LAND ROVER TOTAL CARE
ЖОЛДАҒЫ КӨМЕК

Total Care жолда көмектесу бағдарламасы сыну немесе апат нәтижесінде автокөліктің қозғалмауынан бастап шинаның тесілуі сияқтың шағын қалыптан тыс жағдайларға дейін, шұғыл жағдайларда Land Rover жүргізушілеріне көмектесу үшін арнайы әзірленген.

Land Rover білікті мамандарымыз автокөлігіңізді қысқа мерзімде жұмыс күйіне келтіру үшін жеткілікті тәжірибеге ие, ал Total Care жолда көмектесу бағдарламасының өтеуі бұл мүмкін болмаған жағдайда, сіздің және жолаушыларыңыздың тағайындалған жерге жетудің баламалы тәсіліңіз болатынына кепілдік береді.

Total Care жолда көмектесу бағдарламасы тәулік бойы тәжірибелі қызметкерлер қызмет көрсететін, әртүрлі тілдерде сөйлесетін Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада (MENA) шұғыл көмек орталығына қол жеткізуді ұсынады.

Өтелу кезеңі Total Care дербес мүшелік карточкаңызда көрсетіледі.

Техникалық қолдауды сұрау үшін қоңырау шалуыңызды сұраймыз:


+971 43 322 234 +971 4 331 1130

Ескертпе: Total Care жолдағы көмек қызметіне барлық қоңыраулар оқыту және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жазылады. Жазба сонымен қатар қоңыраудың толық емес немесе түсініксіз болуы мүмкін егжей-тегжейлерін нақтылауға көмектеседі.

Техникалық көмек алу

Өтелетін автокөліктің сынуымен байланысты көмек алу қажет болса, Total Care жолда көмектесу қызметіне хабарласыңыз. Өтінеміз, өз бетіңізше келісуге тырыспаңыз.

Total Care жолда көмектесу қызметін шақырған кезде, келесі ақпарат қолыңызда болсың:

- Total Care карточксынан табуға болатын автокөлігіңіздің VIN.
- Автокөлігіңіздің тіркеу нөмірі.
- Нақты орналасқан жеріңіз.
- Байланыс телефон нөміріңіз.

Total Care жолдарда көмектесу бағдарламасына ескертулер

Келесі сөздер мен сөйлемшелер келесідей анықталады:

Пайдаланушы

бағдарлама қолданыста болатын елде бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлікті басқарған кезде көмек қажет етілетін сәтте болған көлік иесі немесе уәкілетті жүргізуші

Сыну (қозғалмау)

Нәтижесінде бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлік қозғалмай қалған электрлік немесе механикалық жарамсыздық немесе жол-көлік оқиғасы.

Тіркелген елі

Бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлік тіркелген ел.

Range Rover Evoque
r> Бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлік

Бұл Land Rover өндіруші кепілдігі немесе кеңейтілген кепілдік қолданылатын, жарамды күйде ұсталған және Land Rover ұсыныстарына сәйкес қызмет көрсетілетін, ол қоғамдық немесе коммерциялық көлік ретінде немесе жүргізушімен не жүргізушісіз жалға беру үшін қолданылмаған талаптармен, кез келген жаңа Land Rover автокөлігі.

Әдеттегі тұрғылықты жері

Ол тіркелген елде орналасқан талаптармен, Пайдаланушының тұрғылықты жері

Total Care жолда көмектесу бағдарламасы Пайдаланушыға өтелетін елдерде жолдарда көмектесудің төменде сипатталған қызметтерін ұсынады.

Жолдарда көмектесу қызметтері жер үсті көлігімен жеткізуге болатын кез келген орындарда, соның ішінде жергілікті заңнамамен кіру мүмкін болған және рұқсат берілген жағдайда және GPS бойынша орналасқан жер координаттары көрсетілген кезде, барлық жалпы қолданыстағы жолдарда және кез келген асфальтталған немесе тегістелген жолдан ең көбі 1 км қашықтықта жолсыз аймақтарда ұсынылады. Бұған қоса жолда көмектесу қызметтері ауа райы шарттары, қауіпсіздік немесе басқа жағдайлар қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтін немесе қызметкерлердің не қажетті жабдықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда ұсынылмайды.

Тіркеп сүйреу немесе автокөлікті эвакуациялау

Бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлік сынып қалса, мүмкін болса, Total Care тіркеп сүйреу немесе тасымалдау құнына қатысты 150 АҚШ доллары шегінде және сақтандырылған автокөлікті эвакуациялау үшін кранды қолдану қажет болса 300 АҚШ доллары шегінде Land Rover ең жақын дилеріне дейін автокөлікті тіркеп сүйреуді немесе тасымалдауды ұйымдастырады.

Жарылған шиналарды ауыстыру

Бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлікте жарылған, тесілген немесе зақымдалған шина қосалқы шинаға Пайдаланушы үшін тегін ауыстырылады. Бұл қызметті алу үшін шина бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлікте орналасуы және жақсы күйде болуы тиіс. Егер бұл қызмет көрсетілмесе, бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлік тіркеп сүйреледі немесе 150 АҚШ доллары шегінде Land Rover ең жақын дилеріне дейін жеткізіледі.

Зақымдалған шинаны жөндеуге қажетті кез келген жөндеу және жөндеумен байланысты шығындар Пайдаланушыға жүктеледі.

Сыртқы іске қосу құрылғысынан оталдыру

Бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлікті сыртқы іске қосу құрылғысынан оталдыру тегін ұсынылады, бұл жеткіліксіз болса, автокөлік тіркеп сүйреледі немесе 150 АҚШ доллары шегінде Land Rover ең жақын дилеріне жеткізіледі.

Отынды жеткізу

Егер бағдарлама талаптары қолданылатын автокөліктің отыны бітіп қалса, Пайдаланушыға автокөлікті ең жақын техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізу үшін жеткілікті отын мөлшері (2 галлонға дейін) ұсынылады.

Құлыптар бұғатталған кезде көмектесу

Бағдарлама талаптары қолданылатын автокөліктің құлыптары бұғатталған кезде, көмек Пайдаланушыға тегін ұсынылады.

Біз әрқашан құлыптар бұғатталған кезде ең тиімді тәсілмен көмек көрсетуге тырысамыз. Алайда сіз автокөлігіңізге кіре алмасаңыз, заманға сай қауіпсіздік жүйелері қажетті түрде бұзып кіруді қажетті етуі мүмкін. Бұл жағдайда нұқсан келтірумен байланысты барлық шығындар сізге жүктеледі және сізден осыған рұқсат бергеніңіз туралы өтінішке қол қою сұралады.
Саяхатта көмектесу

Егер Total Care жолда көмектесу бағдарламасы шегінде қызмет көрсеткеннен кейін Land Rover дилері автокөлік сол күні жөнделе алмайтынын және қозғалыссыз қалатынын жазбаша түрде растаса, Пайдаланушы ең қолайлы тәсілмен сапарды жалғастыруы үшін келесі қызметтердің бірі ұйымдастырылады.

Қонақ үйге орналастыру

Бір түнге, мысалы, қонақ үйге орналастыру (бірақ тамақ, сусындар, телефондық қоңыраулар немесе басқа шығындар қосылмайды) мүмкіндігінше ұйымдастырылады және бір Пайдаланушыға күніне 120 АҚШ доллары шегінде, жалпы сынып қалу үшін 500 АҚШ доллары шегінде төленеді; немесе

Саяхат

Егер Land Rover дилері жөндеу уақыты 48 сағаттан асып кететінін жазбаша хабарласа, Пайдаланушыны Әдеттегі тұрғылықты жеріне немесе болжамды межелі орнына қайтару үшін келтірілген жол шығындары мүмкіндігінше қамтамасыз етіледі және Пайдаланушыға 120 АҚШ доллары шегінде, жалпы сынып қалу үшін 500 АҚШ доллары шегінде төленеді; немесе

Автокөлікті жалға беру

Егер Total Care жолда көмектесу бағдарламасы аясында қызмет көрсетілгеннен кейін бағдарлама талаптары қолданылатын атокөлік 24 сағат ішінде жөнделе алмаса, ал Land Rover дилері жөндеу уақыты 24 сағаттан асып кететінін жазбаша түрде хабарласа, біз мүмкіндігінше жалпы сынып қалу үшін 150 АҚШ доллары шегінде ең көп мерзімі 48 сағатқа автокөлікті жалға беруге тырысамыз.

Автокөлік шарт бойынша көлік құралдарын жалға берумен айналысатын компаниялар арқылы ұсынылады. Біз орта көлемді автокөлікті, бірақ осындай кластағы үлгілер болған жағдайда, жалға беруге тырысамыз. Автокөлік жүргізушісіз жеке пайдалану үшін жалға алынады. Пайдаланушы көлік құралын жалға алу ережелері мен талаптарын сақтайды және жеке сақтандыру (РІ), соқтығыс кезндегі зиянды өтеу CDW), сондай-ақ кез келген отын шығындары, жол айыппұлдары, ақылы трассаларда жүру және қосымша жалға алу күндері үшін жауапты болады.

Пайдаланушы жарамды жүргізуші куәлігін беруі және кредиттік картасынан кепілді енгізуі тиіс, олай болмаса, көлік құралын жалға беруге кепілдік берілмейді. Кейбір елдерде жүргізуші куәлігін берген сәттен кемінде бір жыл өткені талап етіледі. Пайдаланушының жүргізуші куәлігін белгілі бір мақұлдау қажеттілігі оның көлік құралын жалдау құқығына да ықпал етуі мүмкін.

Сақтандыру талаптары әдетте жалға алушы 25 жастан асқан және 65 жастан жас болғанын көздейді. Егер Пайдаланушы 25 жасқа толмаса немесе 65 жастан асып кетсе, біз баламалы ұсыныстар жасауға тырысамыз, бірақ оларға кепілдік берілмейді.

Көлік құралдарының репатриациясы

Егер автокөлік сынған және Total Care жолда көмектесу қызметімен қалпына келтірілген соң бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлік жөнделе алмаса немесе жөндеу Пайдаланушы Әдеттегі тұрғылықты жеріне қайтпағанша аяқталмаса, автокөлік 300 АҚШ доллары шегінде Land Rover дилері Пайдаланушысының ең жақын Әдеттегі тұрғылықты жеріне репатриацияланады.

Сақтау

Егер бағдарлама талаптары қолданылатын жөнделген немесе қалпына келтірілген автокөлікті Пайдаланушы алып кетпейінше сынғаннан кейін және Total Care жолда көмектесу қызметінің күшімен қалпына келтіргеннен кейін сақтау қажет болса, 150 АҚШ доллары шегінде сақтау құны төленеді. Мұнда дилердің қоймасында сақтау кірмейді.

Жолаушыларды тасымалдау

Пайдаланушыға бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлікті басқаруға мүмкіндік бермейтін Әдеттегі тұрғылықты жерінен алшақ кенет сырқаттану, жазатайым оқиға немесе қайтыс болу жағдайында және Пайдаланушы жалғыз басқаруға рұқсат берілген жүргізуші болса, бұл ойға қонымды және ықтимал болса, жолаушыларды Әдеттегі тұрғылықты жеріне немесе болжамды жеткізу орнына тасымалдау үшін 300 АҚШ доллары шегінде жүргізушісі бар такси немесе автокөлік ұйымдастырылады және төленеді.

Бағдарлама талаптары қолданылатын автокөлік 300 АҚШ доллары жалпы лимит шегінде Пайдаланушының Әдеттегі тұрғылықты жеріне немесе болжамды жеткізу орнына дейін жеткізіледі.

Пайдаланушы медициналық көмек пен медициналық тасымалдау үшін кез келген шығындар үшін жауапты болады.

Range Rover