ГИБРИДТІ, БЕНЗИНДІ ЖӘНЕ ДИЗЕЛЬДІ АВТОКӨЛІКТЕР ҚАТАРЫ
ШОЛУ
ШОЛУ
ГИБРИДТІ, БЕНЗИНДІК НЕМЕСЕ ДИЗЕЛЬДІК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫ БАР БІЗДІҢ SUV АССОРТИМЕНТІМІЗ
БІЗДІҢ ЗАМАНАУИ БЕНЗИНДІК ЖӘНЕ ДИЗЕЛЬДІК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫМЫЗ — LAND ROVER МАРКАСЫНЫҢ БҰРЫН-СОҢДЫ ШЫҒАРҒАН ЕҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЖӘНЕ ТИІМДІ КҮШТІК АГРЕГАТТАРЫ. ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕН ҚОСЫМША ЗАРЯДТАЛАТЫН БІЗДІҢ ГИБРИДТІ АВТОКӨЛІКТЕРІМІЗ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ БІЗДІҢ ЕҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КҮШТІК ҚОНДЫРҒЫМЫЗБЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ. ҚАЙ НҰСҚАНЫ ТАҢДАЙСЫЗ?
ТАҢДАУ СІЗДЕ
ДИЗЕЛЬДІК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР
Ең экологиялық қауіпсіз Land Rover дизельдік қозғалтқыштары жоғары отын тиімділігін және жолсыз жерлер мен тіркеме сүйреуге арналған айналдыру сәтін қамтамасыз етеді. Бұл сипаттамалардың үйлестігі алыс қашықтықтарға жол жүргенде сенімділік сыйлайды.
БЕНЗИНДІК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР
Біздің жаңа желіміздегі бензиндік қозғалтқыштар Land Rover күштік агрегаттарына тән аңызға айналған сезімталдығымен ерекшеленеді және таң қалдырарлық отын үнемділігі мен төмен CO шығару деңгейін көрсетеді.2 CO2.
PHEV
Біздің гибридті электрмобильдерімізде (PHEV) ұзақ сапарлар үшін қажетті сипаттамаларды қамтамасыз ететін стандартты қозғалтқыш төменірек жылдамдықтарға жоғары өнімділікті ұсынатын электр қозғалтқышпен үйлестіріледі.
Қай нұсқаны таңдайсыз?
Дизельдік, бензиндік немесе электр қозғалтқышы бар автокөлік — қайсысын таңдайтыныңызды білу үшін өзіңіздің жүргізу стиліңіз туралы қарапайым 5 сұраққа жауап беріңіз.
ДИЗЕЛЬДІК, БЕНЗИНДІК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕН ҚОСЫМША ЗАРЯДТАЛАТЫН ГИБРИДТІ АВТОКӨЛІКТІҢ (PHEV) ТҮЙІНДІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫҢ ТӨМЕН ДЕҢГЕЙІ2 CO₂
Land Rover дизельдік қозғалтқыштары бензиндік күштік агрегаттармен салыстырғанда2 шамамен 15 %-ға кемірек CO₂ шығарады. Статистика бойынша 2002 жылдан бастап дизельдік қозғалтқыштары бар автокөліктерді таңдаған сатып алушылар CO₂ атмосфераға шығарылуын2 3 миллион тоннаға дерлік қысқартуға көмектесті.
«ЕУРО-6d» ЖӘНЕ RDE2 ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІК
Дизельдік қозғалтқыштары бар Land Rover автокөліктері «Еуро-6d» және RDE2 (Real Driving Emissions) талаптарына сәйкес келеді, кез келген қозғалыс жағдайларында зиянды заттардың анағұрлым төмен шығарылуымен ерекшеленеді.
АЗОТ ОКСИДІНІҢ (NO) ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН ТӨМЕНДЕТУx))
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық Land Rover дизельдік қозғалтқыштары пайдаланылған газдарды қосымша тазартуға (мысалы, AdBlue реагентінің көмегімен) арналған селективті каталиттік бейтараптандыру жүйесімен (SCR) жабдықталады, ол шығарындылардағы NOx мөлшерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.x) CO2.
ОТЫННЫҢ АНАҒҰРЛЫМ ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Дизельдік қозғалтқыштардың отын тиімділігі бензиндік баламалармен салыстырғанда шамамен 25 %-ға жоғары. Сондықтан жылына 19 000 км немесе одан көп жол жүретін болсаңыз, мұндай нұсқа сіз үшін ең тиімдісі болуы мүмкін.
