Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қоғамдар федерациясының (ХҚКК) жол талғамайтын автокөліктер жөніндегі сарапшылары Defender автокөлігін сатылымға шықпай тұрып сынаған.
Олар қайта жаңғырған аңыз көліктің әлемнің жету өте қиын кейбір аймақтарында гуманитарлық шараға қатыса алатынына көз жеткізгісі келген. ХҚКК-нің көлік жөніндегі мамандары Дубайда өз сұрақтарына жауап алды.
Шөл даладағы дөңнен бастап, иректелген гудрондалған жолға дейінгі әртүрлі аймақтарды еңсеріп және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең биік тауға шығып, олар жол талғамайтын көліктің сенімді басқарылуы мен жайлылық деңгейіне баға берді.
Defender барлық сынаққа шыдап берді, оған ХҚКК-дегі Илир Чаушай (Ilir Caushaj) қуанды. Ол өз сөзінде былай деді: «Қызыл Крест әлемнің барлық елінде әрекет ете отырып, жыл сайын дағдарыс жағдайында қалған миллиондаған адамға көмек көрсетіп келеді. Біз ғаламшарымыздың жету өте қиын жерлеріне барып жұмыс істейміз, көбінесе ол жерлерге көліктер өте алмайды, сондықтан біздің бригадаларымыз кез келген тапсырманы орындауға дайын болуы керек».
ХҚКК-нің көлік жөніндегі сарапшылары Defender автокөлігін шөл даладағы дөңдер арасындағы жұмсақ құмда сынады, ол жерде прототип модель осы аймаққа тән жоғары талаптар қоятын тік өрлерге шыға алды, көру мүмкіндігін шектейтін қиялар мен жоталарды еңсере алды.
Келесі межелі орын Джебель-Джайс тасжолындағы шұғыл бұрылыстар болды, ол жердегі температура 40 градустан жоғары болатын. Defender жолда жайлылықтың жоғары деңгейін және тамаша маневрлілікті көрсетіп, 2000 метрге жететін биіктерді бағындырды.
Дубай Defender-дің Қызыл Креспен серіктестігін әрі қарай жалғастыру үшін қолайлы орынға айналды. Бұл қатынастар 1954 жылы аймаққа арнайы бейімделген Land Rover Series әкелінген кезде басталды, ол жылжымалы амбулатория ретінде пайдаланылды.