SV BESPOKE

БІР ЕРЕКШЕ АВТОКӨЛІКТЕР ЖАСАЙМЫЗ. СІЗ ОЛАРДЫ БІРЕГЕЙ ЕТЕСІЗ.
Бірдің бірегейі. Арнайы сіз үшін жасалған.

Сіздің ойыңызға сәйкес етіп біздің майталман дизайнерлеріміздің кеңесімен жасалған бірегей шедевр.

СІЗДІҢ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН КЕҢІСТІГІҢІЗ

Жасампаздығыңызға нәр беретін орта. Біздің шабыттандыратын дизайн студияларымыздың біріне бас сұғыңыз — бұл жерде шеберлік пен көрегендік үйлесім табады.


Сәнделетін Range Rover немесе Range Rover Sport көлігінің арасында таңдауыңызды жасағаннан кейін, SV Bespoke арнайы тағайындаған маман сізге әр қадам бойынша нұсқау беріп, сізді шығармашылық процесіне толық шомдырады. Сіз түстерді өз көзіңізбен көріп, жоғары сапалы былғарының серпімді жұмсақтығын немесе керамика әрлемелердің салқындығын қолмен сезесіз және туындыңызға жан бітіресіз.


Мұнда түпкі мақсат қана емес, оған жететін процесс те қызықты.

Зерттеулер салқынқанды дәлме-дәл есеппен жасалады.

ФИРМАЛЫҚ СТИЛЬ. ӘНШЕЙІН ҒАНА ҮЛГІ ЕМЕС.

Бұл — бір үлкен оқиғаның бастамасы. SV Bespoke клиенттеріне ұсынылатын айрықша реңктер, бай материалдар мен дәлме-дәл детейлингтің нышаны.

БОЛМЫСТЫ КӨРСЕТЕТІН ЭЛЕМЕНТТЕР

Әрбір контур, әрбір әрлеме және әрбір екпін — өнер туындысы. Жай әлемді кезіп қана қоймай, әлемнің оған деген көзқарасын өзгертіп жіберетін шедевр.

ШЫНАЙЫ ТҮСТЕРІҢІЗДІ КӨРСЕТІҢІЗ

ШЫНАЙЫ ТҮСТЕРІҢІЗДІ КӨРСЕТІҢІЗ

SV Bespoke палитрасында ұсынылған жарқын реңктердің кең ауқымын, соның ішінде айрықша түстер мен әрлемелерді шолыңыз.

Немесе өзіңіздің бірегей реңкіңізді таңдаңыз – ешқандай шектеу жоқ. Болмаса, өзіңіздің фирмалық пигментіңізді белгілеңіз — ешқандай шектеу жоқ. Шабытты сүйікті гүліңізден немесе құнды заттан алсаңыз да, біздің үлгіге сәйкестендіру қызметіміздің арқасында сүйікті түсіңіздің кез келген үлгісін әкелсеңіз болды — біз оның көшірмесін айнытпай жасап береміз.
НЮАНСТАР

НЮАНСТАР

Мүмкіндіктер әлеміне тереңірек бойлаңыз. Шабыт сыртқы акценттерді таңдаумен және таңдаулы материалдар мен түстерге скрипт жазып берумен жалғасады. Панорамалық шыны мен контрастты шатыр әрлемелерін ой таразысына салыңыз. Жарқын акцентті бұрыштарға назар аударыңыз. Капоттағы алуан түрлі етіп әрленген көтеріңкі әріптермен елдің назарын тартыңыз.
СТАНДАРТТАН ТЫС ШЕШІМ – ЕРЕКШЕ ТЕЖЕГІШТЕР

СТАНДАРТТАН ТЫС ШЕШІМ – ЕРЕКШЕ ТЕЖЕГІШТЕР

Кемел етіп жобаланған дөңгелек дискілерінің шабақтарының артына салынатын тежегіш қалыптарының көзге түсетін түстерінің ауқымынан таңдау жасаңыз. Дәлдікпен жобаланған, эксклюзив SV Bespoke әрлемелерінің жиынтығында ұсынылады. Сізді шынымен қозғайтын құймаларды таңдаңыз.

