Closeup of Defender logo on Bonnet

DEFENDER ОҚИҒАСЫ

Defender қиындықтың не екенін білмейді. Мақсаты айқын жобаланған, тартымды және керемет берік, өзінің өткенін құрметтейтін, бірақ сонымен бірге болашақты болжайтын заманауи қаһарман.


Әлемдегі алғашқы сәтті азаматтық жол талғамайтын көлік континенттегі шытырман оқиғалар, жұмыс және гуманитарлық қызмет үшін жаңа көкжиектерді ашып, әлемді өзгертуге көмекті.


Defender — мәдени ландшафтымыздың да бір бөлігі. Ол корольдік отбасын бүкіл әлем бойынша турнеге алып барды және ең ірі кино жұлдыздар қатысқан іс-шаралардың ортасында болды.


Мұның бәрін екі адам, яғни ағайынды Уилкстер жүзеге асырды. Спенсер Уилкс Rover компаниясының басқарушы директоры болса, Морис әрқашан келешекке бет бұрған бас инженер болды.

New and Old Defender face to face under open sky

Defender тарихы 1947 жылы Уэльстің Англси аралындағы Ред Уорф шығанағында басталады. Морис Уилкс құмға адамзат тарихындағы ең ұлы көліктердің біріне айналатын көліктің контурларын сызды.


Бір жылдан кейін дайын Land Rover бүкіл әлемге таныстырылды. Өнеркәсіптік дизайнның бірегей туындысы жеңіл алюминий панельдерін, өте қысқа аспаларды және ең бастысы, толық жетекті таңдау мүмкіндігін қолдана отырып, максималды сыйымдылық үшін жобаланған.


Ең ескі модельдерден басқа барлық модельде беріліс қорабындағы қызыл және сары түймелері бар рычагтар екі және төрт дөңгелекті жетек арасында кез келген жағдайда оңай ауысуға мүмкіндік берді. Бұл — бүгінгі Defender көлігінде қолданылатын бірегей Terrain Response жүйесінің атасы.


Пайда болған соң бірнеше айдан кейін, Уилкстің туындысы бүкіл әлемде сатылымға шығарылды. Көп ұзамай ол британдық корольдік отбасын таситын болды. Кастомизацияланған артқы платформасы бар алғашқы мемлекеттік Land Rover патшайым Елизавета II мен Эдинбург герцогі, Филипп ханзаданың 1953 жылы Достастық бойынша алғашқы сапары кезінде көпшілікпен кездесу үшін пайдаланылды.


Өзінің ұзақ ғұмырында патшайым Елизавета II патшалық иеліктерінде Defender көлігін айдап жүргені жиі байқалды — Defender патша сарайына қызметін әлі де жалғастыруда.

Defender Old Model
ER 11 coronation batch

Бұл көлік планетадағы кез келген ландшафты бағындыруға дайын авантюристер үшін жаңа көкжиектер ашады. 1955-56 жылдары университеттің алты студенті Лондоннан Сингапурға дейін 18 000 миля жүріп өткенде, Оксфорд пен Кембридж университеттерінің Қиыр Шығыс экспедициясы сенсацияға айналды.


Осы секілді британдық Джордж бен Джинкс Роджер Африканың жойылып бара жатқан тайпалары мен жабайы табиғаты туралы айтып, жеті жыл ішінде өз универсалды көлігінде 10 000 миляны жүріп өтті. Канадалық биолог Бристол Фостер мен жабайы табиғат суретшісі Роберт Бейтмен бүкіл әлем бойынша 40 000 миля саяхат жасады. Мұндай оқиғалар өте көп.


Мұндай ерліктер жолсыз жерде көлік жүргізу бойынша мәдени қозғалыстың қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Камел Трофи деп аталатын жол талғамайтын көліктер бойынша бейресми әлем чемпионатының қатысушылары ең қиын экспедициялар немесе жай ғана табиғат аясында демалу үшін тамаша көпфункционалды құралды жасауға мұрындық болды.


Defender мұны жаһандық феноменге айналдырды. Ол әлі де шытырман оқиғалардың, жол талғамайтын көліктердің және гуманитарлық бастамалардың символы ретінде өзінің көшбасшылығын сақтап келеді.


Бұның ең басты себебі — Defender көлігінің қабілетті болып жобалануы. Әлі де солай. Әр нұсқа одан әрі ілгерілеп, басқа көліктер ілесе алмайтын стандарттарды бекітіп тастады.


Жаңа ұзын дөңгелек базасы түпнұсқа үлгіні әмбебап қылып, пикап пен универсал нұсқаларын қосуға мүмкіндік берді. Универсал түрі шатырдың бүйіріндегі альпі шамдарымен танымал, бұл өз кезегінде көлікте көбірек жарықты және тік тау жолдарымен жүру кезінде қосымша көріну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


Қозғалтқыштар қуаттырақ және тиімдірек бола бастады, бірақ ол әлі де бірінші кезекте функционалды көлік болып қала берді. Ертедегі «Comfort опциялар пакеті» тек шатырлар мен есіктердің қаптамаларын қамтыды. Дегенмен бір ерекшелік мәңгілік болып шықты. Яғни сіз әлі де берік және жуылатын резеңке кілемшелері бар Defender-ге тапсырыс бере аласыз.

Defender parked in desert

Алғашқы онжылдықта өндірілген көліктердің 70%-ы 150 елге экспортталды. Бұған дейін бірде-бір көлік жер бетіне мұншалықты көп жайылмаған. Әлемдегі көптеген адам бұл көлікті алғаш көрген болуы мүмкін.


