Бір бағытта неше нүктені жасауға болады?
Межелі орынды қоса алғанда, бағдардың бойында шектеусіз нүктелерді белгілеуіңізге болады. Олар қосылу реті бойынша орналасады. Нүктелердің ретін өзгерту үшін есептік келу уақыты туралы ақпаратты (ETA) көрсету алаңында төмен тарқатылатын тізімді ашу көрсеткісін басыңыз. Экранда бағдар нүктелерінің тізімі пайда болады.
Басты экранда не себепті мен таңдамаған межелі орынға дейінгі есептелген уақыт (ETA) көрсетіледі?
Навигация жүйесі сіздің жүйелі түрде жасайтын сапарларыңызды талдайды және алынған деректердің негізінде әлеуетті межелі орынды болжайды және келу уақытын есептейді. «Тұрақты бағыттар» функциясы қосылғанда, жүйе сізге таңдаулы бағытыңыздағы ықтимал мәселелер туралы хабарлап, сіз тіпті межелі орынды көрсетпесеңіз де, есептелген келу уақытын ұсынуы мүмкін. Егер сіз бір межелі орынға балама бағыт бойынша жүріп жүрсеңіз, жүйе оны жадына сақтап алады. Егер бір межелі орын үшін бірнеше бағыт зерттелген болса, онда жүйе ағымдағы жағдайлар негізінде ең жылдам бағыт пен есептелген келу уақытын көрсетеді. Сапар басталғанда ол картада сызық ретінде көрсетіледі, бірақ ол бойынша қадамдық нұсқаулар берілмейді, неге десеңіз жүйе сіз бағытты білесіз деп болжайды. Алайда жол жағдайлары нашарлап, сіз ағымдағы бағыттан, сондай-ақ осы межелі орынға барып жүрген басқа бағыттардан ауытқып кетсеңіз, жүйе сізден қадамдық нұсқауларды қосқыңыз келетінін-келмейтінін сұрайды. Бейтаныс жерде жүрсеңіз, бұл функция айрықша пайдалы болады. Егер сіз әлі онымен жүрмеген тезірек жететін бағдар табылса, жүйе осы бағдарды ұсынады. Таныс емес жолдарға шыққан сәтіңізде жүйе («Интеллектуалды дауыстық көмектер» функциясы қосулы тұрса) қадам- қадамымен навигациялауды іске қосады. Таныс жолдарға қайтып оралғаннан кейін жүйе автоматты түрде дауыстық көмектерді өшіреді.
Commute (Тұрақты бағыт) функциясы жадына сақтап алуы үшін бір орынға неше рет сапар шегуім керек?
Әдетте, «Тұрақты бағыт» белгісі берілуі үшін бір межелі орынға бір бастапқы орыннан екі рет сапар шегу керек. Ағымдағы уақыт сондай-ақ жадыдағы тұрақты бағыттың басталу уақытынан +/-1 сағат шегінде болуы тиіс.
Межелі орынды қалай белгілеуге болады?
Pivi Pro-да межелі орынды берудің бірнеше тәсілі бар1. Біріншіден, бұны бас экрандағы навигация плиткасында тікелей жасауға болады:
1. Үй мекенжайын межелі орын ретінде белгілеңіз. Бас экрандағы навигация плиткасында жай ғана «Үйге» белгішесін басыңыз. Жүйе навигация баптауларында өзгертуге болатын сіздің қалауларыңыздың негізінде бағдарды есептеп шығарады.
Ескертпе: егер үй мекенжайы әлі белгіленбеген болса, жүйе сізден осыны орындауды сұрайды. Қауіпсіздік мақсатында нақты мекенжайыңызды емес, оған жақын орналасқан бір орынды көрсетуіңізге болады. Автокөлігіңізді рұқсатсыз қолданған жағдайда қаскүнем сіздің үйіңіздің нақты орналасқан жерін біле алмайды.
2. Навигация плиткасында іздеу белгішесін басқан кезде стандартты іздеу беті ашылады. POI санатының (қызықтыратын нүктелер) белгішесін, мысалы, тамақ және сусындарды басыңыз, немесе нақты орналасқан жерді, мекенжайды, немесе қолдау берілетін болса, пошталық индексті енгізу үшін іздеу жолағын басыңыз. Мекенжайларды бір жолға енгізуге болады. Мәтін енгізілген сайын жүйе ықтимал сәйкестіктерді іздейді, сондай-ақ сөздерді автоматты түрде аяқтау нұсқаларын ұсынады. Нәтижелер санына немесе жасырын пернетақта белгішесін басқан кезде енгізілген таңбалар негізіндегі сәйкестіктер көрсетіледі. Нәтижені басыңыз. Енді жүйе нәтижелердің сәйкес тізімін көрсетеді.
