ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

JAGUAR LAND ROVER LIMITED САЙТТАРЫ: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
 
Бизнестің халықаралық сипатына байланысты Land Rover дербес деректерді ЕО-дан тыс жерде өңдеп, сақтайды. Сізден осындай өңдеуге келісім беруіңізді сұраймыз. Өкінішке орай, бас тартсаңыз, осы сайт арқылы салатын сұрауларыңызды өңдей алмаймыз. Деректерді ТЕК сіздің сұрауыңызды өңдеу үшін ғана қолданатынымызды атап өткен маңызды, бұл ретте Land Rover оларды алдағы байланыстарды орнату үшін қолдана алады (төменде келтірілген Құпиялылық саясатының талаптарын сақтаған жағдайда).
 
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
 
Jaguar Land Rover Limited компаниясы сайттарға әрбір келушінің құпиялылығын құрметтейді. Сіз туралы жиналған кез келген ақпарат, біріншіден, сіз сұраған қызметтерді көрсету үшін және, екіншіден, біздің қызмет көрсету деңгейімізді жақсарту үшін қолданылады. Осының барлығы ақпаратты тиісінше қолданумен қатар жүреді.
 
Біз сіздің деректеріңізді Jaguar Land Rover Limited, оның еншілес немесе қауымдастырылған компаниялары, сондай-ақ осы кез келген компанияның және Land Rover тікелей немесе жанама түрде сіздің мүддеңізде қызмет көрсетуге келіскен кез келген басқа компанияның дилерлерінен, агенттіктері мен лицензиаттарынан тыс ешкімге ашпаймыз. Деректер деректерді қорғауға қатысты қолданыстағы құқықтық ережелерге сәйкес өңделетін болады және бастапқыда Еуропалық одақтың ішінде немесе әлемнің кез келген жерінде сақталып, өңделуі мүмкін. Деректер тек Land Rover өнімдері мен қызметтерін және ілеспе тауарларды жылжыту үшін пайдаланылады.
 
Жеке тұлға ретінде өзіңіз туралы қандай ақпаратты сақтайтынымызды білуге және қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге құқығыңыз бар. Сондай-ақ бізден бұл ақпаратты пайдаланбауды сұрауға да құқығыңыз бар. Біз сіздің талаптарыңызды орындау үшін бар күшімізді саламыз. Алайда кейбір заңнамалық актілер, әсіресе қауіпсіздік немесе қаржылық реттеу мәселелеріне байланысты актілер (мысалы, Land Rover Financial Services жағдайында) бұған кедергі келтіруі мүмкін.
 
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ ҰСЫНЫЛҒАН БАҒАЛАР МЕН ӨНІМДЕР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ
 
Толық рәсімделетін автокөліктің бағасы автокөліктің ұсынылған бөлшек сауда бағасынан, дилерге дейін жеткізуден, ҚҚС-тан, 12 айлық мемлекеттік лицензиядан, көлік құралын бірінші рет тіркегені үшін мемлекеттік баждан және нөмірлік белгілердің бағалау құнынан тұрады. Опциондық бағалар жаңа автокөліктің жеткізілім көлемдерін ескереді. Land Rover саясаты өнімдерді үнемі жетілдіруге негізделеді. Біз осы сайтта бейнеленген және сипатталған модельдер мен аксессуарлардың техникалық сипаттамаларын, түстерін және бағаларын кез келген уақытта өзгерту құқығын өзімізге қалдырамыз.
 
Біз соңғы жаңарту жүргізілген кезде ақпараттың, деректердің және сипаттамалардың дұрыс көрсетілуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін тапсырыс берер алдында Land Rover дилерінен автокөліктің техникалық сипаттамаларын нақтылау ұсынылады.
 
Landrover.com сайтында бірнеше сатылатын нұсқа ұсынылған. Landrover.com басты бетіндегі тілді таңдау функциясы арқылы нақты нарық сайтына кіруге болады. Жергілікті сайттағы ақпарат әр автокөліктің сипаттамаларына және осы нарықта қолжетімді сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қатысты болып келеді. Көлік құралы туралы ақпарат нарыққа байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл сайтта ештеңе де Land Rover компаниясының немесе оның дилерлерінің қандай да бір автокөлікті сату туралы ұсынысы болып саналмайды.
 
