Шытырман оқиғалар сізді қайда алып барса да, Land Rover ұсынған қосылатын гибридпен (PHEV) өмір шексіз. Қысқа сапарлар кезіндегі электрмобиль режимінен (EV) бастап алыс саяхаттар кезінде бензиндік қозғалтқышқа ауысуға дейін — Land Rover сізді қайда болса да жеткізеді.
Land Rover ұсынған PHEV су жаңа тобының жүріс қоры туралы көбірек біліңіз.
Range Rover жарқын өкілі.
Электрлік тарту күшімен жүріс қоры 113 км-ге дейін‡ **.
Қуатты, жарқын, ымырасыз.
Электрлік тарту күшімен жүріс қоры 123 км-ге дейін‡**.
Ықшам қалалық Range Rover.
Электрлік тарту күшімен жүріс қоры 62 км-ге дейін‡ *.
Электрмобиль режиміндегі мәлімделген жүріс қорының шамамен 20 %-ы нақты жүргізу жағдайларына байланысты. Үйден зарядтау құрылғысы болғанда бұл қысқа сапарлар үшін қиындық тудырмайды. Дегенмен электрмобиль режимінде жүріс қорын барынша арттырудың бірнеше қарапайым әдісі бар.
‡Электр тарту күшімен жұмыс істейтін жүріс қоры жөніндегі деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген. Нақты көрсеткіштер автокөлік пен аккумулятордың күйіне, бағдар мен қоршаған ортаға, сондай-ақ көлік жүргізу стиліне байланысты.
* Берілген деректер — бұл батарея толығымен зарядталған кезде ЕО заңнамасына сәйкес өндіруші жүргізген WLTP ресми сынақтары нәтижесінде алынған NEDC2 мәндері. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындылары,2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және аксессуарлар сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. NEDC2 циклі бойынша есеп үкімет жасаған өрнекті және WLTP циклі шеңберінде алынған мәндерді пайдалана отырып жүргізіледі. Нәтиже — ескі NEDC әдістемесі бойынша жүргізілетін сынақтарда алуға болатын сипаттамаларға ұқсас сипаттамалар. Бұл салық салудың дұрыс тәртібін қолдануға мүмкіндік береді.
**Бұл деректер толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген өндірушінің ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін.