Discovery көлігіне итіңізді салып алып, сапарға шыққанның өзі қызық. Ал күн ысып кеткенде, мамық досыңыздың салқын, жайлы әрі қауіпсіз жерде болуы өте маңызды. Аптап ыстық болып тұрса да, Discovery көлігімен сапарға шығып, итіңізге жайлы жағдай жасай аласыз.

ЕҢ ЖАҚЫН ДОСЫҢЫЗҒА КОНДИЦИОНЕР ҚОСЫП ҚОЙЫҢЫЗ

Басын терезеден шығарып қоюға рұқсат еткіңіз келсе де, салқындаудың бұл әдісі қауіпті немесе тиімсіз болуы мүмкін. Оның орнына Discovery көлігінің кондиционерін қолданып көріңіз. Дала шыжып тұрса да, кондиционерден шыққан салқын ауа ағыны итіңіздің өзін жақсы сезінуіне себеп болады.

Итіңіз жүксалғышта жататын болса, итіңіз ыстықтамауы үшін, салқындатқыш матрас қолданып көріңіз. Салқын ауа ағыны бүкіл салонға тарауы үшін, оны желдетілетін ит қалқанымен жұптап қойыңыз.

СУ БЕРІП ТҰРУ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ

Итіңіз шөлдегенін айта алмайды, сондықтан су беретін мерзімді алдын ала жоспарлаған жөн. Көлігіңізге жиналмалы табақ салып қойыңыз және ара-тұра тоқтап, су беріп тұрыңыз. Discovery көлігінің жүксалғышы — су бөтелкесі және тіскебасарлар сияқты итіңізге қажетті заттарды сақтауға таптырмайтын орын.

Кәсіби мамандардың кеңесі: Итіңіз жақсы көретін тамақпен бірге толтыруға болатын резеңке ойыншықты қатырып қойыңыз. Бұл — жолда итіңіздің ойнауы және салқындауы үшін таптырмайтын әдіс.

САПАРЫҢЫЗДЫ ОЙЛАСТЫРЫҢЫЗ: ТАЙМИНГ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ

Күннің салқындау кезінде (таңсәрі немесе кешкі уақыт) жолға шықсаңыз, итіңіз де жайлы жатады, сапарыңыз да сәтті болады. Discovery көлігінің біркелкі жүрісі мен салонның ішіндегі тыныштық итіңізге өзін жайлы сезінуіне себеп болады.

ЕҢ БАСТЫСЫЗ — ҚАУІПСІЗДІК

Көлік жүргізгенде міндетті түрде қауіпсіздік белдігін тағып отыратыныңыз секілді итіңіздің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңіз керек. Кенет тоқтап қалған жағдайда итіңіздің қауіпсіздігі үшін краш-тестен өткен өңмендік немесе ауа кіріп тұратын тор пайдаланыңыз. Discovery көлігіңіздің әмбебап интерьері осы аксессуарларды орнатуға мүмкіндік беріп, итіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

ИТІҢІЗДІҢ САЛҚЫНДАУЫНА КӨМЕКТЕСЕТІН АКСЕССУАРЛАР

Discovery көлігіңіз итке жайлы жол талғамайтын көлік болуы үшін, онда мынадай аксессуарлар болуы керек:

  • Салқындатқыш матрастар: жүксалғышқа немесе артқы орындықтарға таптырмайтын нәрсе
  • Итке арналған ауа кіретін тор: итіңіз қауіпсіз әрі ауа айналымы жақсы жерде болады
  • Суға арналған жиналмалы табақтар: сақтауға және жолда пайдалануға ыңғайлы
  • Салқындатқыш банданалар немесе футболкалар: ыстық күндері пайдалануға ыңғайлы әрі стильді киімдер

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Ыстық өту белгілері (тыныстың жиіленуі, сілекейдің бөлінуі немесе координацияның жоғалуы) байқалса, бірден шара қолданыңыз. Итіңізді көлеңке жерге апарып, аздап салқын су беріңіз және дымқыл сүлгімен орап қойыңыз. Егер симптомдар кетпесе, дереу ветеринарға жүгініңіз.

ҚАУІПСІЗ САПАР ҮШІН ҮРУ

Итіңізбен саяхаттап жүргенде ҮРУДІ ұмытпаңыз:

  • Жүйелі түрде тоқтап, демалу керек
  • Су жеткілікті болуы шарт
  • Қауіпсіздік үшін байлап қою керек
  • Барлығынан бұрын салқын жерде ұстау керек

Осы кеңестерді және Discovery көлігінің инновациялық функцияларын пайдалансаңыз, ауа райы қандай болса да, сіз де, итіңіз де сапардан ләззат алады.

Итіңіз — отбасыңыздың бір мүшесі, ал Discovery көлігі — оларды қауіпсіз, жайлы әрі бақытты қыдыртуға арналған мінсіз отбасылық жол талғамайтын көлік.

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

ОТБАСЫЛЫҚ ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІКТЕРДІ ҚАРАП ШЫҒЫҢЫЗ

Отбасы қажеттіліктерін ескере отырып жасалған Discovery көлігі — шынымен әмбебап жол талғамайтын көлік.

ЖЕТІОРЫНДЫ ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ

Жеті орындық жол талғамайтын көліктер туралы көбірек біліңіз.

DISCOVERY КӨЛІГІҢІЗ ҮШІН ЖАЙЛЫ АВТОКРЕСЛО ТАБЫҢЫЗ

Осы ыңғайлы нұсқаулықты пайдаланып, балаңыз үшін дұрыс автокресло таңдаңыз.