Ұсынылған түстердің үлгілері тек қолжетімді реңктерге шолу болып табылады. Өкінішке орай, суреттер жоғары сапалы бояудың көмегімен боялған автокөлік бетінің сыртқы көрінісін дәйекті түрде жеткізе алмайды.
 
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР [FAQ]
 
1. Land Rover компаниясы тарапынан деректерді жинаудың қандай артықшылықтары бар?
2. Land Rover сайттары қандай ақпаратты жинай алады?
3. Land Rover бұл ақпаратты қалай жинайды және сақтайды?
4. Land Rover бұл ақпаратты қанша уақыт бойы сақтайды?
5. Дербес деректер қайда сақталады?
6. Land Rover бұл ақпаратты неліктен жинайды?
7. Бұл саясат кімге қолданылады?
8. Land Rover компаниясының балалардың құпиялылығына қатысты міндеттемелері.
9. Cookie файлдары дегеніміз не?
10. Клиент профильдері дегеніміз не?
11. Өзім туралы ақпаратты қалай түзетуге болады?
12. Тіркелгім келсе, не істеуім керек?
13. Тіркелуден бас тартсам, не болады?
 
Land Rover компаниясы тарапынан деректерді жинаудың қандай артықшылықтары бар?
 
Бұл ақпаратты жинау Land Rover компаниясына келесі мақсатқа жетуге көмектеседі;
1. Сізге сайтты пайдалану оңайырақ болады, өйткені ақпаратты қайта енгізудің қажеті жоқ.
2. Біз ақпаратты тезірек ұсына аламыз.
3. Біз сізге дербестендірілген мазмұнды көрсете аламыз.
4. Сіз Land Rover компаниясы ұсынатын қызметтерді немесе мәліметтерді тезірек таба аласыз.
5. Біз ақпаратты сайттың жұмысын жақсарту үшін қолданатын боламыз.
6. Біз сайтты пайдаланудың жалпы үрдістері мен сипатын бағалай аламыз.
7. Біз сізге жаңа өнімдер, арнайы ұсыныстар, жаңартылған ақпарат және, Land Rover пікірінше, сізді қызықтыратын басқа да жаңалықтар туралы хабарлаймыз. Рұқсат берген болсаңыз, біз басқа компанияларға сізбен тікелей байланысуға рұқсат бере аламыз.
8. Біз Landrover.com сайтындағы алдыңғы іс-әрекеттеріңізге негізделе отырып, өнімдер, ұсыныстар және қызметтер туралы өзекті ақпаратты көрсетеміз.
9. Біз Landrover.com сайтында сіздің сүйікті медиафайлдарыңызды (тұсқағаздар, бейне, аудио), автокөліктердің конфигурацияларын және таңдаулы дилерлер туралы ақпаратты сақтаймыз.
 
Land Rover сайттары қандай ақпаратты жинай алады?
Land Rover компаниясының мамандары сізге жеке ақпаратыңызды мүмкіндігінше көбірек бақылауды ұсынуға тырысады. Сіз бізге өзіңіздің кім екеніңізді айтпастан және өзіңіз туралы ешқандай ақпарат берместен, Land Rover сайттарына кіре аласыз. Алайда кейде бізге сіз туралы мәліметтер, мысалы, сіздің аты-жөніңіз бен мекенжайыңыз қажет болуы мүмкін. Біз сізге бұл туралы ақпарат жинау басталғанға дейін хабарлауға ниеттіміз.
 
Тіркеуге дейін де сайтты қалай пайдаланғаныңыз туралы жасырын ақпаратты жинайтын боламыз. Бұл кез келген сайт үшін стандартты процедура. Жиналған ақпарат сіздің жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік бермейді, бірақ бізге маркетингтік мақсаттар үшін немесе көрсетілетін қызметті жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін.
 
Қызметті жақсарту үшін біз сізді осы Landrover.com сайтына әкелген сайт (мысалы, Google іздеу) немесе баннер туралы жасырын ақпаратты жинаймыз.
 
Land Rover компаниясына бізге қажет болуы мүмкін жеке ақпаратты бергіңіз келсе (мысалы, сізбен хат алмасу немесе жазылым ұсыну үшін), біз сізге осындай ақпаратты қолдану жолымыз туралы хабарлаймыз. Бұл ақпарат сізбен одан әрі байланыс орнату үшін пайдаланылғанын қаламасаңыз, біз сіздің талап-тілегіңізді міндетті түрде ескереміз.
 