Әлемдік сатылымға әскери нұсқалары шықты. Сол себепті де Defender атауына ие болды, ол кейінірек барлық нұсқаға қолданылды. Көптеген азаматтық модель эвакуатор, жедел жәрдем көлігі және гидравликалық платформа қызметін атқара отырып, өмірлік маңызы бар жұмыстарды тындырды.


Defender сонымен қатар раллиге қатысып, Боулердің автоспорт сарапшыларының арқасында мықты жарыс машинасына айналды.


Өзінің күмән тудырмайтын сенімділігімен бірегей жол талғамайтын көлік барған сайын сұранысқа ие бола бастады. 1958 жылғы II серия бүгінгі Defender-де сақталған бүйірлік иірілген сызықпен визуалды тартымдылығын арттыра түсті.

Defender Classic Editions in showroom

Бұл сыртқы көрінісі оны ең әдемі жерлерге апарды. 60-жылдары осы көлікпен бірге Мэрилин Монро, Стив Маккуин, Пол Маккартни сынды жұлдыздар суретке түсті.


Заманауи жайлылық III серияда 1971 жылдан бастап пайда бола бастады. Атап айтқанда, жұмсақ панельді қаптама және артында құрылғылары бар жаңа рульдік бағана. Ал жол бойында да, одан тыс жерлерде де қуатты жүрісті қажет ететіндер үшін V8 қозғалтқышы ұсынылды.


1982 жылғы округ бұл жол талғамайтын көліктің жай ғана қара жұмыс істейтін көлік емес екендігін тағы бір дәлелдеді. Ол жапсырмалары бар жаңа түстерімен ерекшеленді және алғаш рет матамен қапталған орындықтарды ұсынды.


Бір жылдан кейін «Ninety» және «One Ten» модельдері классикалық Defender өндірісінің соңына дейін өзгеріссіз қалған алдыңғы бөлігінің дизайнын ұсынды. Турбодизель келді, интерьердің әрлеуі жақсарды. Жаңа серіппелі аспаның арқасында жайлылық та артты.


Defender атауы 1990 жылы көпшілік назарына ұсынылды. Ол бүкіл әлемдегі клиенттердің қандай тамаша сезімде болғанын бейнелейді: сенімді, тұрақты, берік және адал. Ол жерді бағындыру үшін жаралған.

Defender off-road, grey / stormy weather

Бүгінгі Defender осы дәстүрді жалғастыруда. Дизайны қайта қарастырылған әйгілі Defender жолда да, одан тыс жерлерде де – әлемдік сарапшы. Бұл осы күнге дейін жасалған ең мықты және қабілетті Defender және оны тоқтату мүмкін емес әрі алыстан «мен мұндалап» тұрады.


90, 110 және 130 шанақтарында және сегіз орындыққа дейінгі жинақта қолжетімді және әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Ал Defender Hard Top — барынша функционалдық ұсынатын 90 және 110 шанақтарында жүретін кәсіби көлік.


Олардың барлығы Арктикадан бастап шөлге дейінгі ең қатаң жағдайларда сынақтан өтті. Әр шанақтың корпусы жол талғамайтын көлік бәсекелестерінің корпусынан үш есе берік.


Беріктік пен тұрақтылық — Defender-дің заманауи сәнді дизайнының ажырамас бөлігі. Defender 110 электр жетегі бар гибрид нұсқасында қолжетімді.


Өзінің батыл әрі харизмалық табиғатын көрсете отырып, ол Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясымен және Tusk Trust ұйымымен бірге гуманитарлық және қорғау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.


Ол бүкіл әлемдегі жас ұрпақты заманауи қаһармандарға айналуға шабыттандыра отырып, Lego тарихында мәңгі қалды. Ол кино жұлдызына да айналды.


Джеймс Бондтың жанкүйерлері СПЕКТР фильмінде 007 SPECTREқылмыскерлерді қуу үшін жасалған Defender 110 SVX Double Cabs көлігін тамашалады. Бірақ дәл бүгінгі Defender ең қатал сынақтардан өтті. Трюк сценаристері «No Time To Die» (Өлуге уақыт жоқ) атты Джеймс Бондтың 25-ші No Time To Dieжолсыз жердің төтенше жағдайларында барлық мүмкіндігін көрсетуге мәжбүрлей отырып, көз тартарлық қуалау көрінісін жасады.


Бұл енді дербес брендке айналған көлік үшін лайықты рөл болды. Defender келешекте электрлі көлік болуға бет алды, бірақ ол 1948 жылдан бергідей бостандық нышаны болып қала береді.

DEFENDER ТУРАЛЫ БАСҚА ДА ОҚИҒАЛАР

supporting confident women

АЛЫП БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРҒАН АРУ ЖАНДАР

Defender көмегімен күн сайын шекараларды сырып қоятын батыл әйелдерді құрметтейміз.
Red Cross

1954 ЖЫЛДАН БЕРІ ГУМАНИТАРЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР

Британдық Қызыл Креспен бірге бүкіл әлем бойынша қауымдастықтардың күшін, дайындығын және тұрақтылығын арттырады.
Woman is Going On A Road Trip with Defender

АРКТИКА РУСАЛКАСЫ

Фотограф Меган Хемсворт ең қауіпті теңіздердің сұлулығын суретке түсіруді қолға алды.

ЗЕРТТЕҢІЗ DEFENDER

Parked car in the desert

DEFENDER 130

Үшінші қатардағы орындықтармен жабдықталған және сегіз жолаушыға арналған өз класындағы ең жақсы кеңістікті ұсынады.
Side view of the parked car in the greenary

DEFENDER 110

Кеңістігі ұлғайтылған және опция түріндегі үшінші қатардағы орындықтары бар жеті орынды модификация.
Side view of the parked car

DEFENDER 90

Бес немесе алты орынды модификацияны таңдаңыз.