Іс жүзінде бұл төмендегідей жұмыс істейді. Іздеу жолағын басыңыз және star сөзін енгізіңіз, results (нәтижелер) түймесін басыңыз. Жүйе star сөзін қамтитын сәйкестіктерді экранға шығарады. Жақын жердегі Starbucks мекемелерін көру үшін Starbucks сөзін басыңыз. Масштабты өзгерткенде немесе карта бойынша орынды жылжытқан жағдайда карта іздеу аймағын жаңартады. Бағдармен бірден қозғалысты бастау үшін Go (Алға) түймесін басыңыз, немесе қосымша ақпарат алу үшін мекеменің атауын басыңыз.
Сонымен бірге сенсорлық экранның төменгі бөлігіндегі навигация белгішесін екі рет түртуіңізге болады. Осылайша межелі орынның баптаулар экранына өтесіз. Бұл жерде үш опцияның бірін таңдай аласыз: Address entry (Мекенжайды енгізу, пошта индексін қосқанда), Search (Іздеу) немесе Destinations (Межелі орындар). Межелі орындар үй, жақын арада барған орындар, таңдаулы межелі орындар, басқа адамдардан алынған мекенжайлар немесе тұрақты бағыттардағы нүктелер бола алады.
1. Тұрақты бағыт қолжетімді болғанда, ол бастапқы экранның тақташасында көрсетілетін болады. Сіздің ағымдағы орныңыз бен тәулік уақытының негізінде бірнеше тұрақты бағыт қолжетімді болса, экранда Сommutes Available (Бірнеше тұрақты бағыт қолжетімді) жазуы пайда болады. Тақташаны басқанда, қолжетімді тұрақты бағыттар тізіміне тікелей өтесіз.
2. Карта экранында межелі орынды таңдап, картаның төменгі бұрышындағы мәзір түймесін басыңыз. Межелі орынды қосудың үш нұсқасы көрсетіледі: Address (Мекенжай), Search (Іздеу) және Destinations (Межелі орындар).
Өз автокөлігіме жіберген межелі орын не себепті экранда пайда болмады?
Межелі орындар тек авткөлік деректерді жіберуге арналған тиісті байланыс қосылымына ие болса ғана алынады. Кейбір жағдайларда, тіпті егер жүйе қосулы ретінде көрсетілсе де, ұялы желі асыра жүктелген болуы немесе сигналдың нашар сапасына байланысты дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Балама бағыттарды қалай қарауға болады?
Межелі орынды GO (Алға) түймесін басу арқылы таңдағаннан және растағаннан кейін аз уақытқа қалқымалы терезе пайда болады. Әдепкі қалып бойынша бағдарды (тізімнің үстіңгі бөлігінде) және екіге дейін балама нұсқаларды көру үшін Routes (Бағдарлар) түймесін басыңыз. Қалауыңыздағы бағдарды таңдаңыз және бағдармен жүргізуді бастау үшін start (бастау) түймесін басыңыз.
Межелі орынды іздеу функциясын қалай пайдалануға болады?
Жай ғана іздеу жолына орынды, пошта индексін немесе мекенжайды енгізіңіз. Тіпті атауды/мекенжайды қате жазсаңыз да, іздеу функциясы әдетте талап етілген орналасқан жерді тани алады. Нәтижелері бар терезені ашу үшін нәтижелердің санын басыңыз немесе пернетақтаны жасырыңыз.
Автокөлігіңіз деректерді жіберу желісіне қосылған болса, іздеу функциясы бұлттағы соңғы ақпаратқа, сондай-ақ автокөлігіңіздегі борттық деректер базасына кіре алады.
Межелі орынды іздеудің ең тиімді тәсілі қандай?
Уақытты үнемдеу үшін таңбалардың жеткілікті санын енгізгеннен кейін «Пернетақтаны жасыру» белгішесін немесе нәтижелер санын басыңыз. Егер автокөлік 10 дюймдік сенсорлық дисплеймен жабдықталса, экранда 5 нәтиже көрсетіледі. Егер дисплейдің диагоналі үлкенірек болса, 8 нәтиже көрсетіледі. Осылайша ықтимал нәтижелердің толық тізімін көресіз. Тізімдегі атау элементін басқан кезде навигация жүйесі енгізілген мәтіннің негізінде нәтижелерді іздеуді бастайды.
Мекенжайды енгізу режимінде пошталық индексті енгізгенде не себепті үй нөмірін қосуға болмайды мүмкін емес?
Пошта индексі бойынша іздеу осы пошта индексі аясындағы орталық нүктеден іске асырылады. Алайда іздеуді көше атауы мен үй нөмірі бойынша жүргізуге болады.
Неге межелі орынды таңдағанда, кейде жанармай деңгейі туралы ескерту белгішесі пайда болады?
Бұл сапарды отын толтырмай аяқтау үшін отын деңгейінің жеткіліксіз екені туралы ескерту болып табылады.