Land Rover бұл ақпаратты қалай жинайды және сақтайды?
Сайт сіз туралы ақпаратты әртүрлі тәсілдермен жинай алады: оны сізден тікелей сұрау арқылы (тіркеу нысанындағыдай) немесе сайтқа кіруіңіз туралы ақпаратты автоматты түрде жазу арқылы. Мысалы, біз сіздің сайт бойынша жылжуыңыз туралы деректерді жинай аламыз немесе сіз жасаған әрекеттерді жазып ала аламыз.
 
Ақпарат физикалық және техникалық шаралардың үйлесімімен қорғалған қауіпсіз ортада сақталады. Бұл ақпаратқа қоғамдық қолжетімділік ұсынылмайды.
 
Land Rover бұл ақпаратты қанша уақыт бойы сақтайды?
Бұл ақпарат сізге ең жақсы қызмет көрсетуге және талап-тілектеріңізді құрметтеуге көмектесетін болса, Land Rover оны қауіпсіз және қорғалған ортада сақтайды. Сонымен қатар заңнама бізге бұл ақпаратты белгілі бір уақыт аралығында сақтауға міндеттей алады. Бізде сақталған ақпаратты өзгерту немесе жаңарту тәсілін білу үшін осы бөлімдегі тиісті тармаққа өтіңіз.
 
Дербес деректер қайда сақталады?
Land Rover көптеген елдерде жұмыс істейді. Біз өз клиенттерімізге қай жерде болмасын үздіксіз қызмет көрсетуге тырысамыз, сондықтан сайттарымызды бір орталық кеңсенің көмегімен басқарамыз. Қазіргі уақытта ол Біріккен Корольдікте орналасқан, бірақ біз басқа елдердің, соның ішінде Америка Құрама Штаттарының веб-қызметтерін де қолданамыз. Еуропада да, Америка Құрама Штаттарында да қолданылатын деректерді қорғау туралы бірыңғай заңдар жинағы жоқ; Еуропа заңдары сіздің дербес деректеріңізді АҚШ-қа жіберудің және сақтаудың алдында сізден біржақты келісімді талап етеді.
 
Land Rover бұл ақпаратты неліктен жинайды?
Бұл ақпарат бізге қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін қажет. Өз өнімдеріміз бен қызметтерімізді сіздің нақты қажеттіліктеріңізге сәйкес бейімдегіміз келеді.
 
Бұл саясат кімге қолданылады?
Бұл саясат жеке тұтынушылар мен компания өкілдерінің пайдалануына арналған сайттарға қатысты қолданылады.
 
Land Rover компаниясының балалардың құпиялылығына қатысты міндеттемелері
Балалардың жеке өмірін қорғау өте маңызды. Осы себепті біз, білуімізше, 16 жасқа толмаған келушілердің ақпаратын ешқашан жинамаймыз немесе сақтамаймыз.
 
COOKIE ПАЙДАЛАНУ САЯСАТЫ
 
Cookie файлдарын жою
Шолғыштың Cookies қалтасында орнатылған cookie файлдарын жою оңай. Мысалы, Microsoft Windows Explorer қолдансаңыз:
 
Windows Explorer ашыңыз
Аспаптар тақтасындағы «Іздеу» түймесін басыңыз
«Қалталар мен файлдар» опциясындағы іздеу жолағына «cookie» сөзін енгізіңіз
«Іздеу жолы» жолағынан «Менің компьютерім» тармағын таңдаңыз
«Іздеуді бастау» түймесін басыңыз
Табылған қалталарды екі рет басыңыз
Кез келген cookie файлын таңдаңыз
Компьютер пернетақтасындағы Delete пернесін басыңыз
 
Microsoft Windows Explorer қолданбасаңыз, cookie файлдары қалтасын қайдан табуға болатыны туралы ақпарат алу үшін «Анықтама» опциясынан «cookies» тармағын таңдауыңыз керек.
 
