Беліңіздің, иығыңыздың, шынтағыңыздың және жамбасыңыздың позициясына, сонымен қатар орындықтың, айналардың және рульдің позициясына көңіл бөлу арқылы Range Rover көлігін жүргізіп отырып, өзіңізді жайлы сезінесіз.

Range Rover ұзақ сапарлар үшін ыңғайлы жол талғамайтын көлік орындықтарын ұсынумен танымал. Сәні мен салтанаты келіскен интерьер мен орындықтардың озық технологияларының арқасында сапарыңыз (жұмысқа барып келсеңіз де, басқа елге саяхаттап барсаңыз да) көңіліңізден шығатыны анық. Range Rover орындықтарының барлығы ерекше қолдау және жайлылық сыйлау үшін жасалған. Жылитын және ауа өткізетін орындықтар, массаж функциялары және көпбағытты реттеу сияқты функциялар арқаңызды кеңге салып отыруға және рақаттануға мүмкіндік береді.

Отыруға ыңғайлы қалыпты тауып алыңыз, JLR компаниясындағы бас медициналық маман Доктор Стив Айлидің нұсқауларын орындаңыз.

Алдымен қалтаңыздағы заттарды шығарып тастаңыз. Керексіз заттар отыруыңызға кедергі жасайды. Әмияныңызды, телефоныңызды немесе үйдің кілтін шетке қойып қойыңыз да, жайлы отыруға мән беріңіз. Екіншіден, бұрыштарды дұрыстап алыңыз. Жамбасыңыз орындықтың арқалығына барынша жақын орналасуы керек. Дүңкүймей, орныңызды мықтап отыруыңыз керек.

Орындықтың биіктігіне, содан кейін дөңгелектен қаншалықты алыс тұрғанына, жастықтардың қисаюына және т.б. көңіл аударыңыз. Оған санаулы минут қана кетеді.

Доктор Айли былай дейді: «Адамдар отыруды демалу позициясы, бір орында мәңгі отыруға болады деп ойлайды. Бірақ олай емес.»

Көлігіңізді басқа адамдар да жүргізетін болса, кейбір Range Rover көліктеріндегі есте сақтау параметрлері баға жетпес функция екенін сезінесіз. Бұл жүйелер үш адамның отыру параметрлерін есте сақтай алады. Көлікті тек сіз жүргізбейтін болсаңыз, бір түймені басып қалып, өзіңізге арналған параметрлерді қайтарып алуыңызға болады.

Оған алға және артқа жылжу, биіктік, арқалықты шалқайту және еңкейту, жастықты қисайту, жастық ұзындығы, белді тіреу және қаптал валиктерін реттеу кіреді.

Орындықты, руль бағанын немесе айна позицияларын реттеу үшін көлік міндетті түрде тоқтап тұруы керек екенін ескеріңіз. Көлік жүргізіп отырып, болмашы болса да, реттеу жұмыстарын жасамаңыз.

Range Rover көлігіңізде белді тіреу параметрлерін реттеуге болатын болса, қысым жамбасыңыздан иығыңызға дейін бірдей түсетіндей реттеңіз. Ол арқаңыздың доғасын толықтай толтырып тұруы тиіс. Белді тіреу параметрлерін реттеуге арналған электрлік жүйелері орнатылған көліктерде алға және артқа, сондай-ақ жоғары және төмен басқару элементтерін пайдаланып, өзіңізге ыңғайлы позицияны тауып ала аласыз. Белді тіреу параметрлерін қолмен реттейтін көліктерде орындықтың қапталындағы тетікті бұрап, өзіңізге ыңғайлы позицияны таңдап алыңыз.

Артқы көрініс айналары мен есік айналарын дұрыс реттеп, мойынға күш түсірмеуді ойлаңыз. Сыртқы айналарды тігінен және көлденеңінен реттеуге болады. Оның дұрыс тұрғанын тексеру оңай: мойныңызды созбай-ақ, артта тұрған көліктерді көре алуыңыз керек.

Жүргізуші орындығында жайлы отырсаңыз да, ұзақ сапарларда үзіліс жасап тұруыңыз керек. Магистраль заңы бойынша екі сағат сайын кемінде 15 минут тоқтаған дұрыс. Аз уақытқа тоқтаудың ешқандай мәні жоқ.

Үзіліс жасауға тоқтағанда, позицияңызды өзгертуіңіз керек. Көліктен шығыңыз да, біраз жаяу жүріңіз. Көліктен тыс бірнеше минут жүрсеңіз, айтарлықтай өзгеріс болады. Ол концентрацияңызды да жақсартады. Осылайша сапарыңыз қауіпсіз әрі жайлы болады.

Көлік жүргізу кезінде ыңғайлы позицияны таңдау денсаулыққа, жайлылыққа және қауіпсіздікке өте маңызды. Сол үшін де Range Rover компаниясын эргономика жөніндегі мамандары әр көліктің дизайнын бастағанда, жүргізуге ыңғайлы позицияға қол жеткізуге тырысады. Педальдардың, рульдің және орындықтың дәлме-дәл орналасуына жіті мән береді.

RANGE ROVER ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚ БІЛУ

RANGE ROVER

Теңдесі жоқ талғампаздық.

RANGE ROVER SPORT

Интуитивті, драмалық, ымырасыз.

RANGE ROVER VELAR

Нәзік әдемілік.

RANGE ROVER EVOQUE

Харизма және сенімділік.

1Тек үйлесімді смартфондар. Қолжетімділік нарықта бөгде провайдерлердің платформаларының бар-жоғына және мобильді желі сигналының деңгейіне байланысты.