АЛБАНИЯМЕН ТАНЫСА ОТЫРЫП

АЛБАНИЯМЕН ТАНЫСА ОТЫРЫП

Нағыз шытырман оқиғаларға тап болуды, жаңа жерлерді тауып, әсер алуды армандап жүретін бе едіңіз? Біз де. Сондықтан да Land Rover LR4 алып, Еуропаның көп зерттелмеген алқабына жол тарттық.




Солтүстік Албания Альпісінде, Еуропаның оңтүстік мұздықтарының ең түпкі алқаптарында электр қуаты да, дүкен де жоқ, заманауи жайлы жағдай да жасалмаған. Есесіне бұл өлке сізді шын ықыласты қонақжайлылығымен және таңырқарлық әсем табиғатымен қарсы алады.



Албания аумағының 77 %-ын таулар құрайды. Land Rover ұсынатын Terrain Response жүйесі осы тау бөктеріндегі бұралаңы мен бұлтарысы, ұсақ тастары көп ойқы-шойқы жолдардан оңай өткізеді. Жергілікті тұрғындар мызғымас ар-намыс пен қонақжайлылық кодексін ұстанады. Қар, мұз, тасыған су мен құлаған тас жағдайында күні бойы Land Rover жүргізгеннен кейін олармен кездесудің өзі бір ғанибет. Қиын жүріп өтілетін жерлерден қалай жүріп өткеніміз және жолда кімді кездестіргеніміз туралы біле жүріңіз...