Өзіңіз туралы ақпаратты қалай түзетуге болады?
Кейбір Land Rover сайттарында сіз берген жеке ақпаратты көруге және жаңартуға мүмкіндік беретін тіркеу беттері бар. Басқа жағдайларда сізге бар болғаны қатысудан бас тарту мүмкіндігі беріледі. Егер сізге Land Rover сайтында бұрын берген дербес деректерді түзету қажет болса, нұсқауларды орындаңыз.
 
Интернет пен сайттарды қауіпсіз пайдалану
Интернет қауіпсіз жүйе емес. Онлайн режимінде ашып жатқан ақпаратқа қатысты тұрғыда абай болыңыз. Land Rover сайттарында жиналған дербес деректер көпшілікке қолжетімді емес қорғалған операциялық орталарда сақталады. Кейбір жағдайларда дербес деректер тиісті қауіпсіздік технологиясын қолдана отырып, әрекетті орындамас бұрын шифрланады.
 
Тіркелуден бас тартсам, не болады?
Егер сіз тіркелмеуді немесе жеке ақпаратты ұсынбауды шешсеңіз, Land Rover сайттарының көпшілігін пайдалана аласыз. Дегенмен сіз тіркеуді қажет ететін бөлімдерге кіре алмайсыз. Сіз тіркелмесеңіз де, біз кейде сайтты қалай пайдаланғаныңыз туралы анонимді ақпарат жинап тұрамыз. Бұл ақпарат жеке өзіңізді анықтауға мүмкіндік бермейді, бірақ маркетинг немесе біз ұсынатын қызметтерді жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін.
 
Cookie — бұл сайттан компьютеріңіздің қатты дискісіндегі шолғыштың cookie файлына жіберілетін, сайтқа сізді есте сақтауға мүмкіндік беретін ақпараттың мәтіндік жолағы. Cookie файлдары сайтқа мазмұнды қалауыңыз бойынша тезірек ұйымдастыруға көмектеседі. Барлық негізгі сайттар cookie файлдарын пайдаланады. Тек cookie файлдары арқылы келушіні анықтау мүмкін емес.
 
Cookie файлы, әдетте, ол шыққан домендік атауды, cookie өтіп кету мерзімін, сондай-ақ оның мәнін — әдетте, ерікті түрде жасалған бірегей нөмірді қамтиды.
 
Бұл сайт cookie файлдарының екі түрін пайдаланады:
 
Уақытша болып табылатын және сайттан шыққанға дейін шолғышыңыздың cookie файлында сақталатын сессиялық cookie файлдары.
Шолғышыңыздың cookie файлында ұзағырақ сақталатын тұрақты cookie файлдары (ұзақтығы әрбір нақты cookie файлының жарамдылық мерзіміне байланысты өзгереді).
 
Cookie осы сайтта қалай пайдаланылады және қандай ақпарат жиналады?
 
Сессиялық cookie файлдары келесі мақсаттарда қолданылады:
- Ақпаратты парақтар арасында тасымалдау үшін, осылайша пайдаланушылар ақпаратты әрбір рет қайтадан енгізу қажеттілігінен босатылады.
- Пайдаланушыларға сақталған тіркеу ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін.
 
Тұрақты cookie файлдары сайтқа келесі мүмкіндік береді:
- Сайтқа қайта кірген кезде пайдаланушыларды ажырату (тек нөмір бойынша, пайдаланушылардың жеке басын анықтау мүмкін емес).
- Пайдаланушының қалауына сәйкес мазмұнды немесе жарнаманы таңдау және бір жарнаманы бірнеше рет көрсетпеу.
- Келушілердің сайтты қалай пайдаланатынын түсінуге және оның құрылымын жетілдіруге мүмкіндік беретін жиынтық анонимді статистикалық деректерді жинау. Cookie файлдарын осылай пайдалану пайдаланушыларды анықтауға мүмкіндік бермейді.
 
