PIVI ЖӘНЕ PIVI PRO ҚОЛДАУЫ

LAND ROVER-ДІҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚОСЫЛҒАН СЕРВИСТЕРІН ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ

ЖҰМЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ

INCONTROL ЖҮЙЕСІН БАПТАУ
БАПТАУ ШЕБЕРІНІҢ НҰСҚАУЛАРЫН ОРЫНДАҢЫЗ

ӨЗ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫҢЫЗДЫ ЖАЛҒАҢЫЗ

ӨЗ СМАРТФОНЫҢЫЗДЫ ЖАЛҒАҢЫЗ

ӨЗ СМАРТФОНЫҢЫЗДЫ ЖАЛҒАҢЫЗ

Smartphone Pack пакетінің көмегімен Pivi және Pivi Pro жүйелері арқылы смартфон қолданбаларын қауіпсіз әрі қолайлы қолдана аласыз.1 Қосылуға келесі интерфейстер қолжетімді:

Apple CarPlay® 3
Android AutoТМ 4

Apple CarPlay® арқылы қосылған жағдайда 3iPhone-ыңызға iOS-тың соңғы нұсқасының орнатылғанына және Siri® дауысты көмекшісінің қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Android AutoТМ 4арқылы қосылған жағдайда құрылғыңызға Android Auto-ның соңғы нұсқасының орнатылғанына және Google дауысты көмекшісінің қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғыны сертификатталған USB кабелінің көмегімен орталық консольдің ұсақ-түйек бөліміндегі ағытпаға жалғаңыз.
InControl Remote қолданбасын жүктеп алуыңызға және онда өз есептік5 жазбаңызбен авторизациядан өтуіңізге болады. Бұл сізге қай жерде жүргеніңізге қарамастан, автокөлікпен қашықтан өзара әрекет жүргізуге мүмкіндік береді. InControl Remote қолданбасын5 Apple және Android құрылғыларына тегін жүктеп алуға болады. Remote App қолданбасының соңғы нұсқасын AppStore-дан немесе Google Play Store-дан жүктеп алыңыз.

APPLE IOS-ҚА АРНАЛҒАН НҰСҚАНЫ ЖҮКТЕУ ANDROID-ҚА АРНАЛҒАН НҰСҚАНЫ ЖҮКТЕУ













IGUIDE

iGuide қолданбасы пайдалану нұсқаулығының цифрлық нұсқасын қамтиды және сіздің жаңа Land Rover-іңіз бен InControl жүйеңіз бойынша виртуалды гидтің қызметін атқарады. Ол автокөліктің функцияларын, мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін үйренуге көмектесуге арналған цифрлық материалдарды смартфон экранына шығаруға мүмкіндік береді. Land Rover iGuide қолданбасы AppStore-да немесе Google Play Store-да жүктеп алуға қолжетімді.

ЖҰМЫСТЫ БАСТАМАС БҰРЫН

Автокөлігіңіздің VIN кодын көрсету қажет.
Компьютеріңізге Map Downloader қолданбасының Apple немесе Windows операциялық жүйесіне арналған нұсқасын жүктеп алыңыз.
Карталарды тасымалдау үшін USB-жинақтағышты дайындаңыз.

СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

НАВИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІНІҢ КАРТАЛАРЫН ҚАЛАЙ ЖАҢАРТУҒА БОЛАДЫ?

Навигация жүйесінің қосылған сервистеріне белсенді жазылған болсаңыз,1карталар автоматты түрде жаңартылады. Жазылу әдетте бастапқы кепілдік кезеңінде қосылып тұрады, жазылуды ұзарту карталардың жаңартылуын автоматты түрде жалғастыруға мүмкіндік береді.

BLUETOOTH АРҚЫЛЫ ҚАНША ҚҰРЫЛҒЫ ҚОСЫЛУЫ НЕМЕСЕ ҰШТАСТЫРЫЛУЫ МҮМКІН?

Жалпы Bluetooth арқылы жүйемен 10 құрылғыны ұштастыруға болады, соның ішінде олардың екеуі бір мезгілде жұмыс істеп тұрады. Олар смартфондар да, басқа мультимедиа құрылғылары да болуы мүмкін. Pivi/Pivi Pro жүйесімен ұштастырылған бірінші1 құрылғы негізгі құрылғы болады. Бұны баптаулардан өзгертуге болады. Ол үшін Settings > All > Connectivity > Bluetooth > (Баптаулар> Бәрі > Байланыс > Bluetooth >) тармағын таңдаңыз да, өзгерткіңіз келетін құрылғыны түртіңіз.

INCONTROL СЕРВИСТЕРІНІҢ ӘРЕКЕТІН ҚАЛАЙ ҰЗАРТУҒА БОЛАДЫ?