ІШТЕН ШЫҒАТЫН ШАБЫТ

Шектеулерден ада кабина. Нақты талғамдарыңызға бейімдеп жасалған жайлылық пен сапаны сезініңіз.

Әрбір тігіс, ажарланған және әрленген материалды сән-салтанат ұсақ бөлшектерден тұратынын түсінетін шеберлер ұқыптылықпен жасаған. Қолмен ажарланған ағаштан бастап бай былғары мен арнайы тапсырыспен жасалған металл бөлшектерге дейін әр элементтің айтар бір хикаясы бар. Ол — сіздің хикаяңыз.

ТАҢДАМАЛЫ ТҮСТЕР ПАЛИТРАСЫ

ТАҢДАМАЛЫ ТҮСТЕР ПАЛИТРАСЫ

Интерьеріңіздің реңкін таңдаңыз. Отырғыш, қаптауыш пен төбе қаптауышына арналған кең түстер палитрамыздан люкс сапалы былғары мен төзімді жасанды былғары материалдардың реңктерін қиыстырыңыз.

1200 қос реңкті комбинациямен контраст жасаңыз немесе 210 бірреңкті тақырыппен талғампаздық реңкін таңдап, кабинаңыздың түстері үшін тамаша бастапқы нүкте жасаңыз.
ЕЛЕУЛІ АЙЫРМАШЫЛЫҚ

ЕЛЕУЛІ АЙЫРМАШЫЛЫҚ

Өзіңіз жасаған негізге сүйеніп, интерьеріңіздің бөлшектерін әртүрлі материалдар, түстер мен әрлемелерді қиыстыра отырып жетілдіріңіз.

Отырғыштардағы дәл перфорациялар, сырмалар мен контрастты былғары және эксклюзив 3D тоқылған мата. Айналасы безендірілген ағашпен ажарланған қырма бет металдан немесе керамикадан жасалған жанасу нүктелері. Қосымша түс комбинациялары, мысалы, рульде немесе орталық консольде. Сіз үшін текстура сөйлесін.
СІЗДІҢ СТИЛІҢІЗ. ШЫН МӘНІНДЕ.

СІЗДІҢ СТИЛІҢІЗ. ШЫН МӘНІНДЕ.

Тұтастай дербес стильде тоқылған. Өзіңіз жасаған жалпы эстетиканың астын сызып тұрып көрсету үшін 100-ден астам контрастты тігіс комбинациясынан таңдау жасаңыз.

Өз дизайныңыз бойынша фрезермен немесе лазермен кестеленген бассүйегіш дизайндарымен, дербес табалдырық төсеніштерімен, орталық консольмен және есік карталарымен өз қолтаңбаңызды қалдырыңыз.

ШАБЫТ АЛЫҢЫЗ

SV Bespoke қызметінің шексіз мүмкіндіктерін ашыңыз.

ҮЛГІ КӨРСЕТЕДІ

ҮЛГІ КӨРСЕТЕДІ

Range Rover SV Bespoke көлігін сәндеудің асқар шыңын көрсететін таңдаулы үлгілер.
ЕРЕКШЕ БОЛУҒА АРНАЛҒАН

ЕРЕКШЕ БОЛУҒА АРНАЛҒАН

Өнімділік пен сән-салтанаттың меже белгісі — Range Rover Sport SV Bespoke көлігінің ұшар шыңы.
SV Bespoke қызметімен саяхатыңызды бүгін бастаңыз.

Range Rover Sand Edition

Араб даласының мәңгілік сұлулығына арналған Range Rover SV Bespoke Born of the Sand Edition — құм төбелерінің қозғалысын, жарығын және тыныштыққа толы айбынын өзіне сіңірген ерекше шығарылым.

Range Rover Tuwaiq Edition

Tuwaiq тауларының айбынды көрінісінен шабыт алған, заманауи сән-салтанаттың сирек әрі аса мұқият жасалған үлгісі.

Range Rover NZR Edition

Тек талғампаз жандарға арналған NZR Edition — Range Rover көлігінің ешбір нәрседен тартынбайтын шеберлік дәстүрінің айқын көрінісі.

Range Rover Ghazal Edition

Range Rover SV Bespoke Ghazal Edition — теңдессіз талғампаздық. Ең талғампаз клиенттеріміз үшін арнайы жасалған.