Отбасының әрбір мүшесіне арналған. Әр қызықты оқиғаға арналған. Практикалық аксессуарлар жиынтығы және Discovery Sport көлігінің жекелендіру тәсілдері.
Заттар жиналған және жолға дайын. Қажетті нәрсенің барлығын алып, келесі сапарға дайындалыңыз.
Доңғалақ дискілерінің көптеген нұсқаларының, шанақ бояуының түстерінің және төбе нұсқаларының көмегімен өз Discovery Sport көлігіңізді дербестендіріңіз.
Әр отбасы — дара отбасы. Сіз қосымша опциялардың лайықты топтамасын таңдай отырып, Discovery Sport көлігін өз өмір салтыңыздың ерекшеліктеріне қарай дербестендіре аласыз.
Үшінші қатар топтамасымен бүкіл отбасы мүшелерін қасыңызға алып алыңыз. Ерекшеліктері:
— Жылжитын және жататын екінші қатар орындықтары
— Үшінші қатар орындықтары
— Үшінші қатарда отырған жолаушыларға арналған желдету ойықтары
Қозғалыс және маневр кезіндегі жайлылық, тиімділік пен сенімділік. Бұған кіретіндер:
— ClearSight артқы көрініс айнасы1
— Интеграцияланған «Click and Go» жүйесі
— Проекциялық дисплей22
— 3D шолу камерасы
Кез келген ауа райында ұзақ күннен кейінгі жайлылықтан рақат алыңыз. Бұған кіретіндер:
— Реттелетін салон жарығы
— Салондағы ауаны тазартудың жетілдірілген жүйесі
Қосымша жайлылық үшін қашықтан орындалатын функциялар және шытырман оқиғаларды жақсы көретіндер, ата-аналар мен үй жануары иелеріне арналған автокөлікке оңай кіру. Бұған кіретіндер:
— Фаралардың шалғай жарығын автоматты түрде басқару функциясы
— Электржетегі бар артқы есік
— Кілтсіз кіру жүйесі
Өмір салтыңызды ескеріп, аксессуарлардың мол желісін, соның ішінде заттарды және үй жануарларының тамағын сақтауға арналған шешімдерді пайдаланып, өз Discovery Sport көлігіңізді дербестендіріңіз.
1Жергілікті заңдарға сәйкес реттеледі. Егер екі немесе бірнеше фокусты линзаларды пайдаланатын тұлғалар ClearSight сандық артқы көрініс кескінінің фокусын оңай реттей алмаса, олар кез келген уақытта артқы көрініс айнасы режиміне қайтып орала алады. Кескін нақты уақыт режимінде көрсетілмейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоршаған жағдайды бақылау қажет. Жергілікті заңдарға сәйкес реттеледі.
2>Автокөлікке Pivi Pro жүйесі орнатылған жағдайда ғана алдыңғы әйнекте навигация нұсқаулары көрінеді.
3>Blind Spot Assist соқыр аймақты бақылау жүйесі соқтығысудың алдын алуға көмектеседі. Қозғалыс жолағын ауыстырған кезде көлік жүйеңіз соқыр аймақтағы басқа көлік құралын анықтайтын болса, рульді туралау қажеттігін автоматты түрде білдіреді.