БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖАҢАРТУ

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖАҢАРТУ

ӘРДАЙЫМ БАЙЛАНЫСТА, ӘРДАЙЫМ ЖАҢАРТЫЛҒАН КҮЙДЕ

Жоғары технологиялық Land Rover жүйесі смартфоныңыз сияқты қашықтан жаңартылып отырады. Бағдарламалық құралды «әуемен» жаңарту технологиясының арқасында автокөлігіңіздің жүйелері әрдайым өзекті күйде, ал автокөлігіңіз кез келген шытырман оқиғаларға дайын болады. Орнатылған Land Rover деректерді беру жүйесімен бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын тегін жүктеп алуға болады. Бірден жаңарту міндетті емес — сіз жаңартуды алдағы екі аптаның ішіндегі өзіңізге қолайлы уақытқа жоспарлай аласыз.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЖАҢАРТУДЫ ҚАЛАЙ ОРНАТАДЫ

1-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫ ІСКЕ ҚОСУ

1-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫ ІСКЕ ҚОСУ

Жаңарту қолжетімді болған кезде сенсорлы экранға мынадай екі опциясы бар хабарлама шығады: «Қазір жаңарту» немесе «Жоспарлап қою». Қажет болса, жаңартуды жалғастыру үшін ережелер мен алаптарды қабылдаңыз.
2-ҚАДАМ — ОРНАТУ

2-ҚАДАМ — ОРНАТУ

Жаңартуды бастауға дайын болсаңыз, «Қазір жаңартуды» басыңыз. Кейбір жаңартуларды орындау үшін қозғалтқышты өшіру, автокөлікті кілттеу және дабыл жүйесін қосу талап етілуі мүмкін. Бұл жағдайда Сіз жаңартуды орнатқан кезде, автокөлікті пайдалана алмайсыз. Land Rover автокөлігіңіз сізге мұндай жаңартуларды орнату қажеттігі туралы хабарлайды.
3-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫҢ УАҚЫТЫН БАПТАУ

3-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫҢ УАҚЫТЫН БАПТАУ

Егер жаңарту қозғалтқышты өшіруді талап етсе, сіз өзіңізге ыңғайлы жаңарту уақытын баптай аласыз. Жаңарту уақытын жақын арадағы екі аптаның ішіне жоспарлауға болады.
4-ҚАДАМ — АЯҚТАУ

4-ҚАДАМ — АЯҚТАУ

Жаңартуды аяқтағаннан кейін сенсорлы экранға орнатудың сәтті аяқталғаны туралы хабарлама шығады. Енді сіз Land Rover көлігіңіздің ең жаңа бағдарламалық құралын пайдалана аласыз.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ЖАҢАРТУЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТПЕ

Төменде келтірілген сілтемелерді қолдана отырып бағдарламалық құралдың әрбір жаңартуының мазмұнымен танысыңыз:

БӘРІН АШУ
OS 2.0.4
OS 2.0.5
OS 2.0.6
OS 2.0.7
OS 2.0.8

ҮЗДІКСІЗ ЖАҢАРТУЛАР

Бағдарламалық құралдың көптеген жаңартулары үшін орнатуды бастау алдында растау талап етіледі. Бірақ кейде сіздің Land Rover автокөлігіңіз қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе жүйелерге техникалық қызмет көрсету үшін жүйелерді автоматты түрде жаңартады. Автоматты жаңартуларды қосу үшін ештеңе істеуіңіздің қажеті жоқ. Сіз сенсорлы экранда автоматты түрде жаңартулар туралы ешқандай хабарламаны көрмейсіз және автокөлікті әдеттегідей жүргізе бере аласыз.