Defender басқалардан ерекшеленеді. Оның әсерлі силуэті күшті мінезді көрсетеді.
Автокөліктің интерьері керемет әмбебап. Defender салоны кез келген қажеттілікке оңай бейімделеді.
Бұл автокөліктерде барлық жаңартулар ұсынылмаған болуы мүмкін. Кейбір ұсынылған опциялардың қолжетімділігі сату нарығына және орнатылған күштік агрегатқа байланысты болуы мүмкін. Соңғы спецификациялармен танысу үшін Land Rover ресми дилеріне хабарласыңыз.
Аңызға айналған және керемет – кез келген пішінде, жинақтамада және өлшемде.
Шексіз мүмкіндіктер. Төрт қолжетімді опциялар пакетінің бірін таңдау арқылы өзіңізге көбірек мүмкіндік беріңіз.
±Берілген сандар өндірушінің ресми сынақтарының нәтижелері бойынша NEDC стандартына сәйкес есептелген. Қоршаған орта жағдайлары мен жүргізу мәнеріне байланысты мәндерде айырмашылық болуы мүмкін. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін.
16 цилиндрлі D200, D250 және D300 қозғалтқыштары бар автокөліктерді қоспағанда, тұрақты толық жетек Land Rover Defender стандартты жинақтамасына кіреді.
2Defender V8 модельдері үшін төбенің динамикалық жүктемесі қолжетімді емес.
320 дюймдік доңғалақ дискілері орнатылса, максималды жылдамдық 191 км/сағ құрайды.
Назар аударыңыз: интерьерді әрлеудің қосымша нұсқаларын таңдағанда стандартты функциялар өзгеруі мүмкін Сонымен қатар стандартты функциялар сатып алу еліне, қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификациясы мен күштік агрегатына) және сату нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттерді орнату қажет. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн конфигураторды пайдаланыңыз.
Pivi және InControl функциялары мен опцияларының, сондай-ақ бөгде жеткізушілер қызметтерінің қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз үшін қолжетімділік пен толық шарттар туралы ақпаратты Land Rover ресми дилерінен біліңіз. Мобильді желінің барлық жерде қамтылуына кепілдік берілмейді. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экран дизайны мен әрекеттер дәйектілігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды параметрлерге байланысты өзгертілуі мүмкін.
Автокөлікте қолжетімді функциялардың бәрін тек қозғалыс үшін қауіпсіз кезде ғана қолдану қажет. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.
Әрекеттер дәйектілігі нақты аймаққа байланысты.
Жолсыз жерде көлік жүргізу үшін тиісті дайындық деңгейі және тәжірибе болуы қажет. Жарақат алу немесе автокөлікке зақым келтіру қаупі бар. Сіз дайын емес жағдайларда көлік жүргізбеңіз.
Тайғақ беттерде қозғалысты бастамас бұрын әрқашан маршрутты, бедерді, кіру және шығу жерлерін тексеріңіз.
Жаңартулар деректер беруді қажет етеді.