DEFENDER ОПЦИЯЛАР МЕН
АКСЕССУАРЛАРЫ

Defender көлігіңізді шытырман оқиғаңызға сай етіп баптаңыз.

ҚУАТТЫ. СЕНІМДІ.

Қалай болатынын өзіңіз шешесіз. Алуан түрлі аксессуарлармен өз Defender көлігіңізді жасап алыңыз. Өршіл түстен төзімді интерьерге дейін: шешім сізден, орындау бізден.

ШЕБЕРЛІК ПЕН ТАЛҒАМ

Төзімділік үшін жасалған. Дараланатын етіп жобаланған. Жиынтықтар өндіріс кезінде кәсіби түрде орнатылады.

EXTENDED ЭКСТЕРЬЕР ПАКЕТІ

EXTENDED ЭКСТЕРЬЕР ПАКЕТІ

Кеңейтілген экстерьер жиынтығы Shadow Atlas Matte түсті кеңейтілген бампер, жылтыр қара артқы спойлер және шанақ түсіндегі қосалқы дөңгелек қабы арқылы Defender көлігінің айбынын айқындай түседі.
Паркингте аялдап тұрған Defender

BLACK ШАНАҚ ӘРЛЕМЕСІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ПАКЕТІ

Black Exterior Pack жиынтығымен сыртқы келбетті толықтырыңыз. Оған Narvik Black түсті алдыңғы және артқы қорғаныс панелі, сондай-ақ капот пен артқы есіктегі жылтыр қара жазу кіреді.

ЖИНАЛЫП, ЖОЛҒА ШЫҒЫҢЫЗ

Жаңа сынаққа дайынсыз ба? Көлігіңізді жабдықтау үшін алдын ала жинақталған аксессуарлар
пакетін таңдаңыз.

АКСЕССУАРЛАР

Кез келген жерді зерттеңіз. Кез келген уақытта жабдықтауға болады. Ресми дилер орталығында мамандар орнатып береді.

Defender үшін арнайы әзірленген аксессуарлар арқылы қосымша мүмкіндіктерді ашыңыз. Шекті жағдайда сыналған және мінсіз үйлесу үшін жасалған.

КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ

Defender фарасы

ЖИНАҚТАМАЛАР МЕН СИПАТТАМАЛАР

Барлық қолжетімді жинақпен және сипаттамамен танысыңыз.
Шөлде келе жатқан Defender

DEFENDER 130 ШОЛУЫ

Есте қаларлық шытырман оқиғаларды бірге бастан кешіруге арналған кеңістік.
Орманда тұрған Defender

DEFENDER 110 ШОЛУЫ

Жиналып алып, әлемнің кез келген жеріне сапарға аттаныңыз.
Жолда аялдап тұрған Defender

DEFENDER 90 ШОЛУЫ

Нағыз Defender.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі көлік нарығы мен сипаттамасына (модель және күштік агрегат) байланысты өзгешеленуі мүмкін. Біраз функция үшін қосымша компонент орнату қажет. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн конфигураторды пайдаланыңыз.
Толық рұқсаттары бар арнайы жерде мүлдем жол талғамайтын көліктер. Жолсыз жермен жүргізу үшін тиісті дайындық деңгейі және тәжірибе қажет. Жарақат алу немесе автокөлікті зақымдау қаупі бар. Дайындығыңыз жоқ жағдайларда көлікті жүргізбеңіз. Тайғақ бетте жүру алдында әрдайым бағдарды, жер бедерін, кіру және шығу аймақтарын тексеріп алыңыз.
1Дөңгелек дискілері өлшемдерінің сатылымда болуы нарыққа байланысты. Жергілікті дилерден сұраңыз. 2Кіріктірілген ауа компрессоры PHEV Adventure жиынтығына кірмейді. 3Жол талғамайтын шиналар мен төбеге экспедициялық торды орнатқан жағдайда, төбеге түсетін динамикалық жүктемені 118 кг/168 кг дейін (90/110 және 130) жеткізуге болады. Defender V8 модельдері үшін төбеге динамикалық жүктеме түсіруге болмайды. 4PHEV нұсқалары мен Defender 130 моделінде 3000 кг. Тіркеме салмағы нарыққа қарай әртүрлі болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін ең жақын Defender дилеріне хабарласыңыз.