Сапарда жанармай құю станциясына аялдауды қосу үшін зарядтау/отын толтыру қажеттігі туралы ескерту белгішесін басыңыз. Осыдан кейін картада бағдар бойындағы сіздің орналасқан жеріңізге барынша жақын отын құю/зарядтау станциялары көрсетіледі. Жүйе сондай-ақ келу уақытын әлдеқайда дәлірек есептейді (ETA).
Межелі орынға жақындаған кезде картаның кескіні қандай болады?
Межелі орынға дейін шамамен бес минут қалған кезде сізді тұрақ орнын іздеуге шақыратын келіп жету көрінісі бар қалқымалы терезе пайда болады. Show parking (тұрақты көрсету) түймесін басқан кезде межелі орынға жақын орналасқан тұрақтардың тізімі көрсетіледі. Межелі орын мен әрбір тұрақтың арақашықтығы көрсетіледі. Егер осы кезде Go (Алға) түймесін бассаңыз, автотұрақ жол нүктесі ретінде қосылады.
Интеллектуалды дауыстық көмектер (Smart Voice Guidance) дегеніміз не?
Навигация баптауларында Smart Voice Guidance функциясын қосқан кезде жүйе сізге бағдар бойындағы қиындықтар туралы ескертеді және балама нұсқаларды (бар болса) ұсынады. Егер жаңа бағдар сізге таныс емес жолдарды қамтитын болса, жүйе автоматты түрде дауыстық көмектерді және қадам-қадаммен жүргізетін визуалды нұсқауларды қосады. Таныс жолдарға қайтып оралған кезде жүйе автоматты түрде дауыстық көмектерді өшіреді.
«Тұрақты бағдарларға сапарлар» дегеніміз не?
Жүйе сіз жиі баратын екі локация арасындағы, мысалы, жұмыстан үйге дейін және керісінше бағдарларды жадқа сақтайды. Ол сондай-ақ тәуліктің бірдей мезгілінде жасалатын басқа да жиі сапарларды жадқа сақтай алады.
Басты экранда (сондай-ақ картада) жүйе алынған деректердің негізінде үшке дейін болжамды межелі орынды көрсетеді. Межелі орын бағдар нұсқаларымен бірге бағдарға шығарылады. Бұл сізге қажетті межелі орынға жетіп алу үшін ең сәйкес келетін опцияны таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экранда күтілетін есептік келу уақыты (ETA) көрсетіледі, бұл бір көргеннен-ақ сапар ұзақтығының әдеттегі күтетін көрсеткіштерге сәйкес келетінін не келмейтінін түсінуге мүмкіндік береді.
Тұрақты бағдармен жүргізуді автоматты түрде іске қосу функциясы қалай жұмыс істейді?
Берілген тұрақты бағдарсыз немесе онымен белсенді жүргізусіз навигация жүйесі жол жағдайындағы ықтимал қиындықтар туралы хабардар ете алмайды. Алайда тұрақты бағдармен жүргізуді автоматты түрде бастау функциясы қосылып тұрған кезде навигация жүйесі дұрыстығының жоғары дәлдігімен бір әлеуетті межелі орынды болжайды (жүйелі сапарларыңыздың негізінде). Сіз таңдаған бағдар болжалды бағдармен дәл сәйкес келген жағдайда бағдармен жүргізу автоматты түрде басталады.
Сонымен бірге егер бағдарыңызда ЖКО орын алса, белгілі бір шарттар сақталған жағдайда жүйе сізге бұл туралы ескертіп, өтетін жолдың балама нұсқасын ұсына алады.
Виртуалды аспаптар тақтасының навигация баптауларының мәзірінде mirror info panel (қосымша ақпараттық панельді баптау) не үшін қажет?
Сенсорлық дисплей навигациясының бас экранында келесі бұрылыс туралы ақпараттың жанында орналасқан төмен тарқатылатын тізімді ашу көрсеткісін басқан кезде қосымша мәліметтер көрсетілетін ақпараттық панель пайда болады. Шығарылатын деректерді өзгерту үшін саусағыңызды экран бетімен солға және оңға жүргізіңіз. Келесі опциялар қолжетімді: бұрылыстар тізімдері, компас, көлік кептелістерінің тізімдері, қалған бағдарды картада көрсету және бүкіл бағдарды көрсету. Егер навигация баптауларында mirror info panel (қосымша ақпараттық панель) опциясы қосулы болса, сенсорлық экранда көрсетілетін ақпараттық панель виртуалды аспаптар тақтасында картаны толық масштабты көрсету режимі таңдалып тұрған кезде де картаның шетінде шығарылып көрсетіледі. Бұл бүкіл түйінді навигациялық ақпаратты тікелей жүргізушінің алдына шығарып көрсетуге, сенсорлық экранды өз қалауларыңызға сәйкес басқа деректерді көрсету үшін босатуға мүмкіндік береді.