МЫСАЛ БОЛЫҢЫЗ

Ең қолайлы Range Rover.

ТАЛҒАМПАЗДЫҚ ПЕН СӘН-САЛТАНАТ

БЕЛСЕНДІ ШУ БАСУ

Белсенді шу басу жүйесінің жаңа буыны* қажетсіз шуылдарды, дірілді және алаңдатушы факторларды кетіреді. Ол жеке тыныш аймақтар қалыптастыратын бассүйегіштердегі инновациялық динамиктермен жабдықталады.

ТҮСІНУГЕ ОҢАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

PIVI PRO АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БУЫНЫ

Марапаттарға ие болған Pivi Pro2 — біздің ең интуитивтік түсінікті ақпараттық ойын-сауық жүйеміз. Барлық басқару элементтері бір сенсорлық экранға жинастырылған. Сонымен бірге жүйе смартфондарға қарапайым қосылуды қамтамасыз етеді және көптеген қосылмалы сервистерді ұсынады.

ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК

Көлік жүргізу мен тұраққа қоюды жеңілдетуге арналған бірқатар мүмкіндіктерді таңдаңыз. Жүргізу тәжірибеңізді жақсарту үшін көптеген инновациялық технологиялар бар.
ИММЕРСИВТІ ДЫБЫС ШЫҒАРУ

ИММЕРСИВТІ ДЫБЫС ШЫҒАРУ

MeridianТМ Signature Sound аудиожүйесі дыбыстың шынайы ойнатылуын қамтамасыз етеді. Сабвуфер мен 34 динамик MeridianТМ технологиясының арқасында әрбір орындық үшін көлемді дыбыс жасап шығарады. Trifield 3D технологиясы.
ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Online опциялар пакеті Wi-Fi қосылу нүктесінің және Amazon Alexa секілді кіріктірілген қолданбалардың арқасында шексіз қосылу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бағдарламалық құралдың сымсыз жаңартылуының (SOTA) арқасында автокөлігіңізде әрдайым бағдарламалардың ең заманауи нұсқалары орнатылған болады*.
АРТҚЫ ҚАТАРДАҒЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

АРТҚЫ ҚАТАРДАҒЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

Артқы жолаушылар мультимедиа жүйесі мен жайлылықты арттыру функцияларын жайлылығы жоғары екінші қатар орындықтарының арасындағы шынтақтаянышта орналасқан 8 дюймдік дисплейі бар контроллердің көмегімен басқара алады.
ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

Автокөлікті басқаруды және тұраққа қоюды оңай әрі қауіпсіз етуге арналған функциялар таңдауға қолжетімді, ал көптеген инновациялық технологиялар жүргізу жайлылығын арттырады. 

ЦИФРЛЫҚ ЖАРЫҚДИОДТЫ БАСТЫ ЖАРЫҚ ФАРАЛАРЫ

Жақсартылған көру мүмкіндігі, шолу мүмкіндігі мен айқындығы тәуліктің қараңғы мезгіліндегі сапарлардың жайлылығы мен қауіпсіздігін анағұрлым арттырады. КЖЖ жиектемесі бар цифрлық жарықдиодты бас фаралар, кескінді проекциялау функциясы және бейімделетін жарық функциясы жолдың барлық бұрылыстарын болжау және оңтайлы жарықтандыруды қалыптастыру үшін навигация жүйесінің деректерін қолданады.

ЕРЕКШЕ МҮМКІНДІКТЕР

New Range Rover off-road capability

БАРЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІ РУЛЬМЕН БАСҚАРУ

Барлық дөңгелектерді рульмен басқару жүйесі стандартты жабдықтауға кіреді және бұрынғыдан да жатық жүрісті, жоғары жылдамдықтардағы тұрақтылықты және төмен жылдамдықтардағы жақсартылған маневрлілікті қамтамасыз етеді. Бұл модель тарихындағы ең маневрлі Range Rover.
Жаңа Range Rover көшеде тұрақта тұр

БҰЛТТАЙ ЖАЙЛЫЛЫҚ

Электрондық жолмен басқарылатын пневматикалық аспа Range Rover-мен бұрылыстардан өткен кезде жайбарақаттық пен жайлылық сезімін береді. Dynamic Response Pro динамикалық тұрақтандыру жүйесі жүру сипаттамаларын оңтайландыратын электронды басқарылатын белсенді бағдар тұрақтылығын бақылау жүйесінің (eARC) арқасында автокөліктің басқарылуын жақсартады. Сән-салтанатты келу үшін Range Rover отырғызу биіктігін автоматты түрде реттеу көмегімен түседі.
Range Rover көлігінің артқы көрінісі

