Осы жыл мезгіліндегі ауа райы қандай?
Қазан мен қарашада күндер жылы (21–26 °С дейін), ал кештер салқын (шамамен 4 градус) болады. Түнде үсік жүруі мүмкін. Моабта әдетте жылына 300 күн шуақты болады.
Балаларға Land Rover Adventure Travel Experience бағдарламасына қатысуға рұқсат па?
Қауіпсіздік мақсатарында балаларға бұл бағдарламаға қатысуға тыйым салынған.
Арнайы киім қажет пе?
Берік әрі жүруге ыңғайлы бәтеңкелер, шұлық, күннен қорғайтын көзәйнек, күннен қорғайтын крем, бас киім, сондай-ақ желбегей, флиска және футболка.
Кешкі шараларға арналған дресс-код қандай?
Кешкі уақытта өзіңізге қолайлы кез келген киімді кие аласыз.
Басқа қандай да бір шаралар қолжетімді ме?
Ранчода атпен жүру, шараптар дегустациясы, өзен ағысымен жүзу, спорттық массаж сияқты және басқа да көптеген іс-шаралар ұсынылады. Қосымша ақпаратты сұраңыз.
Виза алу қажет пе?
Жергілікті консул қызметінен нақты талаптармен танысыңыз. Виза алу үшін жазбаша шақырту керек болса, бізге хабарласыңыз, біз оны ұсынамыз.
АҚШ-та қандай валюта қолданылады?
Жергілікті валюта АҚШ доллары болып табылады.
Өзіммен бірге фотоаппарат немесе бейнекамера алып баруыма бола ма?
Иә, әрине. Сондай-ақ өзіңізбен GoPro сияқты арнайы жабдықты ала аласыз, бірақ дрондарды пайдалану рұқсат етілмейді.