InControl сервистерінің әрекет ету мерзімі аяқталған кезде сізге ұзартуға арналған сілтемесі бар электронды хат келеді. Егер сізге бұл хат келмесе немесе сілтеменің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болса, клиенттік қызметке хабарласыңыз.

ӨЗ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІМДІ ҚАЛАЙ ӨШІРУГЕ БОЛАДЫ?

Автокөлікті сатар алдында InControl есептік жазбасынан автокөлік туралы деректерді өшіру қажет. InControl порталына өтіңіз, экранның оң жақ бөлігінен Vehicle Setting (Автокөлік баптаулары) түймесін таңдаңыз да, Remove Vehicle (Автокөлікті өшіру) мәзірін түртіңіз. Автокөлік туралы барлық деректерді InControl есептік жазбасынан өшіру үшін Remove Vehicle (Автокөлікті өшіру) түймесін түртіңіз. Сізге InControl есептік жазбасының құпия сөзін енгізу ұсынылады. Pivi/Pivi Pro жүйесінде1өшірілетін профильді таңдау үшін Settings > All > Profile Settings (Баптаулар > Бәрі > Профиль баптаулары) тармағын таңдаңыз. Егер қолданыста болған автокөлікті жақында сатып алған болсаңыз, сатушыға хабарласыңыз.

МОБИЛЬДІ ДЕРЕКТЕР ЖІБЕРУ ҮШІН SIM-КАРТА САТЫП АЛУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Жоқ, автокөлігіңіз кіріктірілген SIM-картамен жабдықталған, ол келесілерді қолдануға мүмкіндік береді:

1.    Навигация жүйесінің қосылатын функциялары/сервистері1

Бұл сервистер қолданыстағы жазылымның болуын қажет етеді. Мобильді деректерді жіберудің құны жазылымға кіргізілген, сондықтан оның әрекет ету мерзімінде қосымша тарифтік жоспарлар немесе SIM-карталар қажет емес.

ВИРТУАЛДЫ АСПАПТАР ТАҚТАСЫНДАҒЫ КАРТАНЫҢ КӨРІНІСІН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТУГЕ БОЛАДЫ?

Виртуалды аспаптар тақтасының жинағын өзгерту үшін рульдегі басқару тетіктерінің көмегімен баптаулар мәзіріне өтіңіз. Модельге байланысты виртуалды аспаптар тақтасының қосымша баптаулары қолжетімді болуы мүмкін. Оларға қолжетімділікті Pivi Pro бас мәзірінен алуға болады: Settings > Navigation > Driver Display (Баптаулар > Навигация > Виртуалды аспаптар тақтасы).

КЕЛЕСІ ҚАДАМ ҚАНДАЙ?

MY LAND ROVER INCONTROL ВЕБ-САЙТЫ

MY LAND ROVER INCONTROL ВЕБ-САЙТЫ

Өз InControl есептік жазбаңызға кіріңіз.
DEFENDER-МЕН ТАНЫСУ

DEFENDER-МЕН ТАНЫСУ

Көп нәрсеге қабілетті, бәріне дайын.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөліктің жинақтамасына (модификацияларға және күштік агрегатқа) байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.

Жүргізушіге мультимедиалық функцияларды пайдалануға тек қауіпсіз болған жағдайда рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.

Pivi және InControl функциялары мен опцияларының, сондай-ақ бөгде жеткізушілер қызметтерінің қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз үшін қолжетімділік пен толық талаптар туралы ақпаратты Land Rover ресми дилерінен біліңіз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін.

Apple CarPlay — Apple Inc. компаниясының сауда маркасы. Apple Inc. компаниясының соңғы пайдаланушы талаптары қолданылуы мүмкін.

Android Auto — Google LLC компаниясының сауда маркасы.

1Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Land Rover ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.
3Автокөлігіңізде Apple CarPlay жүйесін пайдалануға болады. Apple CarPlay ұсынатын сервистер еліңіздегі функциялардың қолжетімділігіне байланысты. Қосымша ақпаратты www.apple.com/uk/ios/feature-availability/#apple-carplay парақшасынан қараңыз.

4Автокөлігіңізде Android Auto жүйесін пайдалануға болады. Android Auto ұсынатын сервистер еліңіздегі функциялардың қолжетімділігіне байланысты. Толығырақ ақпаратты www.android.com/auto/ парақшасынан қараңыз.

5Remote-қа жазылым бойынша сервистер кіреді, бұл қызметтің мерзімі Land Rover дилеріңіз ұсынған бастапқы мерзім өткен соң ұзартылуы мүмкін. Remote қолданбасын Apple App Store немесе Google Play Store дүкенінен жүктеп алу қажет.