СУАҒАРДАН ӨТУ СЫНАҒЫ

2022 жылы, Range Rover Sport пен жүргізуші-каскадер Джессика Хокинс Исландияның жанартау ландшафтын, шөгіп жатқан жартастар, су жарған үңгіртауларды және бір жан бұрын-соңды көтерілмеген Каурахньюкар бөгетін тонналап сарқыраған су арасымен өтіп бағындырды1,2.

Біз сайма-сай көліксіз, және де өзім сол көлікті жүргізетіндіктен, алаңсыз сенімді күйде болмағанымда, қойған мақсатымызға жете алмайтын едік. Көліктің көптеген функциялары осы каскадерлық өнерді көрсетуді мүмкін етті, бірақ өз басым төрт дөңгелекті басқару функциясына тәнті болдым.
Джесс Хокинс, жүргізуші
Range Rover Sport көлігі орманды жердегі сынақ жолдың бойында судан өтуі

ШАТҚАЛ

Сынақ аңғар табанының рақымсыз әрі қауіпті бедерінен басталды, жол әрі қарай жағасын су жарған арна мен бөгеттің тас үңгіртаулары арқылы жетеледі.
ӨРЛЕУ

ӨРЛЕУ

Жағаларын су жарған үңгіртауларды еңсергеннен кейін, жүрек жұтқан Хокинс құлама беткейімен және бөгеттің үгілген тастарымен көтеріліп, суағарға қарай бет алды.
Range Rover Sports көлігінің тасқынды суды еңсеруі

БИІКТІККЕ АҚТЫҚ КӨТЕРІЛУ

Ақтық аралықта динамикалық мүмкіндіктерді әлемге алғаш рет паш ету үшін, минутына 750 тонна күшпен сарқыраған суға қарай 193 метрлік бөгеттің суағарына ширыққан жолмен көтерілу және жойқын 90 м құламаны еңсеру еді.
Firenze қызыл түстегі Range Rover Sport көлігінің бүйірлік көрінісі

КӨЛІК ПЕН МҮМКІНДІКТЕР

Ымырасыз жолды Stormer Handling топтаманың және көліктің басқарылуын, маневр жасауға ептілігін, тұрақтылығын және жүйріктігін арттыратын аспаның параметрлерін басқару жүйесінің көмегімен жүріп өттік. Көлік қауіпсіздік қаңқасымен жабдықталған болатын.

ӨТКЕРГЕН СЫНАҚТАР

Суағар Range Rover Sport көлігінің әрбір сын-қатерге төтеп беру мүмкіндігін дәлелдейтін бірнеше сынақтардың өткерген тек соңғысы еді.

АЙДАҺАР ЖОЛЫН ӨТУ СЫНАҒЫ, ҚЫТАЙ

Ranger Rover Sport көлігі 2018 жылы Аспан қақпасына жеткен, әлемдегі ең ширыққан жолдардың бірі, есеңгірететін 99 бұрылысы бар аңызға айналған 11,3 км Тяньмэнь тау жолын бағындырған, орасан күрделі 45-градусқа көтерілген және 999-баспалдақты сатыжолды еңсерген жол талғамайтын көліктің бірінішісі болды1,2.

ШӨЛ ДАЛАНЫ ӨТУ СЫНАҒЫ, БАӘ

2013 жылы, Range Rover Sport көлігі ең қаһарлы да қатерлі ортаның бірінде сынақтан сүрінбей, әлемнің ауданы бойынша екінші шөлін 10 сағат 22 минут рекордтық уақытта жүріп өтті. Көлік 50°C төтенше температурада таңның атысынан күннің батысына дейін 849 км жолды жүріп өтті1,2.

RANGE ROVER SPORT ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

Интуитивті. Жарқын. Ымырасыз.

RANGE ROVER БӨЛІМДЕРІ

Сәнді жол талғамайтын көліктің шынайылығымен жақынырақ танысыңыз.

1Жабық курстардағы кәсіби жүргізушілер. Әрекеттенбеңіз.

2Сын-қатерлі жолға арналған жабдықты және/немесе қосымша жабдықты орнатуға бейімделген көліктер.