсқасын таңдаған кезде стандартты жабдық тізімі өзгертілуі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты өзгертілуі мүмкін.
Жүргізуші мультимедиа функцияларын тек қауіпсіз жағдайда пайдалануы тиіс. Жүргізушілер көлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.
Pivi, Pivi Pro және InControl функциялары, опциялар, үшінші тарап жеткізушілерінің қызметтері және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты: оның қолжетімділігін Land Rover дилеріңізден нақтылап анықтаңыз және барлық талаппен танысыңыз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. InControl технологиясы туралы ақпарат пен оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экран интерфейсінің дизайны мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ түрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгеруі мүмкін.
MeridianTM — Meridian Audio Ltd. TrifieldTM компаниясының тіркелген сауда белгісі, ал «үш аймақ» құрылғысы — Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.