INCONTROL ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІ

АВТОКӨЛІК АЙДАУ МЕН ТҰРАҚҚА ҚОЮДЫ АНАҒҰРЛЫМ ОҢАЙ ӘРІ ҚАУІПСІЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН ФУНКЦИЯЛАР ҚАТАРЫН ТАҢДАҢЫЗ

ЖҮРГІЗУ

ЕСКЕРТУЛЕР МЕН ХАБАРЛАМАЛАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ
ЖҮРГІЗУ

ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ФУНКЦИЯЛАРЫ

InControl жүйесінде Land Rover мүмкіндіктерін толық ашуға және кез келген бағытта жүргізуді барынша қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін стандартты және опционалды жүргізушіге көмек көрсету функциялары қамтылған. Дилермен ақылдасып, дәл өзіңізбен мінсіз үйлесетін опцияларды таңдаңыз.

ДЕРБЕС ШҰҒЫЛ ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ

ДЕРБЕС ШҰҒЫЛ ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ

Шұғыл тежеу жүйесі басқа көлік құралдарымен соқтығысудың алдын алуға көмектеседі. Ол ықтимал қауіп туралы ескертеді және егер жүргізуші ешқандай шара қолданбаса, тежеуішті автоматты түрде іске қосады.*.
ҚОЗҒАЛЫС ЖОЛАҒЫН ҰСТАУ ЖҮЙЕСІ

ҚОЗҒАЛЫС ЖОЛАҒЫН ҰСТАУ ЖҮЙЕСІ

Қозғалыс жолағын ұстау жүйесі автокөліктің бастапқы траекториядан байқаусыз ауытқып кеткенін анықтап, автокөлікті жолаққа бірқалыпты қайтару үшін рульмен басқаруды іске қосады.
ЖҮРГІЗУШІНІҢ ШАРШАУ ДӘРЕЖЕСІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ

ЖҮРГІЗУШІНІҢ ШАРШАУ ДӘРЕЖЕСІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ

Жүргізушінің шаршағанын бақылау жүйесі жағдайыңызды қадағалап, тоқтап тынығып алуға уақытылы кеңес береді.
ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ТАНУ ЖҮЙЕСІ

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ТАНУ ЖҮЙЕСІ

Аспаптар тақтасында жылдамдық шектеулерін және басып озуға тыйым салу таңбаларын көрсетеді.
ТЫҒЫЗ КӨЛІК АҒЫНЫНДА ҚОЗҒАЛУ КЕЗІНДЕ КӨМЕКТЕСУ ФУНКЦИЯСЫ БАР БЕЙІМДЕЛЕТІН КРУИЗ-КОНТРОЛЬ

ТЫҒЫЗ КӨЛІК АҒЫНЫНДА ҚОЗҒАЛУ КЕЗІНДЕ КӨМЕКТЕСУ ФУНКЦИЯСЫ БАР БЕЙІМДЕЛЕТІН КРУИЗ-КОНТРОЛЬ

Автокөлігіңіз көлік ағынының баяулауына автоматты түрде бейімделуі үшін қозғалыс жылдамдығын және алдағы көлік құралына дейінгі арақашықтықты белгілеңіз.
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ШҰҒЫЛ ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ШҰҒЫЛ ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ

Камералар белгілі бір диапазонда қауіпті анықтағанда, соқтығысу туралы дыбыстық ескерту беріледі және тежеу механизмдері автоматты түрде іске қосылады.
ЖОЛАҚТЫ АУЫСТЫРУ КЕЗІНДЕ ЖОЛ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ КӨМЕКШІ ФУНКЦИЯСЫ

ЖОЛАҚТЫ АУЫСТЫРУ КЕЗІНДЕ ЖОЛ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ КӨМЕКШІ ФУНКЦИЯСЫ

Тиісті артқы көрініс айнасындағы жыпылықтағыш белгі соқыр аймақтағы немесе оған жылдам жақындап келе жатқан кедергілер туралы ескертеді.
АРТҚЫ ЖҮРІСПЕН ҚОЗҒАЛҒАН КЕЗДЕ СОЛ ЖАҚТАН / ОҢ ЖАҚТАН ЖАҚЫНДАП КЕЛЕ ЖАТҚАН АВТОКӨЛІКТЕРДІ АНЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ

АРТҚЫ ЖҮРІСПЕН ҚОЗҒАЛҒАН КЕЗДЕ СОЛ ЖАҚТАН / ОҢ ЖАҚТАН ЖАҚЫНДАП КЕЛЕ ЖАТҚАН АВТОКӨЛІКТЕРДІ АНЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ

Жүйе автокөліктер, жаяу жүргіншілер немесе автокөліктің кез келген жағынан жақындап келе жатқан басқа да қауіптер туралы ескертеді. Ол шолу бұғаттаулы болса да, арт жақта кедергілердің бар екенін хабарлап, дыбыстық та, визуалды да ескертулер береді.

ТҰРАҚҚА ҚОЮ

ОРЫН ТАУЫП, ОП-ОҢАЙ ТҰРАҚҚА ҚОЙЫҢЫЗ
ТҰРАҚҚА ҚОЮ

ТҰРАҚҚА ҚОЙҒАН КЕЗДЕГІ КӨМЕК ФУНКЦИЯЛАРЫ

Заманауи мегаполистегі шектеулі кеңістік жағдайларында да Land Rover автокөлігіңізде маневр жасауды оңайлатады. Дилермен ақылдасып, дәл өзіңізбен мінсіз үйлесетін опцияларды таңдаңыз.

АВТОКӨЛІК ПЕРИМЕТРІ БОЙЫНША ОРНАЛАСҚАН ТҰРАҚҚА ҚОЮ ДАТЧИКТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ

АВТОКӨЛІК ПЕРИМЕТРІ БОЙЫНША ОРНАЛАСҚАН ТҰРАҚҚА ҚОЮ ДАТЧИКТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ

Алдыңғы, артқы және бүйірлік тұраққа қою датчиктері шынайы уақыт режимінде дыбыстық және визуалды кері байланыспен қамтамасыз етіп, кедергілерге қаншалықты жақын тұрғаныңызды көрсетеді.
ТҰРАҚҚА ҚОЮ АВТОПИЛОТЫ

ТҰРАҚҚА ҚОЮ АВТОПИЛОТЫ

Автокөлігіңіз тұрақ орнын іздеп, параллельді немесе перпендикулярлы тұраққа қоюды іске асырып жатыр, ал сіз тежегіш педалімен жылдамдықты және қозғалыс бағытын басқарып, селекторды тиісті күйге ауыстырасыз.
АЙНАЛА ШОЛУ ЖҮЙЕСІ

АЙНАЛА ШОЛУ ЖҮЙЕСІ

Жиектас жанында тұраққа қоюдан бастап, тар жерлер мен қиылыстар өтпесіне кіру мен шығуға дейін — түрлі маневрлерді орындауға көмектесіп, сенсорлы дисплейге автокөлік кескінін шығарады.
АВТОКӨЛІКТЕН ҚАУІПСІЗ ШЫҒУДЫ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯСЫ

АВТОКӨЛІКТЕН ҚАУІПСІЗ ШЫҒУДЫ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯСЫ

Артқы есіктеріндегі сигнализаторлардың жыпылықтауы арқылы ықтимал қауіп туралы ескертіп, салоннан шыққан кезде есіктердің қауіпсіз ашылуын қамтамасыз етеді.
  • Шұғыл тежеу жүйесі жоғары жылдамдықта қосулы және 10-160 км/сағ диапазонында жұмыс істейді.
    InControl жүйесінің сипатталған функцияларының кейбіреулері опционалдық болуы немесе белгілі қозғалтқыштары бар кейбір нарықтар мен автокөліктер үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Қолжетімділік пен толық шарттар туралы ақпаратты Land Rover дилеріңізден нақтылаңыз. Кейбір функциялар қолайлы тарифі бар тиісті SIM-карталарды қолдануды талап етеді. Дилеріңіз ұсынған бастапқы мерзім аяқталған соң жазылымды ұзарту қажет. Ұялы желінің барлық жерде қолжетімді болуына кепілдік берілмейді.