ТІГІССІЗ ӨТПЕЛЕР

Бапталатын Terrain Response жүру режимдерін таңдау жүйесі көмегімен Range Rover кез келген жол жағдайы үшін динамикалық көлік жүргізу теңшелімдерін таңдаңыз және дербестендіріңіз. Жолдан қалаған жерге күш салмай жетіңіз. Жол жүру кезінде біздің интеллектуалды аспа жүйесі амортизаторлардың теңшелімдерін тұрақты оңтайландыра отырып, көлік жүргізу шеберлігін барынша арттырады.
Жаңа Range Rover теңіз жағасындағы жолмен келе жатыр

ЖОҒАРЫ БАҒДАР ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Электронды басқаруы бар белсенді артқы бұғатталатын дифференциал артқы ось дөңгелектерінің арасында сырғып өтуді бақылаудың арқасында бұрылыстарда және жолсыз жермен жүрген кезде жер бетімен үздік ілінісуді қамтамасыз ете отырып қосымша артықшылықтар береді.
Жаңа Range Rover тауда шығып келе жатыр

ТЕҢГЕРІЛГЕН ҚУАТ

Айналдыру моментін дөңгелекке динамикалық үлестіру жүйесі ең тік бұрылыстарда жоғары басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Электронды дифференциал мен тежеу жүйесі бұрылыстардағы тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, қозғалтқыштың айналдыру моментін барлық дөңгелектің арасында үлестіріп отырады.

АУҚЫМДЫ ДЕРБЕСТЕНДІРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

МОДЕЛЬДЕР ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ

Барлық қолжетімді жинақтамалармен танысыңыз.

RANGE ROVER SV

Кемел. Сәнді. Айрықша.

RANGE ROVER SV BESPOKE

Сандар мен фактілер.

Range Rover

Теңдесі жоқ сән-салтанат

Келтірілген сандар өндірушінің нәтижелері бойынша есептеліп, олар қолжетімді болғаннан кейін, сертификатталған сынақ деректеріне ауыстырылады. Тек салыстыру мақсатында берілген. Нақты пайдалану жағдайларындағы көрсеткіштер өзгешеленуі мүмкін. Энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері жүргізу стиліне, орта жағдайларына, таситын жүк, орнатылған дөңгелек және қосымша жабдық салмағына және ағымдағы бағыт және аккумулятордың күйіне байланысты өзгеруі мүмкін. Электр тарту күшіндегі жүріс қорының деректері стандартты маршрутта жүріп өткен сериялық автокөлік негізінде алынған.


§Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде көліктің шыққан жылы мен күйіне, қоршаған орта температурасына және аккумулятор зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысына және зарядталу ұзақтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.


*Қосымша мүмкіндіктер мен аксессуарлар ақылы түрде ұсынылады. Қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және нарыққа байланысты өзгешеленуі мүмкін немесе біраз функциялар үшін қосымша компонентті орнату қажет. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн конфигураторды пайдаланыңыз.


12020 жылы Panasonic компаниясы үшін жүргізілген және осы компания нәтижелерін ұсынған Texcell зерттеуі.


2Pivi, Pivi Pro және InControl функциялары, опциялар, үшінші тараптағы жеткізушілердің қызметтері және олардың сатылымда болу-болмауы нарыққа байланысты: оның сатылымда бар-жоғы туралы нақты мәліметті дилеріңізден сұраңыз және барлық талаппен танысып шығыңыз. Кейбір функцияның жұмысы үшін деректерді беру бойынша келісімшарт аясында ұсынылған SIM-карта қажет, бұл бастапқы кезеңнен кейін дилеріңіздің кеңесімен қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильдік желінің барлық жерде жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ түрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін.


3ClearSight GroundView жұмысы 360 айналадағы орта камералар жүйесіне байланысты. Кескін нақты уақыт режимінде көрсетілмейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоршаған жағдайды бақылау қажет. Қосымша опция


Таңдаулы нарықтарда ғана қолжетімді.


Жүргізуші мультимедиа функцияларын тек қауіпсіз жағдайда пайдалануы тиіс. Жүргізушілер көлікті толық бақылау астында ұстауы тиіс.


Apple CarPlay® — Apple Inc сауда белгісі. Apple Inc соңғы пайдаланушысы үшіншарттар қолданылуы мүмкін. Android AutoTM — Google LLC сауда белгісі.
Android AutoТМ — Google LLC компаниясының сауда маркасы.
App Store — Apple Inc компаниясының сауда маркасы.
Google Play Store — Google LLC компаниясының сауда маркасы.
MeridianTM — Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда белгісі, TrifieldTM және «үш аймақ» құрылғысы — Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.