Special Vehicle Operations бөлімшесінде біз аңызға айналған автокөліктеріміздің негізгі артықшылықтарын барынша ашып көрсетуге тырысамыз. Жаңа Range Rover SV автокөлігі жағдайында бұл әлдеқайда жоғары сән-салтанатты және дербестендірудің қосымша мүмкіндіктерін білдіреді.
Былғарымен әрлеудің сәнді экологиялық баламасын қоса алғанда, бұрынғыдан да ауқымды жабдықтау және орындау мүмкіндіктерін ұсына отырып, жаңа Range Rover SV сіздің ұмтылыстарыңызды, дербестігіңіз бен стиліңізді жүзеге асыруға дайын. Бұл — шын мәнінде сіздің автокөлігіңіз.
Жаңа Range Rover SV дизайнының негізіне SV интерьері мен экстерьерінің опция ретіндегі екі нұсқасының бірін таңдау мүмкіндігі алынған. SV Serenity және SV Intrepid нұсқалары – салон мен шанақты әрлеудің таңдаулы түстері мен материалдарын таңдаудың екі түрлі тәсілі.
Нұсқалардың екеуінде де стандартты және ұзартылған дөңгелек базалары және қос турбоайдауышы бар, қуаты 530 а.к. құрайтын жетілдірілген V8, электр желісіне жалғанатын және кеңейтілген жүріс қоры бар қуаты 510 а.к. құрайтын гибридті жетекті, сондай-ақ бір қатарлы алты цилиндрлі әсерлі Ingenium D350 дизельдік қозғалтқышын қоса алғанда тиімділігі жоғары қуатты қозғалтқыштар қолжетімді.
Бұл керемет екі экстерьер нұсқасы арнайы түстік шешімдердің, сәндік қыстырмалардың және перфорациясы бар орындықтар дизайнының арқасында интерьермен мінсіз үйлеседі. Стандартты бір түсті Ebony және Perlino нұсқаларының комбинациясы салонның алдыңғы және артқы бөліктерінің әрлеуіне интерьерді визуалды түрде аймақтарға бөліп тұрған контрастілі екі түсті шешім қалыптастырады.
SV автокөлігінде алғаш рет бүкіл салонның әрлеуіне қолданылатын табиғи былғарыға балама экологиялық материалдар қолжетімді.
Салонның алдыңғы бөлігінің әрлеуіндегі SV Serenity нұсқасының сән-салтанат тақырыбын Perlino әрлеуі мен Liberty Blue, Sequoia Green немесе Caraway түсті былғарымен контрастілі үйлестігі аша түседі. SV Intrepid нұсқасындағы интерьер үшін Ebony түсті табиғи былғарымен, Rosewood және Ebony екі түсті былғарысымен, сондай-ақ Cinder Grey және Light Cloud Grey түсті Ultrafabrics материалымен әрлеу нұсқалары ұсынылады.MeridianТМ кинотеатрына барасыз,.
Біздің автокөліктеріміздің салонында үйіңіздегідей жайлы және тыныш. Ал сіздің сенімділігіңіз бен жайлылығыңызды озық технологиялар қамтамасыз етеді. Барлық SV нұсқалары үшін артқы орындықтардағы жолаушыларға арналған опция ретіндегі Range Rover үшін бұрын-соңды ұсынылған ең үлкен 13,1 дюймдік экрандары және барлық SV нұсқалары үшін эксклюзивті, дыбысы тамаша құлаққаптары бар мультимедиа жүйелері қолжетімді.
Біздің SV Signature Suite эксклюзивті төрт орындық нұсқамыз Range Rover үшін ең кемел SV интерьері болып табылады. Бұл нұсқа тек ұзартылған дөңгелек базасы бар автокөліктерде ғана ұсынылады және жолаушыларға сапардан теңдесі жоқ әсер алуды кепілдендіреді.
Ортада көптеген жасырын функциялары бар алдыңғы және артқы орындықтарға арналған толық өлшемді консоль орналасқан. Электржетекпен орталық консольден іске қосқан кезде тұтас алюминийден жасалған қолайлы шағын үстел жайымен, шуылсыз қайырылып шығады және жазылады. Қажет болса, сонымен қатар әрлеменің астына жасырылған стақанқойғыштар да жайымен көтеріледі.
Автокөліктің заманауи сипаты мен сән-салтанатын айшықтап көрсету үшін біз керамика қолданылатын әрлеуді таңдадық. Бұл тегіс, берік материал сәнді сағаттар немесе зергерлік әшекей бұйымдар әлемінде жиі кездеседі.
Керамика жаңа Range Rover SV автокөлігінің сыртқы әрлеуінде де, ішкі әрлеуінде де қолданылады. Жүксалғыш есігін қара түсті дөңгелек SV логотипі бар ақ керамикадан жасалған қолмен жылтыратылған бейдж безендіріп тұр. Керамика автокөліктің сыртқы әрлеуінде бірінші рет қолданылып отыр, бұл оның бірегейлігін айшықтап көрсетеді.
Range Rover SV дербестендірудің қандай бағытын таңдасаңыз да, біз сізге таңдалған нұсқаны толық ашып көрсетуге көмектесетін қосымша әрлеу элементтерінің бүтін бір топтамасын ұсынамыз. SV әрлеу нұсқаларының арасынан бедерлі логотипі бар керамиканы, безендірілген немесе металл қыстырмалары бар табиғи ағашты, сондай-ақ анодталған металды немесе торлы шілтерді кездестіресіз.
Олар интерьердің, орталық консольдің, аспаптар тақтасының әрлеуінде және есіктерді сәндеуде қолданылады. Біз озық технологияларды, жаңа материалдарды және эксклюзивті қолмен әрлеуді біріктірген нағыз заманауи автокөлік жасап шығаруға тырыстық.
Сіздің жаңа Range Rover SV автокөлігіңіздің бірегейлігін ашып көрсету үшін SV Bespoke бірегей түстері секілді дербестендіру мүмкіндіктерін пайдалануыңызға болады.
SV мамандандырылған орталығына хабарласыңыз және өзіңіздің жеке стиліңіздегі Land Rover сән-салтанатының таңдаулы бейнесінің иегеріне айналыңыз.
* 2022 жылдың ортасынан бастап сатылымда.