Біз автокөлікке арналған кепілдік қолданылатын кемшіліктің нәтижесінде уақытты жоғалту, ыңғайсыздықтар немесе сізге келтірілуі (немесе басқа біреуге) мүмкін кез келген басқа кездейсоқ немесе жанама нұқсан үшін жауапкершілік тартпаймыз. Алайда жөндеу сипатына байланысты (бөлшектердің болмауы, жөндеуге келмейтін ақаулық, қайтадан жөндеу) өтемақыны ұсына аламыз.
Егер автокөлік бес жұмыс күнінен артық уақыт бойы жөндеуде болса, автокөлігіңіздің келесі деректерін ұсынып, crcmena@landrover.com мекенжайы бойынша Land Rover CRC MENA қызметіне мәселеңіз туралы хабарлаңыз:
- VIN (шасси нөмірі)
- Автокөлікті сервистік цехке тапсыру күні
- Ел/қала және дилердің филиалы
- Автокөлікте қандай ақаулық анықталды?
- Бұл қайталанатын ақаулық па? Өтінеміз, толығырақ ақпарат беріңіз
- Қажет болған жағдайда, фотосуреттер мен бейнематериалдарды ұсынуға болады