Defender тұтынушылары жолда келе жатып қоңырау шалғанда, музыка тыңдағанда немесе спутниктік навигацияны кедергісіз бақылағанда, бұған Эмма Ковальчук пен оның командасының үлесі бар екенін ұмытпаған жөн.
Көбіміз осы технологиялардың барлығы қалай үйлесімді жұмыс істейді деген сұраққа бас қатырмаймыз. Ал Эмма болса, осы сұраққа жауап іздеумен айналысады. Барынша тиімді жұмыс істеуі үшін, автокөлік антенналарын қайда орналастырғаны туралы айтып береді. Және электрмагниттік үйлесімділік туралы да сөз қозғайды. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – электронды жабдықтың жеке бөліктерінің бір-біріне кедергі келтірмей, өз жұмысын орындау қабілеті. Бұл «жұптау» деп аталады және одан аулақ болу қажет.
JLR электрмагнетизм бөлімінің басшысы қызметін атқаратын Эмма бір негізгі мәселені шешу үшін компьютерлік модельдеуді қолданатын тәжірибелі инженерлер тобын басқарады. «Бұл негізінен тұтынушының бағдарламалық құралды желі арқылы жүктеп алуы немесе жолда келе жатып, мультимедиалық деректері таратуы үшін, көліктің сыртындағы электр сигналдарын ішке қалай жіберу керектігін ойластырамыз.»
Адамдар көбіне өз көліктерінің смартфон сияқты жұмыс істегенін қалайды. Эмманың командасы мұны жақсы түсінеді. «Біз осы байланыс пен тәжірибені көлік ішіне алып келуді қалаймыз. Телефоныңыз жасай алатын нәрсенің бәрін автокөліктің де жасағанын қалаймыз. Сондықтан автокөліктегі антенналардың қайда орналасқанын ойластыру өте маңызды. Бұл телефонмен бірдей функционалдыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.»
Бұл функционалдыққа қашықтан жаңартулар кіреді. Эмма JLR желі арқылы бағдарламалық құралды жүктеп алу технологиясын (SOTA) енгізді. Соның арқасында Defender тұтынушылары дилерге бармай-ақ, жаңа нұсқаларды жүктеп алуға мүмкіндік алды. Жақында Amazon Alexa дауыстық тану жүйесін орнатты. Бұл көптеген тұтынушы күтпеген бонус еді.
«Тұтынушылар бұл жаңартудың желі арқылы келгеніне және оны дилерлік орталыққа бармай-ақ алғанына қуанады деп үміттенеміз. Егер адамдардан дилерге баруды өтінсеңіз, оларға бұл ыңғайсыздық тудыруы мүмкін еді.»
Мұны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін антенна Defender шатырында, артқы есікке жақын орналасқан кішкентай фино түріндегі табанның ішінде орналасқан. Сол жерде орналасуына дәлелді себеп бар. Оның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу жобаға үлкен үлес болды.
«Егер біз антеннаны нашар жерге қойсақ, онда сигналды қабылдау мүмкіндігі өте төмен болады. Оны бамперге жасыруға болады, алайда көліктің темір шанағы ұялы базалық станциямен байланысты бұғаттауы мүмкін және бұл – үлкен проблема. Байланыс сапасын барынша жақсарту үшін оны жоғары қойдық.»
Әртүрлі электрмагниттік сигналдардың қалай өзара әрекеттесетінін және олардың бір-біріне қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіну үшін Эмма мен оның командасы айналасында бұлттары бар автомобиль шанақтарына ұқсайтын кескіндер жасайды. Эмма мұны жұмыстың қызықты бір бөлігі деп санайды. «Өрістермен не болып жатқанын елестете алу қандай керемет. Көптеген адамдар электромагниттік байланысты «сиқыр» деп атайды, өйткені кейде проблеманың неліктен пайда болғаны түсініксіз. Бірақ симуляцияның көмегімен сіз өрістердің қайда екенін және олардың қай жерде өзара әрекеттесетінін нақты көре аласыз. Бұл оның ешқандай да сиқыр емес екендігін көрсетеді, өйткені оны визуализациялауға болады.»
Сыртқы әлеммен байланысудан басқа, Defender өзінің кіріктірілген технологиялары арасында хабарламалар жіберіп отырады. Команда адаптивті круиздік бақылауға арналған радар жүйесі және Defender көлігінің соқыр аймақтары мен дөңгелектерінің қысымы көрсетілетін мониторлар бойынша жұмыс істеді.
2015 жылы JLR компаниясына қосылған Эмма компанияда электромагниттік модельдеумен айналысқан алғашқы адам болды. Содан бері оның командасы сегіз адамға дейін өсті, оның үшеуі әйел. «Мен өз командамның барлық атқарған жұмыстары үшін және олардың осы салада әрі қарай дами алатыны үшін қуаныштымын.»
Бұл қабілет Эмманың бала кезінен STEM пәндеріне (ғылым, технология, инженерия және математика) деген құштарлығынан пайда болды. «Ғылым мен математикаға әрқашан әуес болдым және мен GCSE мен A-level сынақтарында осы пәндерді алдым. Маған үнемі электроника қызық болатын, сондықтан университетте электротехника мамандығын таңдадым. Мен сымсыз байланыс бойынша кандидаттық диссертация қорғадым, сондықтан осы салаға біртіндеп тереңдей түскенімді көріп отырсыздар.»
Оқуын аяқтағаннан кейін, Эмма автокөлік өнеркәсібіне өз дағдыларын алып келгенге дейін бағдарламалық құрал компаниясында жұмыс істеді. Заманауи көліктерде электрониканың маңызы артып келе жатқанын ескерсек, оның үлгісі басқаларды соңынан еруге шабыттандыруы керек.