Land Rover-дің Қызыл Крестпен ынтымақтастығы британдық Қызық Крестке Дубайда жылжымалы дәріханалық пункт ретінде пайдалану үшін Land Rover Series 1 автокөліктері ұсынылған 1954 жылы басталды.
Қарым-қатынас 2007 жылы Land Rover G4 Challenge жобасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде нығайды. Содан бері бұл ынтымақтастықтың жетістіктеріне 120 автокөліктің ұсынылуы және 800 000-нан аса адамға тікелей көмек көрсету жатады. Land Rover компаниясы сондай-ақ 2007 жылдан бері Қызыл Крестке 6,4 миллион фунт стерлинг қайырымдылық беру жолымен бір миллионнан аса адамға жанама түрде көмектесті.
2012 жылғы «Discovery саяхаты» деп аталатын экспедиция ең елеулі бірлескен жобалардың біріне айналды. Угандада сумен қамтамасыз ету және санитарлық жағдайларды жақсарту жөніндегі жоба ұзындығы 10 000 милялық Пекинге бастаған экспедицияның көмегімен қаражат жинау бойынша амбициялық қызметтің бір бөлігі болды. Бұл сапар Ұлыбританияның Солихалл қаласында миллионыншы болып шыққан Land Rover LR4 автокөлігімен жасалды. Бес күндік сапар жобаға арнап бір миллион фунт стерлинг жинауға және Қызыл Крест командасының Африкада жасаған өмірлік маңызы бар жұмысы туралы қоғамның хабардар болу дәрежесін көтеруге көмектесті.
2013 жылы Land Rover компаниясы өзінің Қызыл Крестпен ынтымақтастығын және 5 жылға ұзартты, 2018 жылы 15 миллион фунт стерлинг мөлшерінде көмек беруді жоспарға қойды. Бұл жұмыс Jaguar Land Rover-дің 2020 жылға қарай жаһандық корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы арқылы 12 миллион адамға арналған жұмыс орындарын жасау жөніндегі науқанына өз үлесін қосады.