Отбасыңызбен сапарға шыққан кезде, Discovery көлігінен сенімді серік таппайсыз. Іші кең, әмбебап әрі отбасылық қажеттіліктер ескеріле отырып жасалған Discovery көлігі кез келген сапардың қауіпсіз әрі жайлы болуын қамтамасыз етеді. Дегенмен сапарға балаларыңызбен бірге шыққанда, жол талғамайтын көлікті дұрыс таңдау қаншалықты маңызды болса, автокресло таңдау да соншалықты маңызды. Нәрестеге арналған автокресло орнатуға ең жайлы жол талғамайтын көлік іздесеңіз де, үш автокресло орнату керек болса да немесе Discovery көлігіңіз отбасыңыздың қажеттіліктеріне жарасын десеңіз де, бұл нұсқаулық автокреслоларға қатысты барлық ақпаратты ұсынады.

АВТОКРЕСЛО ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТ

Қазір автокреслолардың түрі өте көп болғандықтан, дұрысын таңдау оңайға соқпасы анық. Автокресло таңдағанда, алдымен мыналарды ескерген жөн:

АРТҚА ҚАРАП ТҰРАТЫН АВТОКРЕСЛОЛАР (0/0+ ТОБЫ)

Жаңа туған нәрестелер мен 13 кг-ға дейінгі сәбилерге арналған бұл автокреслолар артқа қарап тұратындықтан, балаңыздың басын, мойнын және омыртқасын қорғайды. Discovery көлігіңіздегі ISOFIX анкерлерінің арқасында автокреслоны жылдам әрі қауіпсіз орната аласыз.

АЛҒА ҚАРАП ТҰРАТЫН АВТОКРЕСЛОЛАР (1-ТОП)

Салмағы 9–18 кг болатын балаларға арналған бұл автокреслолар бес жерден бекітіледі, соның арқасында қауіпсіздігі артады. Discovery көлігінің артқы орындықтары кең әрі басқойғыштары реттелетіндіктен, бұл автокреслолар оңай сыйып кетеді және артта отырған адамға ешқандай ыңғайсыздық тудырмайды.

КӨПШІКТЕР (2/3-ТОП)

Жасөспірім балаларыңыз үшін қосымша орындықтар ересектерге арналған қауіпсіздік белдігін дұрыс тағуға мүмкіндік береді. Discovery көлігіндегі орындықтың асты көтеріліп тұратындықтан, балаларыңыз жолды көріп отырады және ұзақ сапарда мазасызданбайды.

DISCOVERY КӨЛІГІҢІЗ ҮШІН ЕСКЕРЕТІН НЕГІЗГІ ЖАЙТТАР

Discovery көлігіңізге автокресло таңдағанда мынадай факторларды ескеру керек:

ISOFIX ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ

Discovery көлігі ISOFIX анкерлік бекіту нүктелерімен жабдықталған, сондықтан қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбай-ақ, автокреслоларды қауіпсіз әрі оңай орната аласыз. Оңай реттеу үшін ISOFIX коннекторлары бар автокреслоларды іздеңіз.

КЕҢ ИНТЕРЬЕР

Discovery көлігінің іші кең болғандықтан, басқа жолаушыларға жайсыздық туғызбастан, бірнеше автокреслоны орната аласыз. Бір автокресло орнатсаңыз да, үш көпшік қойсаңыз да, Discovery көлігінде ешқандай қиындық туындамайды.

ЕҢ БАСТЫСЫЗ — ҚАУІПСІЗДІК

Жергілікті қауіпсіздік стандарттарына сай келетін және жіті сынақтан өткен автокреслоларды ғана таңдаңыз. Мықты шасси және қапталдан ұрған соққылардан қорғау жүйесі сияқты Discovery көлігінің озық қауіпсіздік функциялары автокреслоңызбен үйлесімді жұмыс істеп, балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

DISCOVERY КӨЛІГІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН ЕҢ ЖАҚСЫ АВТОКРЕСЛОЛАР

Отбасыңызбен сапарға шығуға арналған ең жақсы ұсыныстарымызды төменде көрсетіп қойдық:

НӘРЕСТЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АВТОКРЕСЛОЛАР: АРТҚА ҚАРАП ТҰРАТЫН ISOFIX АВТОКРЕСЛОЛАРЫ

Балаңыздың дұрыс отыруы үшін, 40–45 градус шалқаятын автокреслоларды таңдаңыз. Discovery көлігінің артқы едені тегіс болғандықтан, автокреслоларға мызғымас негіз болады.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АВТОКРЕСЛОЛАР: ТҮРЛЕНДІРУГЕ БОЛАТЫН АВТОКРЕСЛОЛАР

Бұл автокреслолар балаңызбен бірге өсіп, артқа қарап тұратын автокреслодан алға қарап тұратын автокреслоға өзгереді. Discovery көлігінде отыру опцияларын өзгертуге болатындықтан, балаңыз өскеніне қарай реттеп отырасыз.

ҮШ АВТОКРЕСЛОҒА ЖАРАЙДЫ: ЖҰҚА ЖОБАЛАНҒАН ДИЗАЙН

Егер үш автокресло орнату керек болса, орынды барынша үнемдеу үшін жұқа үлгілерін алыңыз. Орындықтары үш қатардан тұратындықтан, Discovery көлігінде бәріне орын табылады.

САПАРҒА ҚИЫНДЫҚСЫЗ ШЫҒУҒА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕР

ЖАЙЛЫРАҚ БОЛУЫ ҮШІН АКСЕССУАРЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Сапар барысында балаңыздың іші пыспауы үшін және оны ұдайы бақылап отыруыңыз үшін, Discovery көлігінде артқы орындық айналары және планшет қойғыш сияқты түрлі аксессуарлар бар.

ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ

Автокреслоға қатысты ережелер әр аймақта әртүрлі болады, сондықтан сіз таңдаған автокресло жергілікті заңдардың талаптарына сай келетініне міндетті түрде көз жеткізіңіз.

БҰРЫН ҚОЛДАНЫЛҒАН АВТОКРЕСЛОЛАРДЫ САТЫП АЛМАҢЫЗ

Ақша үнемдегеніңізбен, қолданылған автокреслолардың көрінбейтін зақымдары болуы немесе кейбір бөлшегі болмауы мүмкін. Барынша қауіпсіз болуы үшін, жаңа автокреслоға ақшаңызды аямаңыз.

ҚОРЫТЫНДЫ ОЙЛАР

Discovery көлігіңізге шап-шақ келетін автокреслоны табу қиындық туғызбау керек. Балаңыздың қажеттіліктерін ескеріп және қауіпсіздік пен Discovery көлігіндегі отбасылық функцияларға басымдық бере отырып, балапандарыңызға қауіпсіз әрі жайлы орын жасай аласыз. Сонымен белдіктеріңізді тағып, жолға шығыңыз. Discovery көлігінің арқасында отбасылық сапарыңыз естен кетпес оқиғаларға толы болады.

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

ОТБАСЫЛЫҚ ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІКТЕРДІ ҚАРАП ШЫҒЫҢЫЗ

Отбасы қажеттіліктерін ескере отырып жасалған Discovery көлігі — шынымен әмбебап жол талғамайтын көлік.

ЖЕТІОРЫНДЫ ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ

Жеті орындық жол талғамайтын көліктер туралы көбірек біліңіз.

DISCOVERY КӨЛІГІҢІЗДЕГІ ИТІҢІЗГЕ САЛҚЫН ЖЕР ТАУЫП БЕРІҢІЗ

Күн қайнап тұрса да, Discovery көлігімен сапарға шығып, итіңізге жайлы жағдай жасаңыз.