Бөгде ұйымдардың cookie файлдары
Үшінші тараптар cookie файлдарын осы сайт арқылы береді. Cookie файлдары келесі мақсаттарда қолданылады:
 
- Біздің сайтта жарнамалық хабарламаларды орналастыру және пайдаланушылардың тиісті ауысуларын қадағалау.
- Белгілі бір жарнаманы қаншалықты жиі көретініңізді бақылау.
- Мазмұнды сіздің қалауыңызға бейімдеу.
- Біздің сайтты жасырын пайдаланушылар санын есептеу.
- Себеттердің немесе транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
 
Веб-маяктар
Біздің кейбір веб-беттерімізде осы беттерге кірген пайдаланушыларды санауға мүмкіндік беретін веб-маяктар (бос GIF деп те аталады) деп аталатын электрондық суреттер болуы мүмкін. Веб-маяктар шектеулі деректер көлемін жинайды: cookie файлының нөмірі, бетті қараған уақыт пен күн және веб-маяк орналасқан беттің сипаттамасы. Біз бөгде жарнама берушілері орналастырған веб-маяктарды пайдалана аламыз. Бұл маяктар ешқандай жеке ақпаратты тасымалдамайды және тек белгілі бір науқанның тиімділігін бақылау үшін қолданылады.
 
Cookie файлдарын өшіру және қосу
Сіздің шолғыштың баптауларын өзгерту арқылы cookie файлдарын қабылдау немесе қабылдамау мүмкіндігіңіз бар. Алайда, егер cookie өшірілген болса, сіз біздің сайттың барлық интерактивті функцияларын пайдалана алмайсыз. Егер сіз cookie файлын қатты дискіге жібермес бұрын хабарлама алғыңыз келсе, келесі нұсқауларды орындаңыз:
 
Internet Explorer 7.0+ шолғышында:
- Құралдар мәзіріне өтіңіз
- Internet Options түймесін басыңыз
- Privacy қойындысына өтіңіз
- Жүгірткіні жылжыта отырып, таңдаулы баптауларды таңдаңыз
- Егер сіз енді cookie файлдарын алып тұрғыңыз келмесе, High қауіпсіздік деңгейін таңдаңыз
- OK түймесін басыңыз
- General қойындысына өтіңіз
- Browsing History бөліміндегі Delete түймесін басыңыз
- Delete Browsing History қалқымалы терезесінде Delete Cookies түймесін басыңыз
- Бұл барлық cookie файлдарын жояды
 
Бұл файлдарды жойғаннан кейін сізде cookie файлдары болмайды және сіздің шолғышыңыз сіз таңдаған қауіпсіздік деңгейіне сәйкес жаңа cookie файлдарын жібермейді немесе алмайды.
 
Internet Explorer 6.0+ шолғышында:
- Құралдар мәзіріне өтіңіз
 
- Internet Options түймесін нұқыңыз және Privacy қойындысына өтіңіз
- Жүгірткіні жылжыта отырып, таңдаулы баптауларды таңдаңыз
- Егер сіз енді cookie файлдарын алып тұрғыңыз келмесе, High қауіпсіздік деңгейін таңдаңыз
- OK түймесін басыңыз
- Cookie каталогыңызға өтіңіз
- Онда орналасқан барлық файлдарды жойыңыз — бұл барлық cookie файлдарын жояды
 
Бұл файлдарды жойғаннан кейін сізде cookie файлдары болмайды және сіздің шолғышыңыз сіз таңдаған қауіпсіздік деңгейіне сәйкес жаңа cookie файлдарын жібермейді немесе алмайды.
 
Mozilla Firefox 3.0+ шолғышында:
- Құралдар мәзіріне өтіңіз
- Options түймесін басыңыз
- Privacy түймесін басыңыз
- Егер сіз cookie файлын сақтағыңыз келмесе, Accept cookies from sites тармағынан құсбелгіні алып тастаңыз
- Сол терезеде cookie файлын жою үшін Clear now түймесін басыңыз
- Clear Private Data тармағында Cookies белгісін қойыңыз
- Clear private data now түймесін басыңыз
 
Бұл файлдарды жойғаннан кейін сізде cookie файлдары болмайды және сіздің шолғышыңыз сіздің баптауларыңызға сәйкес жаңа cookie файлдарын жібермейді немесе алмайды.
 