«ЕУРО-6d TEMP» ЖӘНЕ RDE ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІК
Бензиндік қозғалтқыштармен жабдықталған жаңа Land Rover автокөліктері «Евро-6d Temp» және RDE (Real Driving Emissions) талаптарына сәйкес келеді, кез келген қозғалыс жағдайларында зиянды заттардың анағұрлым төмен шығарылуымен ерекшеленеді.
ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ДИНАМИКА
Жаты және шұғыл жауап қататын Land Rover бензиндік қозғалтқыштары көлік жүргізуден ұмытылмас әсерлер сыйлайды. Барлық жылдамдықтарда жоғары өнімділіктен және керемет ілеспе дыбыстан ләззат алыңыз.
ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫҢ ТӨМЕН ДЕҢГЕЙІ
Біздің бензиндік қозғалтқыштарымыз тиімділігі жоғары сүзгілермен жабдықталған, олар пайдаланылған газдардағы аса ұсақ бөлшектерді аулайды және жинайды. Бұл атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындылардың мөлшерін төмендетуге көмектеседі.
АЗЫРАҚ БАСТАПҚЫ ҚҰН
Әдетте дизельдік қозғалтқыштардың көп отын үнемділігін қамтамасыз ететініне қарамастан бензиндік баламалардың азырақ бастапқы құны көп жағдайда әдетте көп жол жүрмейтіндер үшін осы күштік агрегаттардың пайдасына қосылатын аргументке айналады.
ТӨМЕН ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ ШЫҒЫСТАРЫ
Бензин және дизель отынымен салыстырғанда электр энергиясының салыстырмалы төмен құны PHEV жүріс қорының толықтырылуы әлдеқайда арзанырақ болатынын білдіреді.
ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫҢ АСА ТӨМЕН ДЕҢГЕЙІ
Электр желісінен қосымша зарядталатын Land Rover гибридті автокөліктерінде үнемді және экологиялық таза жүргізуді қамтамасыз ететін электрмобиль режимі (EV), қолжетімді. Шығарындылардың нөлдік деңгейімен сапарлардың көп мөлшері қоршаған ортаға азырақ кері әсерді білдіреді.
ЫМЫРАСЫЗ МҮМКІНДІКТЕР
PHEV сіз Land Rover маркасынан күтетін ымырасыз жол талғамайтын көлік мүмкіндіктерін ұсынады. Мысалы, гибридті Range Rover автокөлігінің кешіп өтетін су өткелінің тереңдік көрсеткіші іштен жану қозғалтқышы бар модификациядағыдай, ал электр қозғалтқыштан шығарылатын қосымша айналдыру сәті жолсыз жермен жүрген кездегі тағы бір артықшылық болып табылады.
ЖҮРІСТІҢ ТАМАША ЖАТЫҚТЫҒЫ
PHEV, біздің ең шуылсыз автокөлігіміз, бензин және электр қозғалтқыштарын білдірместен ауыстырып қосуға қабілетті, бұл жүріс жатықтығының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етеді және салон ішін жайлаған жайлылықты толықтырады.
LAND ROVER ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ
БІЗДІҢ АВТОКӨЛІКТЕРІМІЗ
Сіздің өмір сүру образыңызға және жүргізу стиліңізге сәйкес келетін нұсқаны табу үшін біздің автокөліктеріміздің бүкіл желісін зерттеп және модельдерді өзара салыстырып көріңіз.
НАЗАРЫМЫЗДЫҢ ОРТАСЫНДА: БЕНЗИНДІК ЖӘНЕ ДИЗЕЛЬДІК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР
Неліктен дизельдік қозғалтқыштар сынға ұшырайды? Заңнамадағы өзгерістер сіздің күнделікті мініп жүрген автокөлігіңізге қалай әсер етеді? Күштік агрегаттардың ең көп таралған екі түріне арналған ең жаңа материалдармен танысыңыз.
* Дизельді автокөліктер тек Әзірбайжан, Ирак, Палестина, Алжир, Мысыр, Марокко және Тунис елдерінде ғана қолжетімді.
** Гибридті автокөліктер (PHEV) тек Әзірбайжан, Иордания, Ливан, Палестина және Марокко елдерінде ғана ұсынылады.