Аспасының, тежеу жүйесінің және күштік қондырғысының инновациялық технологияларына ие болған бұл Range Rover Sport тарихтағы ең тез және динамикалық нұсқаға айналды. SV Edition One автокөліктерінің бәрі брондалып қойған, әйтсе де байланыс ақпаратын қалдыру арқылы сіз алғашқылардың бірі болып Range Rover Sport SV автокөлігінің басқа нұсқалары туралы біле аласыз.

ШЕКАРАЛАРДЫ КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП

Озық инновациялар жол талғамайтын көлікке арналған ілгерінді технологиялармен бірге. Жалған жұпынылықсыз ең үздік сипаттамалар.

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДИНАМИКА

Жайлылыққа нұқсан келтірместен шыңдық қуаттан ләззат алыңыз. 6D динамикалық пневматикалық аспасы бойлық және көлденең тербелісті толықтай дерлік жояды. Бұл технология жол талғамайтын көлікте алғашқы дебюттік қолданысқа енгізілуде және бұл динамикалық әлеуетті толық ашу үшін Range Rover Sport SV EDITION ONE әбден жетілдірілген шассиімен үйлеседі.

МУЗЫКАНЫ СЕЗІНІҢІЗ

Автокөліктерге арналған виброакустикалық шешімдердің жаңа буыны саладағы көшбасшы SUBPACТМ технологиясының арқасында мультисенсорлық дыбысты қамтамасыз етеді. Body And Soul (BASS) инновациялық орындығында алты түрлі сауықтыру бағдарламасы қолжетімді. Музыканы жай ғана тыңдаудың орнына — оны сезініңіз.
SV-НІҢ БҮКІЛ ҚУАТЫН АШЫҢЫЗ

SV-НІҢ БҮКІЛ ҚУАТЫН АШЫҢЫЗ

Руль дөңгелегіндегі көмескі жарығы бар түйменің көмегімен SV Mode режимін іске қосыңыз. Автокөлік жол саңылауын 15 мм-ге төмендете отырып толық дайындық күйіне келеді. Енді дроссельді жапқыштың анағұрлым тез жауап әрекетін, берілістердің анағұрлым тезірек ауысуын, қолдарыңыздағы рульмен басқарудың салмағын сезініңіз де, түтін шығару жүйесінің қанық дыбысынан ләззат алыңыз.
МӘНЕРЛІ ДЫБЫС

МӘНЕРЛІ ДЫБЫС

Белсенді түтін шығару жүйесі жоғары өнімділікті SV автокөліктеріне тән мәнерлі дыбысты ғана қамтамасыз етіп қоймай, шекті айналымдар үшін қажетті оңтайлы термореттеуді де кепілдендіреді. Төрт келте түтіктері бар түтін шығару жүйесі тот баспайтын болаттан және көмірпластиктен жасалған әрлемеге ие болды.
ҚУАТТЫ ЖӘНЕ СЕЗІМТАЛ

ҚУАТТЫ ЖӘНЕ СЕЗІМТАЛ

Ерекше баптауларға ие болған 635 аттың күші, қос турбоайдауышы және «жұмсақ» гибрид технологиясы бар 4,4 литрлік V8 қозғалтқышы бұл Range Rover-ді тарихтағы ең қуатты ғана емес, ең жүйрік нұсқаға да айналдырады. Лезде жауап қатуды және айрықша басқарылуды қамтамасыз ете отырып, ол шыңдық қуатты бұған дейінгілерден әлдеқайда тиімді береді.

МӘНЕРЛІ КЕЛБЕТ

Бірден шынайы ниетін білдіре отырып, Range Rover Sport SV EDITION ONE мінсіз пропорциялар мен функционалдық әдемілікті үйлестіреді. Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін ауа ағыны мұқият реттеледі, ал аласалау жол саңылауы бұлшықетті, ойластырылған эстетиканы одан әрі айшықтап көрсетеді. SV Mode режимі көлік жүргізуден көбірек шабыт алу үшін жол саңылауының биіктігін қосымша азайтады.
Range Rover SV interior dashboard and infotainment system.

СӘН-САЛТАНАТТЫ СЕЗІНУ

Интерьер дизайны автокөлік пен жүргізушінің арасындағы байланысты бейнелейді: қуатты спорттық мінез талғампаздықпен және жайлылықпен үйлеседі.
ЗАМАНАУИ ЖАЙЛЫЛЫҚ

ЗАМАНАУИ ЖАЙЛЫЛЫҚ

Жеңілдетілген орындықтар дизайны жайлылық пен тиімділіктің шынайы заманауи деңгейі үшін 3D Knit zero waste технологиясы қолданыла отырып UltrafabricsТМ материалымен толықтырылған.
Range Rover Sport steering view

ҚОЛДАРЫҢЫЗДАҒЫ КҮШ

Қолдарыңыздағы күшті сезініңіз. Руль дөңгелегі бас бармақтарға арналған рельефті ойықтармен және тактильді сезімдерді жақсарту үшін жарықтандырылған жиектері бар инновациялық жартылай мөлдір руль астындағы берілістерді ауыстыру құлақшаларымен жабдықталған. Автокөліктің шынайы әлеуетін ашу және салонды қызыл түсті көмескі жарыққа толтыру үшін SV Mode түймесін басыңыз.
Range Rover SV automatic gear box

ӘРБІР БӨЛШЕККЕ КӨҢІЛ БӨЛУ

Әрбір бөлшектегі талғампаздық. Range Rover Sport SV EDITION ONE элиталы сағаттардағы секілді гауһар тасты ұстағандай жағымды сезім тудыратын негізгі жанасу нүктелеріндегі Black Ceramic сәндік элементтеріне ие болды.

ӨЗ RANGE ROVER SPORT SV АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ТАҢДАҢЫЗ

Range Rover Sport SV EDITION ONE үшін үш ұсынылатын ерекшелейтін түстер схемасы қолжетімді, әрқайсысы ортаңғы консольдегі, алдыңғы сплиттердегі, табалдырықтардың жапсырмаларындағы және сәлемдесу жарығындағы бірегей бренд белгісімен.

CARBON BRONZE MATTE

Сенімді келбет. Шанақ түсіне боялған көмірпластик капотымен, 23 дюймдік Carbon Fibre Satin Grey Tint дискілерімен және Cinder Grey and Ebony ТМ Ultrafabrics матасымен әрленген интерьерімен бірге Carbon Bronze Matte эксклюзивті шанақ түсімен ұсынылады.
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ БАҚЫЛАП ОТЫРЫҢЫЗ

ӘДЕТТЕГІДЕН ТЫС ИННОВАЦИЯЛАР

Range Rover Sport SV жаңа еліктіретін әдеттегіден тыс инновация бейнесі, өйткені ол біздің тұрақты түрдегі ерекшелікке ұмтылысымыздың арқасында жасалған.
ӘДЕТТЕГІДЕН ТЫС
ИННОВАЦИЯЛАР

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

RANGE ROVER SPORT EDITION ONE

RANGE ROVER SPORT EDITION ONE

Шекараны итермелейтін инновация.
RANGE ROVER SPORT ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

RANGE ROVER SPORT ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

Басқа деңгейде.
RANGE ROVER SPORT ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

RANGE ROVER SPORT ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

Барлық қолжетімді жинақтамалармен танысыңыз.

Суретте көрсетілген SV моделі үшін Carbon bronze Matte күңгірт түсі қолданылады, ол қазіргі уақытта толығымен таратылған және енді қол жетімді емес. Қол жетімділік туралы соңғы ақпарат алу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз.