ТҰРАҚҚА ҚОЮ АВТОПИЛОТЫ

ТҰРАҚҚА ҚОЮ АВТОПИЛОТЫ

Бұл көмекші автотұраққа қауіпсіз кіру және шығу үшін қажетті кейбір маневрлерді автоматтандыру арқылы қалада тұраққа қоюды жеңілдетуге арналған.



Тұраққа қою көмекші жүйесі параллель және перпендикуляр тұраққа қоюға ғана емес, сонымен қатар тұрақ орнынан шығуға да көмектеседі.

Қосылған тұраққа қою көмекші жүйесі қозғалыс кезінде қолайлы тұрақ орнын табу үшін Land Rover периметрі бойынша орналасқан сенсорларды пайдаланады. Автокөлігіңіздің өлшемдерінен 20 % асатын бос орынды анықтағаннан кейін, жүйе сенсорлық экранға тоқтап, рульді жіберуді және артқа жүру берілісін қосуды сұрайтын хабарды шығарады. Содан кейін ол басқаруды өзіне алады. Егер өзіңіз басқарсаңыз, жүйе өшеді.

Ол кедергілермен және басқа автокөліктермен соқтығысудан автоматты түрде аулақ жүреді, бірақ жақын жерде балалар мен жануарлардың бар-жоғын мұқият қадағалап отыруыңыз керек. Үдеткі мен тежегіш педальдері сіздің басқаруыңызда қалады, сондықтан сіз қозғалыс жылдамдығын реттеп, қажет болған жағдайда тоқтай аласыз.


Қозғалыс бағытын өзгерту қажет болса, жүйе тоқтап, тиісті берілісті таңдауды сұрайды. Ол әлі де Land Rover автокөлігіңізді тұрақ орнына ұқыпты орналастыру үшін рульді басқарады.

Үш режимі бар: «параллель тұраққа қою» режимі автокөлікке параллель орналасқан орынға артқы жүріспен тұруға көмектеседі, «перпендикуляр тұраққа қою» режимі автокөлікті 90 градус бұрышта бос орынға ұқыпты орналастырады, ал «тұрақтан шығу» режимі тұрақ орнынан қауіпсіз кетуге көмектеседі.

Тұраққа қою көмекші жүйесінде автоматты іздеу функциясын іске қосу үшін жылдамдықты 30 км/сағ дейін төмендетіңіз. Сондай-ақ, тұраққа қою көмекші жүйесін сенсорлық экран арқылы қосуға болады. Түймені басу арқылы қажетті режимді таңдауға — параллель тұраққа қою, перпендикуляр тұраққа қою, тұрақтан шығу — немесе жүйені өшіруге болады.

Бұл әсіресе тұрақ орнын табу қиын міндетке айналған қала жағдайларында ыңғайлы. Жүйе сізге тым кішкентай болып көрінуі мүмкін орындарды да көрсетеді. Ол қалада тұраққа қоюдың ажырамас бөлігіне айналған ойықтар мен сызаттардан аулақ болып, автокөлігіңізді тұраққа қояды.

Жүйе еңіс жерде тұраққа қою кезінде көмектеспейді және оны тар, екі жағында көліктер тұрған көшелерде пайдалану толығымен қауіпсіз болмайды. Тұрақта тұрған автокөліктер арасындағы бос кеңістіктің ені кемінде 4,5 метр болуы қажет.

Жүйе тұрақта тұрған автокөліктер сияқты үлкен нысандарды ажыратады, бірақ жануарлар, кішкентай балалар, қоршаулар, велосипедтер және мопедтер сияқты жиектас маңындағы басқа қауіптерді байқамауы мүмкін. Тұраққа қою көмекші жүйесін пайдаланып маневр жасау кезінде назар салып, автокөліктің айналасында не болып жатқанын бақылаңыз. Тіркемені сүйресеңіз, тұраққа қою көмекші жүйесі өшеді.


ТҰРАҚҚА ҚОЮ КЕЗІНДЕГІ ҚОСЫМША КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕР



АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ ТҰРАҚҚА ҚОЮ ДАТЧИКТЕРІ
Шектеулі кеңістікте қауіпсіз тұраққа қоюға көмектесу үшін камералар сенсорлық экранға автокөліктің алдыңғы және артқы жағындағы аймақтың көрінісін және дыбыстық және визуалды сигналдарды береді.

АВТОКӨЛІК ПЕРИМЕТРІ БОЙЫНША ОРНАЛАСҚАН ТҰРАҚҚА ҚОЮ ДАТЧИКТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Алдыңғы, артқы және бүйірлік тұраққа қою датчиктері шынайы уақыт режимінде дыбыстық және визуалды кері байланыспен қамтамасыз етіп, кедергілерге қаншалықты жақын тұрғаныңызды көрсетеді.

АВТОКӨЛІКТЕН ҚАУІПСІЗ ШЫҒУДЫ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯСЫ
Артқы есіктеріндегі сигнализаторлардың жыпылықтауы арқылы ықтимал қауіп туралы ескертіп, салоннан шыққан кезде есіктердің қауіпсіз ашылуын қамтамасыз етеді.

InControl жүйесінің сипатталған функцияларының кейбіреулері опционалдық болуы немесе белгілі қозғалтқыштары бар кейбір нарықтар мен автокөліктер үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Қолжетімділік пен толық шарттар туралы ақпаратты Land Rover дилеріңізден нақтылаңыз. Кейбір функциялар қолайлы тарифі бар тиісті SIM-карталарды қолдануды талап етеді. Дилеріңіз ұсынған бастапқы мерзім аяқталған соң жазылымды ұзарту қажет. Ұялы желінің барлық жерде қолжетімді болуына кепілдік берілмейді.