Арыстан, қабылан, мүйізтұмсық, піл және буйвол. Бұл сүтқоректілер Африкада «Үлкен бестік» деп аталады және құрлықтағы жойылып кету қаупі төнген түрлерді қорғау миссиясының өкілдері болып табылады. Сондай ақ олар – биылғы марафонды қолдау үшін Кенияға жіберілген бес Defender автомобилінің әрқайсысының аттары.
Жүгірушілер Африка жазықтарының аптап ыстығымен күресіп жатқанда, Defender автомобилі қатысушыларға қолдау көрсету, дәрігерлер мен жарыс қызметкерлерін қажетті жерге жеткізу және БАҚ ұжымдарын Африканың күрделі жер бедері арқылы тасу үшін тынбай еңбек етті.
Бұл іс-шараның түпкі мақсаты мәре сызығын кесіп өтумен шектелмейді. Марафон аясында жиналған қаражат қорықтағы табиғатты қорғау шараларын қолдауда шешуші рөл атқарады. Және оның ықпалы мұнымен аяқталмайды.
Жабайы табиғат пен қауымдастықтар арасындағы күрделі байланысты мойындай отырып, марафон сонымен қатар Lewa жабайы табиғат қорығының жанында тұратындар үшін білім мен денсаулыққа инвестиция салу арқылы жергілікті қауымдастықты қолдауға қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді.
Defender автомобильдерінің марафонға қатысуы кезінде біз қатысушылар мен қорғаушыларды оларға қолдау көрсететін қауымдастықтармен байланыстырдық. Жақын маңдағы ауылдарда іс-шаралар ұйымдастыра отырып, күн сайын жергілікті тұрғындардың өміріне оң әсер ететін білім беру және инфрақұрылымдық жобаларды көру үшін адамдарды жинадық.
Дәл осындай жобалар Сахараның оңтүстігінде орналасқан Африка елдеріндегі қиындықтарды жеңу бойынша Defender мен Tusk ұйымының бірлескен миссиясын қамтиды. Қорыта айтарымыз, нағыз өзгеріс жасау – спринт емес, марафон.