ATLAS ТҮСТЕРІ

Сіздің әлеміңіз. Тек өз қалауыңызбен зерттеңіз.

ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ. СОЛ БАЯҒЫ РУХ

Defender ДНҚ-сынан бастау алатын Atlas бояулары жер шарының ең таңғажайып түкпірлерінен шабыт алып, тек шытырман оқиғалар ғана сыйлай алатын шынайы шабыт сәттерін бойына жинақтаған. Адамды саяхатқа шақырып тұратын табиғат көріністерінен туған жаңа реңктер. Жаңа буын үшін қайта жаңғыртылған тарихи түстер.

Мұқалмас сапа мен эксклюзивтілікті талап ететіндерге арналған әрбір түс — жай ғана бояу емес, бұл шекарасыз шытырман оқиғалардың мәлімдемесі.

СЫРТҚЫ КӨРІНІСТЕН ДЕ ТЕРЕҢІРЕК

СИРЕКТІЛІК

Бұл түстермен шектеулі ғана Defender көліктері шығарылады. Даралық пен шынайылықты бағалайтындар үшін жасалған Defender-дің ең сирек кездесетін бірегей көріністерінің бірі.

ТӘЖІРИБЕДЕ ТЕКСЕРІЛГЕН

Төзімділік пен түстің ерекше тереңдігі үшін әзірленген Atlas бояулары ең қатал әрі күрделі жағдайларға арналған. Әрбір жабын біздің жаңа, заманауи бояу кешенімізде жағылады және оның ұзақ мерзімді төзімділігі мен ең жоғары сапа стандарттарына сәйкестігі мұқият тексеріледі.

ЕРЕКШЕ

Біртекті және металдық жабындар қатарында ұсынылған әрбір Atlas бояуы Defender көлігіңізге ерекше сипат пен өрнек беріп, оның бай мұрасы мен жарқын болашағын ұлықтау үшін мұқият таңдалған.

ҚОРҒАЛҒАН

Даралық пен қорғаныстың соңғы штрихын қосыңыз. Әрбір Atlas түсі кез келген жер бедерінде барынша төзімділікті қамтамасыз ету үшін сіздің таңдауыңыз бойынша күңгірт немесе жылтыр қорғаныс үлдірлерімен қосымша жабдықталуы мүмкін.

МҰРА РЕҢКТЕРІ

Өткенімізді қалыптастырған және сіздің болашағыңыз үшін жаратылған екі батыл түс.

GALWAY GREEN

GALWAY GREEN

Картаны жинап қойып, күрделі аңғарлар мен иен соқпақтарға жол тартыңыз. Әр сапарыңызға жабайы табиғаттың асау рухын серік етіңіз.

Өз соқпағын өзі салатындарға арналған терең жасыл металл реңк.

BUCKINGHAM BLUE

BUCKINGHAM BLUE

Қиын шақырымдарды еңсеріп, күрделі қара жолдарды бағындырыңыз. Асфальт біткен жерден кейін де байсалды, мұқалмас үстемдігіңізді паш етіңіз.

Алдыдағы бағытты тек өздері айқындайтындарға ғана бұйырған қанық көк металл реңк.

ҚАЙТА ПАЙЫМДАЛҒАН РЕҢКТЕР

Қайта оралмаған — жаңаша пайымдалған. Сол баяғы рух. Мүлдем жаңа сипат.

MARA RED

MARA RED

Ұлан-ғайыр жазықтар мен алыс көкжиектерді бағындырыңыз. Жабайы табиғаттың асау, қол жетпес қуатын күнделікті сапарларыңызға серік етіңіз.

Шексіз кеңістікте өзін еркін сезінетіндерге арналған қанық қызыл металл реңк.

PANTELLERIA BLUE

PANTELLERIA BLUE

Жағалау сызығымен жүріп өтіп, теңіз жиегіндегі қатпарлы соқпақтарды бағындырыңыз. Құрлық пен теңіз түйіскен жердегі шексіз бостандық рухын бойыңызға сіңіріңіз.

Экстремалды бағыттарға жаны құмар жандарға арналған батыл көк металл реңк.

БАТЫЛ ЖАҢА ТҮСТЕР

Осы уақытқа дейін Defender-де ешқашан кездеспеген екі реңк. Жаңа дәуірдің жаңа бейнесі.

ӨЗІҢІЗГЕ ЛАЙЫҚ DEFENDER

Көлігіңізді Atlas-пен сәндеңіз.