Mozilla Firefox 2.0 шолғышында:
- Tools (немесе Linux-та Edit) мәзіріне өтіңіз
- Options (немесе Linux-та Preferences) түймесін басыңыз
- Сол жақ тақтадағы Privacy белгішесін түртіңіз
- Cookies түймесін басыңыз
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
- Бөгде cookie файлдарын құлыптау опциясы Firefox 2 пайдаланушы интерфейсінен жойылғанын ескеріңіз
 
Mozilla Firefox 1.5 шолғышында:
- Tools (немесе Linux-та Edit) мәзіріне өтіңіз
- Options (немесе Linux-та Preferences) түймесін басыңыз
- Сол жақ тақтадағы Privacy белгішесін түртіңіз
- Cookies түймесін басыңыз
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
 
Safari 2.0.+ шолғышында:
- Safari мәзірінен Preferences таңдаңыз
- Security белгішесін таңдаңыз
- Cookie баптаулары терезеде көрсетіледі
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
 
Safari 1.2.+:
- Safari мәзірінен Preferences таңдаңыз
- Security белгішесін таңдаңыз
- Cookie баптаулары терезеде көрсетіледі
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
 
Opera 8.5.0
- File мәзіріне өтіңіз
- Preferences түймесін басыңыз
- Privacy тармағын таңдаңыз
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
 
Netscape 7.0+ қолдансаңыз:
- Мәзір жолағынан Edit дегенді таңдаңыз
- Preferences түймесін басыңыз
- Privacy түймесін басыңыз & Security
- Cookies жолағын таңдаңыз
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
- OK түймесін басыңыз
- Start түймесіне өтіңіз
- Find түймесін басыңыз
- Files and Folders дегенді басыңыз
Пайда болған іздеу жолағында cookies.txt енгізіңіз
- Find Now түймесін басыңыз
- Іздеу нәтижелері пайда болған кезде, тізімдегі барлық файлдарды себетке сүйреп апарыңыз: бұл барлық cookie файлдарын жояды
- Енді Netscape шолғышын жауып, қайта іске қосыңыз
 
Алдыңғы таңдауыңызға байланысты сізден жаңа cookie файлдарын орнату немесе cookie файлдарын орнатпау немесе алмау сұралады.
 
Cookie файлдарын жою
Шолғыштың Cookies қалтасында орнатылған cookie файлдарын жою оңай. Мысалы, Microsoft Windows Explorer қолдансаңыз:
 
Windows Explorer ашыңыз
Аспаптар тақтасындағы «Іздеу» түймесін басыңыз
«Қалталар мен файлдар» опциясындағы іздеу жолағына «cookie» сөзін енгізіңіз
«Іздеу жолы» жолағынан «Менің компьютерім» тармағын таңдаңыз
«Іздеуді бастау» түймесін басыңыз
Табылған қалталарды екі рет басыңыз
Кез келген cookie файлын таңдаңыз
Компьютер пернетақтасындағы Delete пернесін басыңыз
 
Microsoft Windows Explorer қолданбасаңыз, cookie файлдары қалтасын қайдан табуға болатыны туралы ақпарат алу үшін «Анықтама» опциясынан «cookies» тармағын таңдауыңыз керек.
Өзіңіз туралы ақпаратты қалай түзетуге болады?
Кейбір Land Rover сайттарында сіз берген жеке ақпаратты көруге және жаңартуға мүмкіндік беретін тіркеу беттері бар. Басқа жағдайларда сізге бар болғаны қатысудан бас тарту мүмкіндігі беріледі. Егер сізге Land Rover сайтында бұрын берген дербес деректерді түзету қажет болса, нұсқауларды орындаңыз.
 
Интернет пен сайттарды қауіпсіз пайдалану
Интернет қауіпсіз жүйе емес. Онлайн режимінде ашып жатқан ақпаратқа қатысты тұрғыда абай болыңыз. Land Rover сайттарында жиналған дербес деректер көпшілікке қолжетімді емес қорғалған операциялық орталарда сақталады. Кейбір жағдайларда дербес деректер тиісті қауіпсіздік технологиясын қолдана отырып, әрекетті орындамас бұрын шифрланады.
 
Тіркелуден бас тартсам, не болады?
Егер сіз тіркелмеуді немесе жеке ақпаратты ұсынбауды шешсеңіз, Land Rover сайттарының көпшілігін пайдалана аласыз. Дегенмен сіз тіркеуді қажет ететін бөлімдерге кіре алмайсыз. Сіз тіркелмесеңіз де, біз кейде сайтты қалай пайдаланғаныңыз туралы анонимді ақпарат жинап тұрамыз. Бұл ақпарат жеке өзіңізді анықтауға мүмкіндік бермейді, бірақ маркетинг немесе біз ұсынатын қызметтерді жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін.