Аты аңызға айналған ең алғашқы жол талғамайтын көліктің құрметіне Defender Trophy Edition көлігінің эксклюзивті Deep Sandglow Yellow немесе Keswick Green түстері ұсынылады.
Төзімді Ebony түсті Windsor былғарысымен қапталған орындықтар мен Ebony түсті Suedecloth күдерімен қапталған төбенің арқасында пішін мен функционал үйлескен заманауи интерьер пайда болды.
Бәріне дайын. Defender Trophy Edition көлігі электрондық шығыр, жоғары қарай шығарылған ауатартқы, тісті дөңгелек жетектегіші, төбеге шығатын саты, төбе сөресі мен дөңгелек аркаларының қорғанышынан тұратын толық жиынтықпен келеді.
Defender моделін таңдаңыз. Одан кейін қажетіңізге қарай бейімдеп алыңыз.
Кез келген жағдайға дайын. Біздің аксессуарлар жиынтығымыздың көмегімен Defender мүмкіндіктерін кеңейтіп, сенімділігін арттырыңыз.
Деректер аккумулятор толық қуатталған жағдайда Еуропалық одақ заңнамасына сәйкес өндіруші жүргізген ресми сынақтардың нәтижелеріне негізделген. Тек салыстыру мақсатында берілген. Нақты пайдалану жағдайындағы көрсеткіш сәл басқаша болуы мүмкін. CO2 шығарынды мәндері бензин үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері жүргізу стиліне, орта жағдайларына, таситын жүк, орнатылған доңғалақ және қосымша жабдық салмағына, ағымдағы бағыт және аккумулятордың күйіне байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қорының деректері стандартты бағытта жүріп өткен сериялық автокөлік негізінде алынған.
*22 дюймдік дискілер орнатылған Defender OCTA моделінің ең жоғары жылдамдығы 250 км/сағ болады. Ең жоғары жылдамдығы — жол талғамайтын шиналар кигізілген 20 дюймдік дискілер орнатылған кезде 209 км/сағ немесе жол талғамайтын шиналар кигізілген 20 дюймдік дискілер орнатылған кезде 159 км/сағ.
**20 дюймдік дөңгелек дискілерімен жабдықталған жағдайда, максималды жылдамдық 191 км/сағ құрайды.
***Зарядтау саны көптеген факторларға, соның ішінде көліктің шыққан жылы мен күйіне, қоршаған орта температурасы мен аккумулятор қуатының деңгейіне, сондай-ақ зарядтағыш құрылғысы мен зарядтау ұзақтығына байланысты әртүрлі болады.
****Ылғал: Көлемі жүк салу кеңістігіне сұйықтық толтырып үлгілеу арқылы алынды.
1Функция жергілікті заңдарға сәйкес өзгеріп отырады. Екі не бірнеше фокусты линзаларды пайдаланатын тұлғалар ClearSight сандық артқы көрініс кескінінің фокусын оңай реттей алмаса, олар кез келген уақытта артқы көрініс айнасы режиміне қайтып орала алады.
2Жол талғамайтын шиналармен. Максималды жүктемеге төбедегі сөренің де салмағы кіреді. Defender V8 модельдері үшін ұсынылмайды.
3Су кедергісінен өтер алдында әрдайым қалай жүретініңізді ойластырып алыңыз.
4Кескін нақты уақыт режимінде көрсетілмейді. Қауіпсіздік мақсатында айналаңызға қараңыз.
5Front Expedition қорғау жүйесімен немесе A тәрізді қорғау жақтауымен үйлеспейді.
6Pivi, Pivi Pro және InControl функциялары, опциялар, үшінші тараптағы жеткізушілердің қызметтері және олардың сатылымда болу-болмауы нарыққа байланысты: оның сатылымда бар-жоғы туралы нақты мәліметті жергілікті Defender дилерінен сұраңыз және барлық шартпен танысып шығыңыз. Мобильді желінің барлық жерде жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. InControl технологиясы туралы ақпарат пен оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экран интерфейсінің дизайны мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ түрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгеруі мүмкін.
7Connected Navigation қызметінің жазылымын қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін, оны Defender ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.
89 2020 жылы Panasonic компаниясы үшін жүргізілген және осы компания нәтижелерін ұсынған Texcell зерттеуі. PM2,5 сүзгісін және Nanoe™ X технологиясын нұсқауларға сәйкес пайдалану арқылы иістерді, бактерияларды, патогендер мен аллергендерді айтарлықтай азайтуға болады.
Жүргізуші мультимедиа функцияларын тек қауіпсіз жағдайда пайдалануға тиіс. Жүргізушілер көлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.